Зікірде келген тарихтан үзік сырлар-2

Жүрек сөзі жетер əлі алда талай бетбұрыс кезең .Өлмес күндер өтті талай .Киын алыс күндер артта калды. Шайқас неміс əскері басымдылық танытудпа. Арт жақты теңбіл қара ат мінген кісі көрінді. Қаптал жақтан ойсыл қара кісі теңбіл атты шылбырының ұшынан ұстап, қызғылт түсті қанға боялған жермен жетектеп еңбектеп келеді. Өйткені жарылыс зеңбірік даусы жер жарады, бой көрсетіп қозғалса атып тастайды.

Жауынгер майдан шегі, бұл кім сержант әлде бас лейтенант бозғылт түсті жамылғысы бар; шыдау керек шыдамаса болмайды, дейді алыстан айқайлап. Қан төгіс майдан, ақтық демің қалғанша шыдау қажет. Қан төгіс соғысқан жұрт, кең дала, айқын аймақ, егілген егін, өтеніп жатыр, мұны көріп жылаған үн, таусылмас қаза . Шым шытырық қандай ойлар келеді десеңші, қиын қыстау соғыс кезі еді. 1942 жыл куз айы қан төгіс коктемге дейін қаншама адам қырылды.

Ұмытылмас кезең болатын қара түнек, қаза тапқан адамдар денесі әр жерде шашылып жаты. Айдың жарығы түссе алыстан аңдыған жау әскері атып тастайды. Жаудың қайдан келетіні белгісіз .Зеңбірек оғы тыным таппай тұр, жауып жатты оқ жаңбырша үстімізден. Дүрбелең кезең, қан майдан соғыс, түнерген ел, ымырт үйріле ғана қалғып мулгіп аламыз, сыбдыр етілсе селт етеміз. Аңдыған жау қай жақтан келері белгісіз. Таусылмас жыра , орман ,батпақ , көл əйтеуір бір тұмса қозғалған жұрт ешкімді елемес .Айқын кез болатын.

Шапқыншылық үні бұзды сәл ғана орнаған тыныштықты тағы да. Сәл тынышталса болды ойымда аңсаған жүрек туған туысты еске алады. Сәл босаңдық білдірсең болды тілге келмей атып тастайды. Ешкімге ештеңе айтпа, өз ойыңда сақта, ұмытпа ақ қағазға түсір өсиеттеді ішікі даусым. Кейінгі жұрт көрсін қайран қалады. Бірақ елдің тұрмысы түзелген заманда, сенбеуі де мүмкін. Түнгі тас қараңғы жер мүмкін құнды орынға жазып тығып қоярмын әлде….

….Ауыл аймақ енді міне қызық ат шаптырым жерден бір кісі келген екен ерттеулі ат тұр .Қайдан келгені белгісіз, абайла дедім қасымдағы серіктестерге. Сол кезде жан жақта атыс қан төгіс соғыс болып жатты. Біздің жатқан маңайда ғана тыныштық орнаған еді. Сыздаған жүрек, сағынышты қозғап, бір жұтым су сұрап келген бала екен. Сол маңдағы ел жұрт қорқып үркіп кетті. Мұндайды кім көрген, үнсіздікті бұзған ел, қас қағым сəтте ауыл ел де тапжылмай иба көрсетт,і тізе бүктіріп, шал шауқан аз ғана ел шапқыншы деп ойлап қалған . Жоққа шығарма осындай қызық оқиға ізімен келешек ұрпақ тыңдаңдар, қанша жер көкте тұрса да білмеген естімеген сөзді ұғып ал, келешек ұрпаққа жеткіз .Маңдай алды білсін, маңдай алды ұрпақ болса.Осы сөзді жоққа шығармай түйіндеп, жарық көрсін, деген ниетпен айтып отырмын, əр сөзімнің қатесі жоқ, баспаханада болсын бұл деректі əңгіме . (24 тамыз 2018 жыл ақшам намазынан кейінгі)

***** *******

Сабыр сабыр сабыр .Айтылған сөз айтылған оқпен бірдей осыны ұғып ал.Келмеске кетке қаншама жауынгер кызыл армия қатардағы жауынгер сержант майор бәрі бір окопта жатқан кез болатын .Түскі үзіліс кезі еді, қорықсаңда қорықпасаңда сол салт атты мінгескен қасымызға келді, қайдан екені белгісіз жарақаты мықты қасындағысы алып келген талып жатыр шала жансар екіншісі аттан түсе отыра кетті.Қиналған тастағысы келген, тастай алмаған көзі қиып, қайдан тастасын ,өзі де өңі қашқан көрініп ақ тұр. Сөйтсем су бір үзім нан жоқтың қасы .

Шаңқай түс қиналған дауыстар .Немістер көрсе аямайды оққа ұшады .Тыныштық болса мызғып алғың келеді бірақ үрей ұйқың қашады. Кенет шабуыл басталып кетті, немістің танкісі жақындап қалған, от зеңбірек тұс тұстан қаумалап жатыр, жан түршігерлік қиын кезең .Көздеп ат тұрма , тұрсаң атып тастайды, құрисың , өйткені атыс шабыс кезең тапжылмай қарап отырдым . Неміс əскері қаптап құстай ұшып келеді. Жақындап қалғанда пулемет оғын жаудыра бастадым. Тек бір солдаты жыраға домалап кетті, екіншісі құлап, үшіншісі жата кетті. Айнала жарылған оқ болса да ентелеп қайта-қайта тапжылмай келеді, таусылар емес, біздер окопта он шақты жанбыз.

Неге екенін білмейім әйтеуір неміс әскері өзінен өзі қайта шегініп кетті. Құдай сөйтіп бізді құтқарып қалды . Əйтпесе оққа ұшатын түріміз бар. Азық түлікке қарағанда жоқтың қасы .Окоптан шықсаң бітті атып тастайды .Қиын кезең, бұл бейеленген естелікті енді үнмен айтып отырмын. Ойда жоқта сансыз ойлар келеді.Атты əскер қарасы көрінді. Жау шегіне бастады .Ұмтылыс қайта қыза түсті , ұмтыл алға жауынгер, деген қазақ үндері құлаққа жағымды естіледі. Қызыл əскер жауды типыл қылды.Жеңіске жеткедей болып отырмыз, мəре сəре болып….

…Тоқтамай айдан айға соғыс ел іші жүріп жатты , ашаршылық заман кезі еді. Ел жұрт киізде үйде шыға алмай, аш жалаңаш бала шаға, оларға қамқор болар шал шауқан, кəрі құртаң, кемпір сампыр қалған тілекші болып. Басқасы соғыста, балдар қыздарға дейін азық түлік тасуға көмекшіге алып кеткен . Ел іші де күйсіз, күйбең тартқан ел қамығуда. Жатсада тұрса да, үрей билеп алған, көздерінде мұң бар. Бұл соғыс жылдары майданға атанған сол кездер өтті ғой. Ленинград соғысы да қиын кезең болды.Тек мына күзге қарай жаудыраған ел, тынымсыз жұрт, қашанға дейін шыдасын, аштықтан өлгені қаншама.

Сондықтан абырой керек болса соғысқа аттанасың, ауылда қалсаңда бәрбір аштан өлуің мүмкін. Осылай өзіміз сұранып соғысқа келіп жегілген едік. Мұндай қиындықты ешкім көрмесін, тұла бойың түршігеді, кейінгі естіген ұрпақтардың, жастардың ой санасы ашылсын деп айтып отырмын. Жарыққа шығар, ұмыт қалмасын, қалың қазақ естісін, ескі жұрт бұрынғы өткен өмір ғой, біздер бастан кешкен қиындық кезең . Келешек ұрпаққа қиындық бермесін, бейбіт өмір сүрсін, дегенім ғой. Ағаң Талғаттан мұра болар осы айтқаным, абай бол ескерілмей қалмасын, деректі əңгіме ғой, қайталанбас қиын жылдардан естелік мұрағат болсын сендерге.

(28тамыз 2018 жыл ақшам намазынан соң. Ақ ұлмен жүрек құлағы мөрі ашылған аққудан.)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.