II-ЗІКІРДЕ КЕЛГЕН ХАБАРЛАР

    Қазіргі таңда Алланы еске алу зікірді меңгерудің ата-жолындағы үлгісі әлемдегі барлық исламдық топтардан да жоғары тұрған; Ясауи бабамыздың ізімен жүріп, Құдайдан заманымызға қарай келген хабарлармен, құдай ісін меңгерумен, қарсылық күштерге қарсы тұра білуді жетілдірумен байланысты болмақ. Сондықта бұрын аталарым былай қылған, бізде сонымен ғана жүреміз деп, заманға қарай аян, уахилермен түсірілетін, Құдайдың ісін меңгеруден бас тартқан ислам топтарына мүмкін үлгі болар, тәубеге келер, деген ниетпен көп деректерді жанның зікірдегі халінен хабарларда сол қалпында жариялап отыруды жөн көрдік.

 

Қыс айларында біздерге тазаруға келген Мақсат атты сұңқардың маңдай көзін ашу арқылы тылсымға сапарынан хабарлар;

1.Қызғыш сары жылқы келіп аспанға көтеріліп кеттім де, ол жақтан ак киімді нағашы апамды көрдім

2.Лұт пайғамбар келіп сәлем жолдады, соңғы пайғамбарымызға менің үмбеттерім аз болды, деп мағанда дұға жасандар, деп жылады .

  1. Шұғайып пайғамбар кылыш таспих берді де, өзі бұлттын үстінде бидай шашып отыр екен. Иса пайғамбарға жолықтырып, ол маған батасын берді .
  2. Дәуіт пайғамбарға жолықтырып ол маған батасын берді, темірмен байланысты ұста болуға жол ашты.
  3. Дәуіт пайгамбарымыз таға соғуда екен, келесіде бидайдын өнгеніне Шұғайып пайгамбарымыз карап отырды.(Бидай, астық өнімдерінің пірі екен)

 

  1. Дәуіт пайғамбар сауыт соғып берді. Омар халифа америка мен тайланд елдерінің үстінен бидай шашып өтті. (Бидай имандылық қуаттың белгісі екен)
  2. Дәуіт пайгамбарды көрсетті, күміс тенгелер соғып жатыр екен..
  3. Пайғамбарымыз бұлактан гаухар тасты алып, Шұғайыпка берді. Дәуіт пайгамбар күміс теңгелерді Омар халифаға беріп жатыр.
  4. Дәуіт пайғамбар куміс тенгені 13  бағытка лақтырды да және күміс тенгеден Омар халифаға сауыт жасап берді .
  5. Қожа Ахмет Яссауиден 2 кітап тусті 440 жане 840 сандары бар Ақұл аға келіп тұрды сол уакытта .

 

  1. Дәуіт пайғамбарға қайта барғанда маған 3 теңге берді. Үш тенге ішінде Мәриям , екіншісінде Мұхаммед пайғамбарымыз, үшіншісінде Абай ата суреті бар екен. Бұлардың хикметін білуге Омар халифаға жолықтырды; Мариям ана ақылдылық, саналықпен байланысты қуаттық жүйе екен. Мұхаммед пайғамбарымыз күш, қуат, қарама қарсы қарсылықтарға қарсы тұруға жігерлік, төзімділікпен байланысты болса, Абай атамыз; тәлім-тәрбие даналыққа жету екен.

12 . Шұгайып пайғамбар көктен бұлт үстінен жерге жүгері сеуіп жатыр, бұл медицинамен баланысты іш кұрылысты жүгерімен емдеуге болады екен. Жүгерінің қатайған кезінде ішек құрлыстарды емдік қасиеті болса, ал жас балауса кезінде асқазан, тоқ ішектерге ем болады екен.

 

  1. Онан кейін кездескенде күріш сеуіп, күріштің білім қуатымен байланысты екенін, күріш өнімін көп пайдаланса білімді меңгерумен, есте сақтау қасиеті артады екен.
  2. Келесі күні бұлтың үстіне тары шашып, онан кейін балықтар пайда болып, онымен қоректеніп жатты. Бұл хикметтің жағдайы ілімен, ақылмен байланысты деген түсінік келді.
  3. Дәуіт пайгамбар темірден мөр салды жүрек тесігін емдеуге болады, деді. Одан кейін «цинк негативтерді» кара күшті басады, деген түсінік келді. (Жүректегі мөрдің мырышпен бой өрісімен байланысы бар болғаны)
  4. Дәуіт пайгамбар 7 таңба берді; алтауы қазақ даласында, біреуі россияда японияда су тасу қаупі бар екен. Тайып тайпасы тозакта жатыр деген түсінік келді .

 

  1. Дәуіт пайгамбар 8 тесікті (көзді) домалак зат берді, сырты күміс іші мыс екен. Мұхаммед пайғамбарға жолықтырып, көрсетіп хикметін шешіп беруді сұрағанда; Пайгамбарымыз мұнын шешімін былай деді 1.Иман 2, Әдеп. .3. Мінез .4 Шыншылдық.5 Даналық .6. Кешірімшілдік. 7 Барлық сынаққа шыдамдылық. 8. Қанағатшылдық екен. Одан кейін қолыма қылыш ұстатты; Онда «Алланың кереметі күшті» деген жазу бар екен. (қылышты болу, Алланың мұжизасын, кереметін атқарумен байланысты екен, сақтардың ежелгі таңбасы)
  2. Мұхаммед пайғамбарамыз тәпсімен қазақ шекарасын қоршап койды. Президентімізді көрсетті төбесінен жарық шашып тұр екен де, ал Иманғали Тасмағанбетовтан жүрек тұсынан және мандайынан сауле шашып тұр екен. (Бұл ислам мемлекеті болу арқылы шекарамызды Құдайды өзі қорғауға жәрдем бермек деген ұғым болар)

 

  1. Омар халифа сәләфилерді найзаман түйреп өтті. (Сахабалар мұндай топтарды түбінде жоймақ)
  2. Орыс мемлекеті үш жаққа бірдей ата беретін қуатты танкы шығарады екен де, Қырғыз елінен өте қуатты жеңіл көлік шығарып, бірақ оны жаппай шығаруға қаражаттары болмайды. Қытай елі өндірісте, зауыт ашуда қуатты болып, қазақ еліне рухани қуатты өндірумен, әлемде жоғары ғылымда жетілгендік болады екен.

 

Енді Талғат атты сұңқарымыздың қаншама уақыттан бері көрген алған деректерін, үнемі қияметтің белгілері жазбаларында жариялап келдік. Соның бірі зікірде халге енген кезінде бір орман ішінде келе жатып алдында тәндері жалаңаш, тек қана әурет жерін жапқан шүберек сияқты нәрселері бар қолдарында найза, садақ ұстаған топқа кездесіп, олардың ішінде басында тәж сияқты киімі бар, шамасы осы басшылары болу керек деп; Ау сіздер неге бұлай жалаңаш жүрсіздер бұл ұят емес пе?- деген сауал қойғанда; «Сендердің нәсілдеріңде бізге қарай келе жатқан жоқ па? деп қарсы сұрақ қойған екен.

 

Тағы бір халге енудің жағдайында тозақтық жағдаймен байланысты малдарды сойып бөлшектейтін жер сияқты зауытқа кірдім, онда темір ілгешектерге түрі маймылға ұқсап пенделерді езуінен іліп қойып айналып тұрады екен де езуі жырылып түскенде екінші жағынан іліп тұратын бақылаушы бар екен. Бұлар өсек аяңды таратушы, жалғаншылар деген үн келіпті.

 

Келесі бір жанның халінде Мұса пайғамбармен кездесіп, мұңайып тұрғанын байқап; «О ұлық пайғамбарамыз, сізбен біздің кездескенміз қандай бақыт»,- деп сәдем бергенде, қолын алып тұрып; «Сендердің бізбен кездесулерің оңай ғой, исламды ұстанып, ал ата-аналарыңмен кездесу өте қиын болады» деген екен. (Мұның шешімі әрине кімнің ата-аналары әулиелікті толық меңгеріп өмірден озып, жұмақта жүр дейсіз. Жаннатықтармен кездесу оңай, тозақпен арада түрмедегідей кедергі барында біле жүріңіз.Ата-наңыздан жанатық болғанынан сүйінші хабар келмесе, кездесіп батасын алмсаңыз онда тура жолды таппағаныңыз болмақ.)

 

Және Мұса пайғамбармыз; «Менің екі топта ұрпақтарым бар еді. Соны біріне барсам араммен былғанған, арақ ішіп мені танымаймын кет, деп қуып шықты. Ал екінші ұрпақтарым қабыл алды» деп айтқан екен. (Бұл әрине аянмен аманаттарды көрсетумен тәураттық дін ұстанушылармен байланысты жағдай екені сөзсіз. Тауратты меңгергендер араммен былғанғандар кәпірлер мен исламға мойсұнған мұсылмандарға бөлінгенін көрсетеді)

 

Сонымен Талғат сұңқардың жақындағы қатысқан зікірде; бір үңгір сияқты бірақ ұзын кең «тунелге» кіріп арғы жағына қарай шықтым. Мамыржай заман екен, аң, құстар сайрап жатыр маған дауыстары естіліп жатты. Алдымда теп тегіс мрамыр тасы төселген жол шықты, айнала тым тырыс болып,  аяқтың дыбысы ғана естіледі. Оң жағыма қарасам аса таяқпен еріп біреу келе жатты. Артымнан алыстан сұрғылт түсті сұйық сияқты біреу келді. Бұл жын, деген үн келді. Қасымдағы кісі, аяғымды таяғымен ұрып тоқтатты, анықтап қарасам артымнан келген қап-қара кісі екен, ауада сағым болып тұрды. Қолында қылышы бар екен де, менің арқа тұсымнан қылышты қадаған кезде, білегіне шейін кіріп кетті.

 

Мен; «Аллаху ақбар, Лә иллаһа илла Алла Мұхаммадур расулла» деп кәлиманы қайталап жатқанда,  қолын ала алмай айқалап жанталасып, тұрды. Бір кездерде қолын алып шыққанмен , қолының басы жоқ екен. Отқа күйіп қалған жанған екен. Сонан әрі қарай келе жатсам, ай далада артымнан дауыс келіп; « талдан абай бол» деді. Алға қарай жүріп келе жатсам, алдымда дәу қара тал тұр екен, жапырақтары жоқ, тек қана қара бұталары ғана бар екен. Және өзі сұмдық үлкен.

 

Бір кезде талдың тамырлары шығып бүкіл денемді орап тастады. Тағы да; «Аллаху ақбар» деп айқайлап босана алмай жатырмын, сонда да кәлима айтып, аятул күрсіні оқығанда, талдың тамырлары ажырап босатып жатты. Маған « Құлшылықпен, үміттеріңді үзбеңдер» деген үн келді. (Бұл әрине ата жолындағы үмітсіздікке түсіп, өздерін перінің ықпалына жалғап алғандарға да байланысты екені сөзсіз. Қара тал тектілікпен байланысты иманның шатақа айналып, қара түнек күштерінің тек ағашын аздырып, енді қазақ ұлтын осылай буындырып қыспақа алып жатқаны да болар.)

 

Біздің зікірді маңдай көзді ашып, жаның халыне енуді меңгеруге деген, қасиетілерді дайындау үшін де,  алдымен қамшы арқылы тазару сатылары мен, әрбір пенденің ішкі дүниесін сақтауына, жасына алған тәлім-тәрбисімен өмір сүру салты, әдебіне де тәуелді. Кейбіреулер тез жалғанып жатса, енді біреулері мүлде жалғана алмай, күдер үзіп жүретіндері де кездеседі. Көп жағдайда жалғанған қасиеттілердің бұл хикметті жалғастыруға да бірінің жұмысы, тұрмысы сәйкес келемесе, біреулерінің ықыласы да азайып,  жұрттың мадағы, сұранысы болмағасын, тез жерініп кеткендерде баршылық.

 

Ал шынында мұндай хикметтті меңгеруге төзімі жететіндер тарихатшы, масһабшы немесе зікіршімін, деп өткен заманың қарсылыққа түскен жүйесін меңгеру жолында жүргені де жалған емес. Негізінде әйелдер жағы ықыласты, әрі аз да болса тұрақтылықты сақтауға да байланысты қазіргі таңдағы беріліп жатқан хабарлар нәзік жандылардың үлесінде. Бірақ ер азаматтарға қарағанда, әйелдерге екі аралық және жер арқылы болмаса, көктен құпиямен жоғарғыдай пайғамбарлар, жағалы әулиелермен кездесулермен, ойшылдыққа байланысты деректер берілмейді де.

 

Аққуларға әйелзаттарына көбіне түс көру сияқты көрністер пайда болып, және аруақтардан  үн келіп хабарлар беріліп отырады.Олардан үзінділерін жариялап көрсек:

1.Қоғамның көз қарасы өзгереді.

2.Өзен теңіздер арнасына асады.

3.Алланың әмірмен ел биліктің қаулылары өзгереді.

4.Орыс нәсілділердің қазақ болып туылуы артады.

5.Қара нәсілділер (іші қара, қытайлық, арап елдеріне тән) қазақ елінде көбейеді.

6.Қазақтың білімді қауымының оянуы басталып, білім ұшталады.

  1. Бағзы заман батырларының нәсілдері қайта өмірге келе бастайды. Қобыланды, Бөгенбай, Қабанбай рұқтары қайта келеді.

8.Көркем өнер дамиды, ас көп болады.

9.Бүркітің қанатының астында, ұлудың мүйізінде «Аллдан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген таңба куәлік жасырылған екен.

10.Барақ ата сертті қабыл алды, найза жерге шаншылды.

11.Қыркүйек айының аяғында ақпарттар көзі ашылады ата жолында.

12.Зікірді, ата жолы жазбасын меңгерушілерге аспаннан ақ сүт құйылды.

13.Созақ бабаның басын көтеру керек, сосын Абылайхан ата мен Кенесары хан атаға ұлықсат беріледі деген хабар келді.

14.Абылайхан атаның мирасқа алған сандығын ашуды тапсырды. Ол Есілдің жағалауында, ірі қара құрбандық шалып, Ақ ұлдың батасын алыңдар, сонда кімге аянмен берілетін көрсетеледі. (Айгерім деген аққуға ұлықсат түсетін болар.)

15.Таң шолпаның сәулесі бағыт көрсетуші болып, Созақ бабаның құлыптасына таң намазы кезінде түседі екен.(Созақ бабаның құлыптасын басқа жерге ауыстырып қойған сияқты)

16.Пірге қол бергендермен шарт жасалып, ақ мөрмен бекітілді. (Пірге қол берушілер Құдайға екі жүзділік тұрғысында сенеді. Құдайға сенгенмен қалуына емес, пірлернің оң көзбен қарауын таңдағандар. Құдайдың күштілгіне емес, пірдің беделін басым санаушыларға, екі жүзділік деп, Құдайдың рахметінен қуылып, пірге табынғандарына Құдай өзі куәлікке тұрып ақ мөрімен бекітті, деген түсінік берілді Раббымыздан)

17.Ақ мешітпен жалғану жүріп жатыр деді. Таң намазы кезінде ай мен жер арасындағы аққу қанатты періштелермен жалғану арқылы атқарылады екен.

18.Бердібекхан ата басында аруақтардың шешімімен ақ бұлақ ашылады.

19.Үш айдың ішінде керуен жүреді көш басталады.

20.Адамзаттан қаралық жер анаға сіңіп, жердің тынысы тарылып сілкінеді, тынысын ашады.

  1. Есілдің жағалауында сяжайда 4 құлаш тереңдікте жатыр Абылайхан атаның сүйегі. 9 қабат перде арасына сыры жасырылулы, Құдайдың өзі қалған құлына ғана білдіреді деген үн келді.
  2. Қорқыт пен Қорасан бабаларыңның ізбасары болыңдар! Қорқыт ата ақиреттің қорқытушысы, Қорасан ата үлкен жүректіліктің белгісі екен.

23.Мидағы сары су (жалаңбастықтан пайда болатын) өтегі запыранмен байланысты екен.

24.Әйелдердің балтыр тамырлары іри бастайды.

  1. Құрбан айтқа байланысты, халықтың құрбандықты көбірек шалумен байланысты, ақ нұрдың басымдылығы болып, халыққа нығметтер түсе бастайды.
  2. Кейкі батырдың аманатын орындамағныдықтан да денесін табу келесі жылға көктемне шегерілді.
  3. Сегіз Серінің аруағы ұрпақтарын күтіп жатыр, өз ұрпақтарының ата жолымен жасаған амалына қарай, жерленген жері мен мұрғатары табылады.

28.Тамақты қажеттіліктен артық жемеңдер! Зәулім-зәулім үйлерге қызықпаңдар!

(жалғасы бар Тамыз айы 2017 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.