XI-ЗІКІРДЕ  КЕЛГЕН ХАБАРЛАР   

 

Ата жолының зікірі исламның негізгі шарты барлық жерде барлық әлемнің тұрғындарына ортақ; бірдей -«Бір» дін бірлігін қалыптастаруға негізделген. Өзге топтарға бөлініп алып бір қасиетті пендесінің зікір салумен оған тәнті болып немесе жынданып түрлі жағдайларға ену емес. Бұл зікір тақуалықпен кез келген пендесінің маңдай көзінен хабар алуға қазақ елі түгіл әлемнің барлық жерінде пайдаланып шипа алуға Құран үніне жалғанып түрлі хикметерді меңгеруге арналған. Бірақ мұны әлемге де тарату деген әзірге ертегі себебі қазақ ұлтындай көралмас, мен-мендіпен,  тек мұны мен білгенде ғана Құдайдан, деген пиғылды әзірге жеңіп шығу біздер үшін қиын. Құдайдың өзінен ғана жәрдемді күтеміз!

Керуенді Самарқанға бұрыңдар Əмир Темір күтіп жатыр деген болатын

 

  1. Шарықтай қалықтап ұшып келер жан-жақтан қарлығаштар көбейер.
  2. Орал төрінен белгісіз жағалы ата-баба әруақтары басын көтеруде, ақпараттарды алар қасиетті пенделер жетіспеуде. Көп қасиетті пенделер бір-біріне байлана өздігімен қызмет жасауда.
  3. Ұшар қиям қанатты әзірлеудің де құдіреті келер, келер айдан, келер жыл талайды таң қалдырар ата жол жәйі тері болар.
  4. Шарпып жатқан әруақтың мұрты да шалына бастады, әр бір орда қызметіне ризалық үлесін ұсынар.
  5. Желке, самай шаштарын күнделікті тарақпен тарап санаға көмегі болар.
  6. Дадан баба басында жауырын тіл-көз сылынып, қаралық басқан періштеге жеңілдік келер.

7.Қасиетті қадір түнінің қарсы алу; ТАҚ  күні қарсы алғандар ұрпағы жалғыздыққа ұшталар. ЖҰП күні қажір түнін қарсы алғандарға АЛЛА тағала жұптыққа жол ашар.

 

8.Сергелдеңге түскендер естерін жияды

9.Желөкпелік желдей естірер Дүние байлық жиғандар. Қиямет қайым кірсе қайғыға түсірер

  1. Ауыз бірлікпен ұлы жеңіске жетер

11.Алауыздық тас талқанын шығарар, Бүйректен сирақ шығартар

  1. Сауық-сайрандықтан сескенер естерін жияр кез келер.
  2. Дүрбісін түртіп алысты болжағыштар көбейер
  3. Тұңғиыққа түскенде таңғажайыптар жалықтырар
  4. Таңданатындар таңданғанын жасырар
  5. Саурық батыр қолдауы жетсе, жер әлемін желмен тазарта қылышын ұсынар.

17.Қақтығысқан қамалды қақ жара неше ғасыр жасырын жұмбақ әлемдері ата баба әруақтары бас көтерілуімен әшкерелене жетеді.

18.Іздене жүрген ғұламалар жаңалыктың құдіретінің жалғасын таба жазуға, ғұламалығын биікке көтеруге іздене ақпарат сұрауға, аққулармен сұрақ жауап арқылы деректермен жетелене тіктеліп, әлемге жар сала халыкпен көтеріле, акқуларда биік сатыларға канат жазады.

19.Батыстан келетін суық жел бар.2 елдің арасында тазалық толқыны жүріп өтер.әсіресе аққу сұңқардың арасында. (13.05)

  1. Келер пенделер бойы да, ойы да шым шытырық бейнеленер. Ой түзелмей, бой түзелмес.
  2. Дулыға киген аталар қолдауы Сүлеймен ишан ата ордасының түңлігін айқара аша, үйдің сырт ши шимайына дем сала, сырт киіздерді қаптай нықтылықпен белдігін тарта жабуда, түтін будақтата тіктелді.
  3. Келер пенделердің кейбіріне өнерден жол ашар.
  4. Саңқыл үнге бұлбұл үні қосылды.
  5. Асан қайғы атамен жалғану жүруде.
  6. Шартарапты айнала жүретін кез таяды, аққу мен сұңқарлардың бірі жылы, бірі салқын қарсы алар.
  7. Тұла бойы шаншу қадалғандар келіп, беті бері қарасымен мен-мендігі басыш болар.
  8. Ақтау төрінен Өксікбай ата, Өтеміс ата, Өтепберген батыр аталар басын көтере, пенделерін жетелеуде.Шырын ана басы көтерілуде.
  9. Ақтау, Атырау төрінде қатты жел суықтығы, шығып жатқан өсімдіктерге, малдарға зиянын тигізеді.
  10. Ақ кимешекті сәлдесін төбесіне байлаған аналар келе шаңырақ төрінде күбі пісе, май шығаруда.

30.Талайлы пенделер тербеліп, тамсана келер.

  1. Шаңырақ төріде өзгеріп отырар.
  2. Екі қол білегіндегі кісендер шешіле, қол өнеріне жол ашылар. Пенделер өнер ұстануы да қиындар.
  3. Топ-топ жиылған ерлерде адасып, пікірлері жан-жақты болар. Топтастыра ымыраға келтіру де қолдарыңда.
  4. Әрбір ер пенде сегіз қырлы, бір сырлы боп, мал шалу әдісінен бастап үйрену әдістемелерін молайта білуіне байланысты жетеленудің өнері.
  5. Бой тазалауға келген пенделердің есіктен кіріп келетін пенде бойын көре білу немесе жүрекке салу ақпаратпен басталар әрбір пенде толық дәреті болғай.
  6. Шалқып тасығандардың сыны таяды. Тойдың арты атыс-тартыстан бастарын шеше алмас.
  7. Екі білекте кісенмен байланды. Ниет түзелсе тылсым құдіретімен шешілер.
  8. Кәсіптер молайып, еңбексіз пенде болмас. Ата жолы дүркірер кез жетіп ата жолды жәй пенделерде ақтар кез жетуде.
  9. Шамсудин ата басында қалаған пендесіне құдірет көрсетер..
  10. Тіреуішті тіресең де құлайтындар құлайды.
  11. Жүрек тазартуда бір үлкен күш-қуатқа байланысты.
  12. Шегірткелер шықылы да ақыреттік белгілер.
  13. Абай даңғылы мен Есенов көшесінің қиылысында әулие жатыр, Алладан келген нұр шапағат бар сол төңіректе. Қызылорда қаласы.
  14. Жер дүмпуіне түскен пенделерді құтқарудың орнына шенеуніктер өз мүдделерін қазынасын ойлауда.
  15. Ширк-ширк деп жүргендер өздерінің ширк жасап жүргендері айқындалар.
  16. Сағына жеткен пенделер дорбасын толтыра келер.
  17. Сары ишан ата қолдау салды.
  18. Шөмішпен қазанын сапыра-сапыра шаршаған пенде келеді.
  19. Таң намазда жиылар жан-жақты ата-баба әруақ. Қай шаңырақта кеңістік болса, сол орда да қалып қызмет жасауда.
  20. Шарықтап ұшар күн болар. Шаң тозаңды ілестірмей.
  21. Береке алшақ ластықтан.
  22. Жәңгір хан ата жағадан ұстап тұр.
  23. Жалаңтөс Бахадүр ата арқылы келетін несібе бар.
  24. Шораяқтың Омары құран үн іздерін қалдырды.
  25. Шегір хан ата қолын шиіре келді.
  26. Сан соқтырған пенделер арасында сын түсер.
  27. Әлімсақтан келер даналық сөздер талайды таң қалдырар.
  28. Түрлі-түсті жазбалар әшкерелене түсер.

(Мамыр-Рамазан 2018 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.