Отпан әулие кім болған? 

Отпан әулиенің 3 және 7-8 ғасырларда екі рет өмірге келгені туралы хабар келді. Отпан әулиеден Қорқан би атаның жеті ұрпағы болып тарихта белгі қалған. Қорқан биге көп қасиеті қонған екен. Отпан әулиенің отпен байланысты көптеген мұғжизаларға ие болған. 

Отпен аластау арқылы көптеген ауруларды, тіл, құздарды және көз қиғымен де ем шипа дарыта білген екен. Жан жағына от жағып қоятын әдеті болған. Музыкалық аспаптарды да ой арқылы басқарып ойнатып қоятын болған. Малдарды жайлымдарын ой арқылы бір жерден екінші жерге айдап әкелетін болған.

Түкірігінің өзі ем болып, жерге түсірімей қағып алып жүрген кісілерде болған. Тез шапшаң қозғалатын от, жел болып әсер ететін болған айналасындағыларға. Ұзын бойлы, қасы көзін жауып тұрған, құс мұрынды, ат жақты тақуа кісі болған. Қазіргі таңда ол жерге Адай атаның белгісін қойып, тазалықсыз зияраттаушылардан жиркенуде.

Отпан әулиенің де мезгілі туып, халықтың шариғатты бекем ұстануына қарай, жер бетіне хикметті нұрыда шығатын болады. Кісі ақысын жегендерге сынақ болып, діңгегі мұратқа жеткізетін қасиеті бар екен. Кезінде 4 алыпты жыққан, бағындырған орасан күш, қуат иесі де болған. Түктібай атамен, Мұрат атамен рухани байланыста тұр.

Кісі ақысын жемеген, халықтың ризалығына бөленген екен. Өте сұлу әсем жары болған. Күн астандағы Күнкейден қуат алып отырған. Негізінде зияратаушыларға көз және тіске дем салып, жергілікті бес аталық жүйеге кіреді. Ел билік басында жүрген бектерге осы әулие арқылы Алладан сарқытын алып отырады екен. Ата дәстүріне қарсылық жасап, құдайшылдықтан қашықтағандарға сарқытын тауысуға сынақ болады екен.

Адайдың ел басында жүрген азаматтары Отпан әулие басына Адай атаның кесенесін тұрғызып өз несібелерін кесіп жатқаны және Адай атаның да назына қалып шырақтарын өшіруге жарысып жатқаны да рухани жаңғырудың құдайсыздардың қолымен атқарылып жатқанына дәлелі болмақ (Желтоқсан 2017 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.