АЛЛАНЫҢ ТІЛІ-ДАУЫССЫЗ, ХАРІПСІЗ БЕЛГІМЕН

Жаратылыс табиғатпен, адамзаттың өмірі Алланың барлығына дәлел уақытпен өлшенген. Уақыт қозғалыс Алланың сөзі үні болып бүкіл әлемнің жаратылысы сөзден деген дәлелге тұрақ болмақ. Енді негізгі әлемдік сөздік қордан тағдырдан біздердің ақылымызға түсінуге лайық Алланың тілі пайда болуы да шартты.

Жаратылыспен өмірдің ішінде Алланың тілі түрлі қозғалыс әрекеттермен бейнелініп отырады. Пайғамбарымыз мұны тіл білімі деген. Барлық өнер-білімнің, тіршіліктің өмір сүрумен байланысты негізі тіл білімімен байланысты болмақ. Ал енді білімініңде қарсылығы адамзаттың өмірін жойуға бағытталған ібілістік сипаты болуы да заңдылық.

Сондықтанда Алла тағаладан беріліп, қосылып отыратын ақылға қуат- нұрды меңгеруді діл білімі болып, ол әр ұлттың ана тілімен, әйелдердің елдік саясатымен байланысты әдебі, амалы, салты қалыптасып үнімі жетілдіріп отыруды қажет етеді. Ақылмен білімнің ерекшелігі де осыдан пайда болады. Тіл білімі арқылы жаратылыспен өмірдің сырын, қасиетін мағынасын түсінуге тырыссақ, ал діл білімімен ақылды заман біліміне сай жетілдіріп отырумен, саналық арқылы Алланың тілін түсініп, біліміміздің ақ қара қарсылықтарын айқындап беруі керек.

Әрине ібілістің де әрекеті қалайда ақылды орта топқа байлап, білімді жоғары көтеріп, адам баласын ақ пен қараны жаман мен жақсыны, ар-ұяттылықты түсінбеуге дүние қызығын, тіршілігін жоғары құндылық, деп бағалауға мәжбүрлейтін; таланты ел, дін басшыларын шығармашылық өкілдерін, өз ұрпақтарын барлық іс басына қойып тәрбилеу міндеті болмақ.

Жалпы әлемдік тұрғыда қазақ мемлекеті діл біліміне қарсылықты қалыптастыруда, барлық салада да бірінші орында тұрғаны, әзірге әлемнің ғұламалары мен даналығына түсініксіз. Себебі діл біліммен байланысты жан ғылымының жоғарғы жетістігі қазақ елінде ғана қалыптасып, жазба әдебиетінде ашық баяндалмай құпиялығы сақталған. Себебі бұл әулиеліктің ғана жолы болып, Алла тағаламен әр пенденің жол-жоба алып тілдесумен ғана діл білімін қуаттандарып, тіл білімнің қарсылықтарымен Алла жолында соғысу арқылы меңгеруге негізделгенді.

Біздің бұл сөзімізге дәлелді ел биліктің дін дәстүрін меңгеру, рухани жаңғыру, ғылымды болу, қоғамның санасын түзеу, ділді сақтау үшін латын таңбасына жедел ауысу, деген жобаларымен барлық партиялардың саясаткерлердің тіптен тіл жанашырлары мен ұлтшыл деп аталған топтардың да әрекеттері Алланың рухани тұтастық бірлік жүйесін бөлшектеу арқылы өзгертіп, қазақтың діл білімнің жетістігін жойумен айналысып жатқаны әзірге қазақтың текті аталғандарының өзі да аңғарудан қалған.

Қарапайым ғана рухани әлемдік бірлік жібін үзуге бағытталған орыс ұлтымен кектесіп араны бөлу, атыңды қазақшаласаң текті болдың, жаңөзен, желтоқсан ұлтың рухани жаңғыруы денен сияқты мысалдар жеткілікті де. Және қазақтың дәстүрін ар-ұяттылық, ұждандылығын табу жолын қалайда тосумен байланысты барлық қарсылықтарды заңмен қолдап, ел биліктің жіті бақылап ібілістің жобасын қалайда толық атқарып шығуға ел басшыларының мүделі болып тұрағаны да сөзсіз.

Енді бұл жерде оқырмандар арасында сонда Құдайдың, барлығы, растығы қайда? Неге мұндай зұлымдыққа қазақ елін байлап азапқа ұшырауы керек? деген сауалдыңда туындауы да заңдылық. Мұның себебін жетелі, саналыққа жеткендер ғана түсіне алады. Олар ақылының дәрежесін мейлі дінші, ғалым, ақын жазушы болсын; Алланың хикметін сезіп, тілін түсінгенде ғана меңгере алатыны әзіре білуге жүректеріндегі қарсылықтары мүмкіндік бермейді.

Сондықтан қазақ мемлекетінде жете, саналық дегеннің түсінігі жоқ, тек қана ел басшыларының бұйрығын орындаумен, кез келген сөзді бұрмалап, ойын өзгертумен, қалыптасқан меңгеру салты, әрекетін де жойып, бір пенденің ақылына, яғни әлемді кезіп жүріп жинаған білім тәжірибесінен пайда болған ұжымдық, заңға ғана сүйенген үкіметтік ақылмен ғана өмір сүреміз.

Қай салада болсын кемшілікті көрсек; «Бұған үкімет неге қарамайды, ел басы қайда қарап отыр» деген сөзді естісеңіз, бұл «үкіметтік» (ұжымдық) деген ақылмен, зайырлық деген дінімізбен, БІР КІСІНІҢ ғана тілін түсіну қабілетімізбен яғни ақылдылық «саналық» жағдайымыз болмақ. Рухани жаңғыру дегеніміздің өзі, сол салада рухани жаңғыртуға кімнің тілін алсақ, онан асып әулие болып кету түгіл, ол пенденің кісілігіне жетуде мүмкін емес, яғни ел басқарып, пір болып кете алмаймыз.

Сондықтан олардың білімін ұжымдық ақылға айналдырып алған, рухани қызметшілікті көбейту ғана болмақ. Раббымыз «Кітап арқалған есек сияқты», деп ескерткенді. Бір пенденің кісілігіне бағынышты болудан Абай атамыздың «Жапарқұл мырза» деген насихатына сай, өзгенің алтынын арқалған есек-кісілік қана пайда болмақ.

Себебі кісілік арқылы өзінен биік кісілік пайда болуы жаратылыста болмаған, болмайды да. Кісіліктің жоғарғы дәрежесі Ібіліс-Бір өзі, періштеліксіз, жансыздық пайда болады. Құдайға сүйеніп, таза ақылынан нұрынан хабар алып, оны меңгерудің жол-жобасын жеке-жеке алып өз ара жақсылықта періштелік жанды меңгеруге жарыспай рухани жаңғырып елдігімізде қалыптастыра алмаймыз. Онда тарихта мүлде үлгі болмаған. Тарихта үлгісі, құранда белгісі жоқ, тіршіліктің заңы қарсылықтан ібілістен ғана пайда болады.

Сонымен рухани жаңғыруды әрбір пендесі жеке -жеке өз күнәсынан ақталумен ғана қоғамда өз орынын табу керек. Ол үшінде Алла тағаладан хабар алушылар арқылы ғана меңгеру де шартты. Олай болса ақталуға күнәлық жағдайымызды анықтауға хабар алумен және ақты көбейтуге нұрға жалғануға жеке -жеке жол жоба алудың да Алламен тілдесу заңдылығына байланысты атқарылмақ.

Негізінде Ата жолында негізі 8 белгі жаратушының тілі бар. Олар Арыстан баба, Яссауи баба, Айша ана, Түктібай, Сүйінбай, Сарыбай, Жамбыл, Қайназар аталармен белгіленіп, әр қайсысының белгілі бір адам өмірінде кездесетін әрекеттер қарсылықтармен, ескертулердің жағайын түсіндіреді. Әрине мұнан да басқа түрлі белгілер болып олардың бәрі бастапқы осы сегізбен атқарылады.

Белгі арқылы тылсыммен тілдесудің де кісілік арқылы және періштелік арқылы өз ерекшелігі және ұзақ уақыт қалыптасатын амалдары да бар. Ал енді санада және көйкейде жүрек арқылы Алла тағаладан келетін үнді; Құранда да, «Сендерге 8 түр (жарық-кісілік) жараттым» деген. Бұл сыртқы әсермен кісіліктің қалыптасуымен байланысты болса, ішкі әсермен, періштелгімен байланысты екі тіл үні барын ашық ескерткенді аятпен; «3 кісі сыбырласса 4 -Алла, 5-кісі сыбырласса 6-Алла дегенді.»

Сонымен жанға екі түрлі жағдайда хабар келіп, ойлау, көру, есту және тілге үн қуатын берумен 4-еудің түгелдігі көкейге салумен болса, алтымен белгіні алу аққу, сұңқарларға және көңілдің тоқшылығымен, ұждандылықпен байланысты еріннің үнін меңгеруге байланысты әулиеліктің сыры болмақ. Құранда бұл үннің құпясын; «Сендердің қол -аяқтарың терілерің (кісіліктерің) сөйлейді» дегенді.

Масһаб пен арапттық орта топқа (ақылға) негізделген барлық исламның дін топтарының да мұндай 6 сипатты меңгеруге деген құлшылық амалдары әлсіз, жетілмеген болғандықтан қазақ дәстүрін секта, адасқан, деп халықты алдауына жол беріп қойған білімді қауымның, ел биліктің кісілік қарсылықпен байланысты надандығынан деп білу керек. (Ақпан 2018 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.