ХАҚИҚАТ КЕЛДІ БҰЗЫҚТЫҚТАР ЖОЙЫЛАДЫ!

Құдайдың құдіретінде, хикметінде шек жоқ! Ата жолын қанша қудалап секта атап, елді дүниемен қорқытып, садақа беруден құрбандық қанымен әулие-әмилерді аралап арамнан тазарудан, ақталудан тиып, ата дәстүр ғұрпын жек көрнішті қылып, қаншама жыл масһабшы, білімді қауым, ел биліктер күрескенімен де бәрбір жеңе алмады, керісінше өздері лағнетке тап болғандары хақ.

 
Қазақтың өзге ислам елдерінен ерекшелігі құрбан айтында тек мейрамдап қана қоймай, ата-аналарына құран бағыштап, құрбандықты да құран бағыштаумен сояды. Мұнан құрбандық қаны өз орнына тез жетіп Құдайдан жауап келіп, көпшіліктің рухани оянуына себеп болмақ. Енді бұл іске басқа жағдайда «серік қосу» деп саналып, құрбан айтта олай болмайтын болып, діншілердің атқаруға сапқа тұрып, өздерінің елдің жолын тосып қазған орларын өздері көмдіріп әлек қылғаны да Құдайдың хикметті кереметінен емес пе?
 
Сонымен қара күштердің басымдылық қылуына жан таласып ата жолын құртуға жәрдем берген қазақ билігінің мұндай саясаты жылдан -жылға шіріп, енді ақтың басымдылығымен халық оянып, амалсыздан екі жүзділікпен өздерінің мұндай арсыз саясатына қарсы бола бастайды да. Бірақ Құдай рахымдылығымен бірге, әділдігі де қатар жүріп, жазасыз қалулары да мүмкін емес екені де енді дәлденетін мезгілге келіп жетік.
 
Енді қалайда халықтың рухани ояну жолына кедергіні ібілістің ұрпақтары болып алғандар,түрлі әрекеттермен тура жолында отырып алу немесе қисығына бұруы да заңды құбылыс. Сондай әрекеттердің бірі латын таңбасына ауысып, орыс ұлтымен араға рухани байланыстың нәсілдік жібін үзіп, онан төмен қара нәсілділік тұрғысындағы латын елдерге жалғану, қытайлық нәсілдердің кедергісіз енуіне жол ашу болмақ. Біздердің кез келген пенденің сырттай туған жыл, ай, күнімен, аты жөнімен рухани жағдайын, ішкі қарсылықтарын аруақтарынан сұрап алуға да мүмкінідік ұлықсатымыз бар.
 
Шынында мұндай іспен айналысушы кез келген қазақтың ішінде жамандықтары өсіп алғаннан, тағдырларын үзіп алғандар, немесе мүлде европалық сипаттағы жындық топтарға тұрақты жалғанып алғандар болатына да көз жеткізуге болады. Және бұлардың қаралықтары жындылық сипатары ұқсас болатына да көз жеткізіуге болады. «Сынықтан бәрі жұғады» деген рас екен ай дейсіз.
 
Мұндай қазақ ұлтының басына түскен қасіретті қолдан ұйымдастырған жетесіздікті қазіргі таңда халыққа ашып көрсетіп дәлдеуге жол жабық. Мұндай рухани деректерді ғалымдар, үлкендер, діншілер, ата жолдық аққу, сұңқарлар да ажыратып түсіне алатын мезгіл келген жоқ…Бірақ түбінде хақиқат шынға айналып бұзықтықтар жойылады! (Қыркүйек 2017 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.