ҒЫЛЫМДЫ БОЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

       «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы», деген Әл-Фараби атамыз. Үш тұғырлы тілмен білім алып ғылымды болу дегеніміз, жанның өркениетін тәрбиесін меңгеру болмақ. Үш тілдің ішінде тек ана тілінде ғана ақылдың тәрбиесі, діл білІмі болатыны хақ. Олай болса, ана тілі өзге тілдермен келген білімдердің бәрін жоғары тұрып; ұлтымызға келтіретін тәлім, тәрбиесін пайда зиянын анықтауға қызмет қылуы керек.
Ал ғылым дегеніміз сандық жүйемен байланысты, жер бетіндегі уақытты, әлемдік қозғалысты, тағдырды басқарушы ақыл-ой болып бейнеленуі керек. Адамзатқа ортақ ғылымның білімі құран болуы да сөзсіз. Бірақ өздері діннен, құранды меңгеруден бас тартқан, ғылымсыз ел билеушілер мұны қайдан түсінбек? Ғылым- адамзаттың жер бетіндегі тіршілігінің мәнін анықтаушы, зұлымдыққа түсуден шектеп, бақыттылыққа жол көрсетуші, заманға қарай пайда болған білімді адамзаттың көбейіп, өсуіне азғындыққа түсіп кетпеуіне жаратушы тарапынан бейнеленген таза ақыл нұры болуы керек.
Енді біздерден бұрынғы заман даналарының әуиелерінің ақылын неге сол қалпында ғылым қылып алып, осы замандық білімнің тіршілігіміздің, дініміздің тәрбиесі қылмасқа? Масһаб, муфтиятымыз және әлемдегі исламның барлық топтары да осымен шұғылданып жатқан жоқ па? Бірақ оның толық ғылым болып, адамзатты хайуандықтан, өз ара қырылысып, қан төгуден, талап жеуден құтқара алмағаныда белгілі жағдай. Олай болса, бұл ақылдың қысқарғанына замандық уақыттың қозғалысын, білімін басқарудан қалғанына да дәлел емес пе?
Ақылдың қуаты уақытқа ұзындығына тәуелді болып, кезіндегі даналықтардың, әулиелік пайымдаулардың қарсылығы да пайда болып, мұндай білімге айналған дайын ақылымыздың замандық қозғалыс, қылықтарды меңгеруге әлсіздік танытуы емес пе? Ақыл ақ пен қараның қарсылығынан болған қозғалысты дұрыс бағытқа жұмсауға қызмет қылмақ. құранда Алланың жібі деген. Ал бұл жібті уақыттан ажыратып қайта тарқатып қатын сияқты болмаңдар, деген Алламыздың да ескертуі барын білген жөн.
Мұндай жағдайда тек өткен шақтың уақыттың кезеңдерінде Алланың жібі болып ирілген ақылмен білімнің бірлігін бүгінгі уақыттан бөліп тастап ақысқарған ақылдылық білімге ғана сүйеніп, таза ақыл, деп қабылдап, масһабтық тура жол атап, ұлттың, мемлекетіміздің тәлім тәрбиесі қылған ел билеушілердің, білімді даналардың әділетті қоғамды құрып, халықты бақытты қылмағыда бос әурешілік болмақ. Ал діннен бастарқандарымыз, мұнан да күдер үзіп, өзге елдердің бар білімін жинап алып таза ақылды, ғылымды меңгермек болғанымызда, ібілістің ықпалына өзімізді байлап жатқанымыз болмақ.
Демек рухани жаңғырумыз керек, яғни ұзын ақыл саналықты, ойшылдықты меңгеру жолын табу керек. Ел басымыздың халықтың қысқарып қалған ақылымен уақыттың жылдамдығына ілесе алмай, алған ілімдерін де өз мақсатына пайдасына ғана жаратуға ақылдары жетпей тозғындықа ұшырап жатқанын байқағандықтан, амалсыздан ұсынған жобасы жалғандығы басым болып тұрғаны да, біліммен ғана пайымдаудан туатына да белгілі емес пе? Сондықтанда рухани жаңғырудың үлгісінде жоғарғы санаттағы ел басқарушы мансаптылардың өзі ғылымды болмаса, онда заңмен халықты малша бағып ақылды қылмақ бос әурешілік .
Қанша білімді болып, әлемнің бар салтын, білімін алғанменде ақылымызды заманға сай жетілдіре алмағанымыз, оның мүмкінде болмайтынын Абай атамыздан оқып түсінетінде уақыты өтіп кетті. Бұған негізгі себеп «гендірлік теңдік» саясатымен қыса ақылды етек басты еркектердің ел басқарудың тұтқасын ұстауына, ғалым, ғұлама болып дәріптелуіне жол беріп қойдық. Сондықтан кез келген қатын, жастың білімді жаттап алып өзінен үлкендерге де ақыл айтып, жол көрсетіп жаратылыстың заңдылығына да қарсылық білдіріп, қияметтің азабына ұшырғанымызды аңғарудан да қалдық.
Жетелік, саналық ақылды үлкен жастағылар ғана өз дәрежесінде меңгере алады дегенге кімді сендіре аламыз. Себебі үлгісі жоқ, сондықтан сана, жете туралы ұғым болуы да мүмкіне емес. Олай болса ақылсыз, мас жас пен қыз, қатындармен үлкенің дәрежесінде де айырмашылық болмауы заңды құбылыс. Мұндай қоғамда ар, ұят, намыстылық туралы ұғымда өз дәрежесінде болуы мүмкін емес. Көшедегі жастардың, қыз-қатын мастардың қылығы мен ел басқарушы, зиялы қауымың арсында шек арның алынып тасталуы да жаппай қоғамның мастығына ойдың азғындығына, өздерінің тағдырын, уақытын басқарудан ажырағанына да кепіл болады.
Адамзат өз тағдырын, уақыттын меңгере алмағанда, қылықтарымызда ақылмен басқарылудан қалып, қияметтің яғни еріксіз түрде өзгерудің басталатыны да құраннан белгілі. Уақыттың тағдырымыздың ұзындығына біздің өткен заманнан сол қалпында біліммен алған ақылмыз ілсе алмай қалғанын да аңғару да ақылға лайық болар еді. Енді ақылымызды біз өз еркімізбен уақытымыздың қозғалыс жылдамдығына, ұзындығына сай ұзартуға қабілетсіз жанжалшыл, нашар жаратылғанымызды мойындап, дін ғұлама, философ, ғалым, теолог, психолог, үлкендік жасқа жеткен білімділеріміздің Құдай ісін меңгеру жолына түсуі керек емес пе?
«Құдайсыз қурай сынбайды» деген осыдан пайда болады. Құдайдан нұрлы жолынан таза ақылдан қуатына жалғана алмасақ, жер бетінде өзіміз тұрғызған, салған нұрлы жол, нәрселерден ақыл жетіліп кетпегеніне де халықтың көзі ашылып жатқаны да хақ. Ата жолында қаншама жыл қудаланып, арсыз қауымның мүлде жоғалтуға тырысқаныменде, шынында таза ақылды қалай меңгеруге болатын, заманға қарай жетілген тәсілдерінің бүгінгі заман талабына сай әркет, амалдары да аз ғана топ болып қалыптастыруға Құдайдың өзі жәрдем бергені да хақ.
Бірақ қысқа ақылмен жалған намысқа жалғанып алғандар, мұны меңгеру жолына келе алмасы да хақ. Қалайда өздерінің соншама жыл халықты бұйытып жазған қысқа ақылға, бүгінгі жалғандыққа негізделген еңбектерін, жолдауларын қалай суға тастамақ? Олай болса; ел билеуші, мансапты білімділер мен, діншілерден құдайшылдар шыға қоймас. Дүние ісіне тереңдеп, ұйығына батпай, тегмен келеген иманын шатаққа айналдыра қоймаған бұқара халықтың арасынан және байқамай адасқан ақу, сұңқар аттылардың рухани оянатындарды күту ғана қалды. Әзірге ел басымыздың ертегілерін іске асырмақ болған әпенділікті бақылап отыра тұрамыз да… (Маусым айы 2017 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.