Қазақ ұрпағынан шыққан жалған пайғамбарлар….

Қияметтің мезгілінде; жалған пайғамбаралар көбейеді, деген барлық киелі кітаптармен әулиелердің болжамдарында. Енді пайғамбарлық дегеніміз діл білімімен, сөздің ұғымдарын қайта қалыптастырумен Алла, жаратылыс, қиямет туралы білімді Алладан уахимен келтіріп, таратушылар болмақ.

 
Жалпы пайғамбарлық ғылымды болумен байланысты болып, адамзаттың жан, рұқ түрлі рухани бейнелерін тәрбиелудің құлшылық жолын жетілдіріп көрсетуші болмақ. Сонымен жалған пайғамбаралықтың жасырын түрі қазіргі таңда дінші, масһабшы түрлі топтарда сопылық ағымдарда кездеседі де, бірақ бұлар жалпы адамзаттың рухани азғындауына да өте қауіпті емес.
 
Себебі әрбір ұлтың қалыптасқан дін дәстүрімен, ана тілі, діл білімін дін құлшылығы арқылы терістегенмен қатты өзгеріп бұзыла қоймайды да. Ал негізгі қауіп дінсіздер тарапынан білімді қауымнан пайда болатын жалған пайғамбарлар болмақ. Қазіргі ел биліктің үш тілмен ғылымды болу, латын таңбасына ауысып, ана тілінін ділдік қуатын сақтау, ар-ұят, обал сауапсызда халықты рухани жаңғыртпақ әркетері жобалары жалған пайғамбарлықтың елді басқару саясатымен жетілген түрі болмақ.
 
Және білім арқылы санаға өзгеріс енгізіу деген ібіліс ұрпақтарына тән ұлттық ділге, дінге де өте қауіпті жағдай болып; Аллаға өздерін теңдес қылып, құранына кітаптарына ортақ қосу болып саналады. Осындай саясатты ұстанумен рухани жаңғырудың ішіне гендірлік, әлемдік арысыздықты да күнделікті салтқа айналдыруға мәжбүрлеу арқылы, жалпы тарихта, адамзаттың жаратылысында, ғылымында болмаған жаңа бір діннің қағидасы пайда болғаны сөзсіз қазақ елінде.
 
Енді бұл дініміз яғни жанымыздың, елдігіміздің тәрбиесі болып, ол әрине түрлі қайшылық пікірлер мен Құдайсыз қауымның да қуанышына жалауына айналып дінді таза ұстағысы келгендерді қоғамнан орын бермей, қалайда ығыстырып шығаруды әрекеті қазақ елінде кең көлемде, ел биліктің қолдауымен, халықтың ата заңы мен қазынасын өзіне елдігін жоғалтып тегі беймәлім ұлтқа айналуға қызмет жасап жатқаны да хақ.
 
Мұндай пайымдауларға да жүздеген мысалдармен құран аяттармен, ата-бабаларымыздан қалған нақыл, даналық сөздермен дәлел келтіру керекті. Онсыз бұл ел билікке, жалпы ақпараттық басқару жүйесінде, қауіпсіздік орындарына жала жапқан болмақ. Өкінішке орай мұндай білім, дәлдеріміз артығымен 15 кітаптық көлемде жазылып, үн таспалармен де таратылып жатқанмен, оны түсінер үлкенде, дінші де ел билеушілері де жоқ. Себебі олардың Құдайдың пәрменімен жүректері мөрленген, сондықтан біліммен берілген түсініктерге жүгінеді. Онда да өздерінің ақылдарының қабылдау шегі бар. Енді мұның себебін де ашып көрейік.
 
Жалпы қазақ тарихы түгіл ислам елдерінде де өте сирек болған жағдай бір басшысының дүние ісінде онымен бірге рухани көш басшы болуы, (әрі төрелік, әрі қожалық қылу) арты рухани тұрғыда қияметке соқтыратынын да бүгінгі заман біздердің қауымдарымыз арқылы ұрпақтарымызға да үлгі болып қалар. Енді күнделікті кездесіп жатқан ел биліктің жалған пайғамбарлығынан туындап жатқан жалпы қоғамдағы жалған пайғамбарлық әрекеттерден мысал бере кетейік.
 
Әлия Базарқызы деген әйел, өзінің қолы қолтыққа дейін ашық, басында жаулық кеуде ашық суретін қойып еркектерден тамсанған мақтауды жинап жатқасын, жасы келген от басылы болар, деген пиғылмен, мұның дінімізде тиым салғанын, ерсілік ұятсыздық екенін айтып, сұқтарға таланба, деген кеңес бердім. Мұндай әйелдердің сұқ көзді еркектердің жынына жалғанып, түнгі ұйқыда жаны ойнас жасайды. Сондықтан күйеуіне риза болмаған әйелдердің әдеті жалаңаш өзге еркектерге көрінуге, ақпарттық орындарда жалңаш тәнін көрсеткен суретін салып мақтау естуге құмар яғни рухани тұрғыда зинақор болып алады.
 
Енді бұған еркек аталған пенделердің қарсылық білдіріп біздің көз зинамыздан, ләзатымыздан айыруға неге араласасың деген жағдаймен, Құдайдан ұялыңдар, азабынан қорқыңдар деген сөзіме, бір екеуінің пікірін оқып көріңіздер;
Керимбек Ахметов
«Осы сəлəфиттер пəле болды ғой. Тозаққа барама, жұмаққа барама солар шешетіндей. Оларға кім сондай ұрықсат берді екен. Өздері Аязата сияқты соқыр сенімге алданып жүргендерін сезерме екен.
Құдай мен əруақ бар қайда барса да. Ал, діннің Құдай мен əруаққа еш қатысы жоқ.
Дін деген ел басқаратын құрал ғана.
Бұрынғы заманның өмір сүру заңы.
Ал, қазір əр елдің өз ата заңы( конститутциясы) бар.
Құранда жазады бұрынғы діндер ескірген ислам діні жаңа дін деп.
Бұл деген нені білдіреді. Діннің ескіріп, жағарып отыруы, діннің тұрақсыз жəне адамның жасайтынын дəлелдейді.
Тағы бір факт. Біздің ұстанып келген дініміз қожа Ахмет Яссаудің жасап берген жолымен жүріп келдік.
Бұл жол, қазақтың бұрынғы Тəңір жолы мен исламды біріктіріп ортасынан қазаққа ыңғайлы етіп жасаған.
Бұл нені көрсетеді дінді адам жасайтынын көрсетеді.
Өздеріңіз күнде көріп жүрген салафизм, уахавизм, бахабизм тағы сол сияқты толып жатқан діндердің бəрі қолдан жасап алған əртүрлі ағымдағы діндер. Бəрі исламның атын жамылып жүр.
Бұл да дінді адам жасайтынын дəлелдейді.
Əлия қапа болма бұлар да солар сияқты адасып жүргендер» Сонымен Құдайсыз, аруақсыз дінді бөліп алып Әлия сияқтылардың бақытты болуына кепілдік беріп отыр. Бірақ біздің алдымызда жылына жүздеген Әлия сияқтылар өтіп басын тауға да тасқа ұрғандардың неггі себіб де ұятынан ажырап, жанын қара түнек күштерге сатып, тағдырларынан ажырап Құдайдың лағнетін арқалаған екеніне көзіміз жетіп жатыр..
 
Сонымен бұл ағайынымыз дін деген бүгінгі саясатымыз, намаз деген спортпен байланысты, дінің барлық әркеттерін енді күнделікті салтқа айналдырып, жалпы Ел басшылары енді тәңір болуы керек екен. Дін Құдайлық болмысынан айырылса, онда дін болып саналмайды, Құдайсыздық қана үстемдік ететін де білмейді екен. Енді бір оқырман Құдайдың растығын, қияметінің шын екеніне де күмән келтіріп;
Ұлан Жолдыбайұлы
8 января в 2:16
«Есі дұрыс пенде Құдайдан қорықпайды, Құдайға сенеді. Адамды Құдаймен қорқыту — халықты уысыңда ұстаудың тәсілі. Адамдар кәпір, мұсылман болып екіге бөлінеді деу де сандырақ.»
Құраның негізі өлімнің, тозақтың, қияметтің шындығын түсіндіру болса , бұл пенде құранды өтірік жалған деп отырғаны да сөзсіз. Яғни бұл қазіргі білімді қоғамның басым бөлігінің ұстанымы да осындай пікірлерден тұратыны және өздірін жалған пайғамбарға айналдырып жалған дін шығарып алғанының көрнісі болмақ. Енді онда тұрған не бар деп сұраңыз. Мәселенің бәрі осында қазіргі таңдағы қияметтік сағаттың 7 жылына аяқ басып түрлі апат, азаптардың артып жатқаны мұндай пенделердің аяқ астынан бәлеге шатылып, ажал құшып Ауған елінен де артық адамның шығыны қазақ елінде болып жатқаны да хақ
Әрине есті адамдарымыз халық арасынынан шығып; ел билік неге халықты дұрыс бағытқа бастамайды, шешімдер шығармайды, деген сөздерді жиі естиміз. Ол мүмкін емес, қазақ халқының басым бөлігі осындай шайтаның жамағаты, ібілістің ұрпағы болып алса, қалай құдай ел биліктің жүректерінен мөрін алып көздерінен дүниге байланған шелін түсіріп, дінді түсіну қабілетін бермек? Әрине керісінше ел басымыздан бастап жүректері мөрленген, балталасаңда дін дәстүр, ар-ұят дегенді түсінбейтіндей есіктерін жауып тастап, қайта осылай елді арандатып осындай пенделерді жойуға Құдайды да қызметін ұзартып жатқанын әзірге аңғаратын пенде аз.
Мұндай ел билік қазір өте керек қазақ еліне. Ел басымыз аман болса, түрлі жолдау мен жобалардың арқасында; Керімбек, Ұлан сияқтылар миллиондап кездесе көбейсе де оларды мәңгілік итозақа байлауға да қабілетті. Негізінде бұлардың белгілі бір тағдырмен алған діні-жаны, Алланы нұрына уәдесі болып, бұлар соны қалайда осындай сөз әрекеттерімен тауысып азапқа түсіп тәубеге келіп үлгірмесе онда ажалдың оғы атып жоғалулары шарт.
Бұл қиямет уақиғасының шарты. Ең соңында ғана мұны атқарған ел билеушілерге азап түсіп діл жаны таза, Құдайшылдар ғана қазақ ұлтының тегін жалғастыру шарт. «Жаман адамдар арқылы да Алла тағала дінін бекітуге құдіретті» деген пайғамбармыз. «Құдайсыз қурай сынбайды» деген сабырлы қазақ. Болшақ тектің мықты тамыры терең жайылсын десек мұндайлармен бірге сынақтардан сабырмен өтіп аман қалуды Құдайдан сұрай білейік ағайындар.
Әрине жұртқа ақыл айтып жүрген біздердің де өз ағайын қатын –бала дегендей керемет мүмін бола алмаса да әйтеуір Құдайдан сұрап, болашақ азабынан аман қалуға уәдесін алып, енді көпшілік арасынан әйтеуір тыңдар құлақ болса, сауабымызды көбейтсек, деген жасырын пиғыл болмаса, мұндай қауымды Құдайдың өзі ғана өліммен, азаппен түзеп, қалғанын қалдырмаса, біздердің қолымыздан келер іс емес. Сонда да болса жуық арада ақиртке тілінің сөзінің ажалына айналып қайтып келіп аяқ астынан кететіндер немесе бала-шағасына азап түсіп, өз басы дауға қалғанда «Құдайға не жаздым» деген күпірілік айтпасын, деген ғана. Негізінде алыстан іштеріңе үңіліп, сөздерңе қарап, сырттай қоштасып жүрген пенделерміз. Бір кем дүние, бүгін барсың, кереметсің ертең шіріген топырақсың дегендей…(Қаңтар 2018 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.