Зікірде келген тарихтан үзік сырлар-4

Кешікпей жаз .Əйтседе ұмыт қалмасын, ауыз екі сөз болсада сендерге естілісін. Ат дәстүр ата жолға тек абай бол!…

Өзге ұлт өкілдерінен жаулық шапқыншылық кезі келген . Ымырт үйірле соққы берді, тұс тұстан білмей қаласың, қай маңнан қашсаңда ұстап алады, қайда тығыларыңды да. Мұндай кезде тек тығыл, үлгер, əйтпесе жау тас төбеңнен төніп тұр. Майда шүйде соғыс емес, айдан анық, жол жарық болды ма, белгісіз қанша уақыт болғанын, қан төгіс майдан, атыс шабыс, əйтеуір ұрыс, дүрбелең кезең еді.

Жоққа шығар ма мұны, не бір қиын кезең өтті бастан кешкен жағдай осылай болды. Тақыр кедей болсақта ар-намысты жоғалтпадық дүниеге сатпадық. Бала кезім бұл еді. Бұлдырықтың үні бұзды тиыштықты. Қиналыс кезең аттың шапқан із, ұласпайды жау жағадан сет етті, дегендей бала жылаған қиын кезең, кашан көрсеңде соғыс жылдары қиын кезең. Боз бала мінгескен ерттеулі ат дүбірі алыстан көрінеді .

Таң сəріде шыққан кез еді, жұрт елеңдеп жатқан кез болатын, ат ерттеулі тұр,, қазан ошақ қайнап жатқан кез болатын өң бе түс пе білмеймі,н қай жағынан келгені; «жау келді, аттан!»,- деген ащы дауыс кенет құлағымды жарып жіберді. Қайда тығыларымды білмей, сасып қалдым, шулаған бала үн,і ушу азан- қазан болды, кім білсін бұндай боларын, қайтсек аман қаламыз, деген үн ел тыныштығын бұзды. Арамызда қайтпас қайсар жігіттер да бар еді.

Балалар шулай, аспанды қара бұлт торлап кетті. Үйдің түндігі жанып, шаңырақ ортаға түсті. Сонда да соғыстың аты соғыс, ашаршылық кезең болатын, неге шыдамай келе жатырмыз, шыдамағанда қайтпекпіз, тек бір тілейтініміз елдің тиыштығы. Сол бір кез еске түссе, жаның түршігеді, талай көз ілмей не бір таңды атырған күндер заман өтті ғой, жау шапқыншылығынан киіз үйден дым қалмады және аштық кез. Алды артына қарамай шауып өтетін, алдында тұрған бала ма шаға ма бəрібір, аяушылық деген жоқ, ондайда көрер көзге атып тастайды.

Қиналған жұрт іркіліп қалды, аттан түсіп қасымызға келіп дүрбімен нұқып келіп, бастан қойып қалады, ауыз ашсаң біттің. Дыбыс жоқ, селтиіп қатып қаласың; « əкең қайда» дыбыс жоқ , итеріп сілкіп, жекіп кетеді, бұндайда жүрек ауыздан шығады. Жылауға мұрша жоқ, ел тиыштығын алған соғыс кезі, ол уақытта бала кезім. Əжем бауырына басқан, кеспек бидай дəн тамақта жоқтың қасы, аштықтан қанша адам зардап шекті. Ызғарлы күндер, қиын кезең өткен, əжем жатсада тұрсада, күбірлеп сөйлеп жүреді.

Дөңбекшіп ойланып, көп жатады, қорқады дейме, ештемесін білдірмейді, сездірмейді, əйтеуір курсінеді, сыр бермейді көзінен. Түнеріп тұратын май шамның жарығы нан не айтып жүргенін кім білсін. Апа əкем қашан келеді десем; «ай балам ай ел тиыштығын бергей, соғыс бітер күн туса жалмап барады ғой» дейтін. Әкем қаза тапты, деген қаралы үнді естірткенде іңірде, əлі есімде, көзге ілеспей жауын жауып тұрған болатын. Анам байғұс жерге отыра кетті, бəрі бітті, түнерген ел, бəрі қаңырап қалғандай болды.

Әжемнің түрін көрсең ғой мені бауырына басып отыра кетті де айтқан сөзі; «артта қалдым ау, тағыбасқа сөздер айтып жылап жатыр, киім кешек те жоқтың қасы, елді мекен жар тас түбінен қазылған су алатын бұта жар, көшпелі қазақ əлі күнге естен кетпес. Тойып ішер ас та жоқ, жалаңаш есіме түссе жүрегім қан жылайды. Сол жылы əжем нəр татпай жатып қалды да өмірден озды. Сол жерге жерлеп, көшіп кеттік, бір шоқының басына. Анамнның сонан еріп кете бардым, қандай қиын талай кезеңдер көз алдымнан өтті десеңші Төмпешік болып жатсада, əжемді қимай топырақты құшақтап мықтап жыладым, бұл менің бала кезім еді шамасы 11жаста болуым мүмкін.

Сонан сол жерден көшіп кеттік, сол кеткеннен мол кеттік көшіп қонып, асу асып қоныстанып Талғар етегін қоныстандық. Сөйте сөйте адам болып, ер жетіп адам болдық. Енді міне мүмкіндік кезім өмір осылай өтті де кетті, қиын қыстау осылай шықты. Бұл əңгіме тоқтап қалмайды, əлі жалғастырылады, ел жұрт білсін, көрсін қан майдан қандай кезең болғанын. Ертеңгі ұрпаққа естілер, естелік ретінде айтып отырмын, жеткіз ортаға. Аяқ асты болмасын, келешек ұрпақ естісін, бұрын бір үзім нанға зар болған талай адам аштықтан өліп кетті ғой. Мұра болар, осы айқаным, ұғып ал, есіңе сақта, бұлда бір қиын кезеңнен естелік, мұрағат қой, қойын дəптеріңе жазып қоярсың деп үміттенемін . (31 тамыз 2018жыл таң намазынан соң)

**** *****

Жалғыз басты ана келе жатыр шөптің таса жерінде отырған кезім болатын, қай жақтан келгені белгісіз, ондай кезде тіс жарып сөйлеу жоқ, тым тырыс кез. Әке-шешесінен айрылғаг балаларды үйді үйге таратқанбыз. Ана байғұс біреуі томпаңдап ертіп келеді, біреуі бауырында, жұртта қалып қойған ау сіра, шамасы ере алмай, сүйретіліп шаққа келеді. Орман ішінде жайғастық, сүйретілген арба доңғалақ ізін жасырып, əр жерде бір тамақтанып жатқан кез болатын. Жүрек жалғап алайық, деген ниетпен солдаттар жайғасып отыра бергенде, кенеттен құс белгісін берді.

Тиыштала қалдық, қазақ жігіттері жауынгері екен екі адам үркіп кеттік; «абайламайсындарма»,- деп əзілдеп қойдық. Таудың етегіне қарай қызыл əскер келеді, орман ішінде шиқылдаған əр нəрсе үрейіңді алады, мазаңды қашырады. Кенет тұс тұстан атқылай бастады, көріп үлгеру де мүмкін болмады, соғыс басталып кетті аяқ астынан. Қайдан келгені, қай жақтан окопта жасырынғаны белгісіз, тұс тұстан атқылаған зеңбірек, оқ, мылтық үні дамылсыз шығып жаттыі үні. Шайқас қыза түсті, мұрша жоқ қарап жатуға, өлдіме өлмедіме ешкім ештеңе білмейді, əзірге оғым жеткілікті.

Бұйрықты алған біздің сержант «құп болады лейтенант мырза» деп, алға қарай оқ атылып жатқандарға ұмтылды, менде шабуылға кіріп кеттім, қара түтін, қып-қызыл от, бет қақтырмайды, əр жерде бір құлаған жұрт, неміс көзге ілестірмей жан-жақтан атқылап жатыр. Қанша жауынгер қаза болғаны белгісіз, ондай таңсық емес, мотоциклде домалап жатыр, өртеніп жанып жатыр, тек бір аман қалғаның олжа. Соғыстың аты соғыс, күнделікті үйреніп те қалдық, үйренбегенде қайтесің, көрге де түсерсің түс десе. Тоқтаған жерде шұқыр казып, орманды аймақтарды кесіп қанша жерден өттік десеңші. Ұмыт қалмай, сонда да Алла, Алла деп еске алу болды. Елге бұлай аман есен оралам деген, үш ұйқтасамда түсіме кірмеген отты жылдар, бұл да менің қойын дəптерімнен үзінді еді.

Ел жұрт жайлауға көшті, жалғыз мұра бұл да бір құнды оқиға сол кездеғі қатар жүрген жігіттер қайда қалды десеңші. Ұмытпа, естелік қой, болған оқиға ізімен қайсібірін айтайын, сұм соғыс талай елді еңіретті ғой, бұл бір өткінші тарих болып қалар, деп үміттенемін. Жауыз соғыс кімді жалмамады, айта берсе əңгіме көп, осымен доғарайын, жаз ұмытпа, естелік болсын (1 қыркүйек2018жыл таң намазынан соң)

***** *****

Батыстан соққан жел өңменіңнен өтіп барады .Өң бе түспе білмеймін əлденеге өкпелеген сияқты едім, енді бірдемеге қуанатын секілдімін. Қараңғы түн, жауын жауып тұр, мезгілсіз уақыт, жалғыз шыққанмын. Сарқырап аққан судың үнін басып бір дауыс зəре құтымды алды, жан дəрмен мылтыққа жүгірдім де; «кімсің ай»,- деп тым тырыс боп қалды. Енді артыма қарасам, ел жұрт елеңсіз қара бір кісі ат мінгескен; «ел тиыштықпа», деді ; «аманшылық», деп жауап бердім.

Бір мезгілде шай қайнатым уақыт, ат дүбірі елең еткізді. Атты қалмақтар соғысы, атты қазақтар соғысы неше күнге созылды, жан жақ ойран ботқасы шықты. Елден тиыштық бұзылды, дегбірі қашқан ел, қайда тығыларын білмей абдырап қалды. Соғысқан ел, мылтық үні, жүректі жарады, қанша ұйқтасаңда, қанша қорықсаңда тығылар тесік жоқ. Жаулар жайпап өтті, өртеді білгендерін істеді, тарыдай шашылған ел мазасы кетті, бала- шаға, шал- шауқан, қолдан не келер, қақтығысқан өмір сүзеген бұқадай төніп келгенде жаныңды қоярға жер тапай қаласың. Ой сол бір кез, қайран əттең, аяусыз қалған зар жылаған бала үні, қайтесің көнсеңде, көнбесеңде сол.

Нағыз майдан, талай қиналған шақта жертөледе жатқенбыз, жабырқау мінез, ұйқы жоқ. Қай жағынан келері белгісіз, жаныңды қоярға жер таба алмай, талай зəре құтымыз қашқан кезең өтті ғой шіркін. Айнала аппақ қар, ішіктен бүрмелеп берген киім, өңі қашқан бала- шаға, қоян жүрек болып біттік əбден. Анам байғұс жүзі жүдеу жейтін тамақ та жоқ, талай зардап шеккен күндер болды. Содан қалай аман қалғанымды білмеймін, осы күнге дейін қалай жеткенмін, деп ойлаймын. Сұм соғыс талай қазақты зар жылатты емес пе, сол заман өтті де кетті, енді міне жаңа өмір. Бұрынғы кез еске түссе көкірегің қарс айрылады ғой шіркін, құдай ешкімге енді басқа бермесін! Келешек ұрпаққа естелік мұра болар, деп айтып отырмын. Ұғын, еске сақта, аяқ асты болмасын қойын дəптерден əр қазаққа тəлім тəрбие болар ұғынуға бұл жақсы өмірлерінің бағасын.(1 қыркүйек2018ж ақшам намазынан кейін.)

***** ******

Тылсымнан үн қатса мұқият бол!

Қапталдап соққан жау жаныңды жегідей жейді ара тұра «ауыл абайла», деген құс үні белгі беріп қояды. Мұрнымыздан шаншылып, асығып келеміз, оқта текте қақтығыс болмасын, деген үмітпен; «жау жағадан алғанда ит етектен», деп жабысқан қарда мұрша бермей келеді. Әлгінде қазақ жігіті баяулап қалды, бірдеме боларын сезгендей тым тырыс, ана жақта қарайған таудан құлап келеді; « көзіңді жеткіз, үн шығарма, аппақ қардан тез көзге түсіп қаламыз əйтпесе», деген сыбдыр үнмен. Мен де қарап қалмаспын, екі ойрық жол қас қағым сəт қанағат тұтпай, дегбірси бердім.

Өйткені қашан көзің жеткен бір арпалыс қой, жақындап келеді, тағдыр жазса өмір сүрерміз, жазбаса өліп кетерміз , деген оймен алға жылжи бастадым. «Әнтектік қылма қалпағыңды қайырады» деген бұйрық келген соң тоқтап қалдым, əйтпесе жаншып өлтіруге дайын тұрғанмын. Жақындай келе қасқырдың бөлтірігі екен, «ай» деп қалдым. Сезіктеніп келеміз, жау қарасы көрінді, армансыз атқылай бастадық, мылтық үні құлақты жарады, атыс басталып кетті , заң қатаң ескермесе болмайды, тайды таяқ қалмай ел соғысқа аттанған кез болатын. Арасында сергіп те аламыз, алысып жұлысып, енді қайтпекпіз?

Имансыз неміс фашистердің көзін жою оңайға соқпады, арпалыс соғыс ұзаққа созылды. Өлгені өліп, өлмегеніміз кері қайттық, амал қанша, сол аман қалғанға да шүкір. Әйтпесе күлің көкке ұшар еді. Міз бақпастан қатып қалыппын; « кішкене тұра тұршы» деген ойда жоқта əжемнің аузыма салған бір уыс бидай нан еске түседі, аңсап кетемін. Қайтейін қатардағы жауынгермін ғой взвоттағы. Неге екенін білмеймін, анам түсімнен ойымнан шықпай қойды. Алпамсадай қып өсіріп əскерге жіберу оңай ма? Аспандап ұшқан құсқа қарап: « анашыма жеткіз, ұлың майдан шебін басқарып келеді, қаймықпа» деген үн келеді.

Әсіресе жалғыз жатқанда ой салар, аман жетсек шіркін, теңкеріс мұрша бермейді ғой. Алғы шепте келеміз, əп сəтте соғыс шайқас басталып кетеді. Одан қалды дем алу, қанша жерлес бауырлардан айырылдық, əттең осы күнге дейін өкінемін, есіме түссе жүрегім қан жылайды қазір молшылық, шүкір əр шаңырақ əр үйде түтін шығып жатыр. Ел жайлауда сол бір кезең еске түссе, ертегі бір əлемге кіріп кеткендей боламын, адам айтса түсініксіз жайттар еді бауырларым. (2қыркуйек2018жылтаң намазынан кейін)

***** *****

Келесі күнге қалдырма!

Жаз, оқысын ертеңгі ұрпақ кез келген жұртқа да үлгі болары сөзсіз. Жаман айтпай жақсы жоқ, жеткізерсің əлі де, ойларымды. Орман іші жым жырт, топ топ қалың ну орман қайдан келеміз, өзіміз де білмейміз, жауын жауған батпақты жер, қайта қайта құлап, азып келеміз. Қанша шақырым жүргеніміз белгісіз, алдымызда басқарып келе жатқан да басшымыз бар, оқта текте дем алып тоқтап та қаламыз, соғыстың аты соғыс. Сүйретіліп əйтеуір орманнан да шықтық, сай саланы қаптап жатқан ну орман, телегей теңіз жауын жауып өткен.

Күн қысқа əлсін əлсін жауып жауып өтеді, ат арбаға таңылып, жайдақ жолға да түстік. Кейінге шегінуге жол жоқ, қиын қыстау кезеңнің бірі еді. Сол мезет айқай шықты, тұра қалыстық , атты əскерлердің шапқыншылық жасауынан орта бұзылды, көзден от ұшты, көкірек тұстан атып, қанша адам жарақат алды, мидай дала мезгілсіз кезең жеңу қиын ала сапыран сапырылыс . Біремен бір соғысып жатқан, кімді кім жеңді белгісіз, қиналып талып жатыр, кім өлді, өлмеді белгісіз. Шым шытырық арпалыс болып кетті, қасымда қазақ жігіті жəне бір орыс ұлты үшеуміз ғана қалдық. Қашып үлгердік, мұндай топалаң кезең қиын болды, жүректен жүрек қалмады, əйтеуір азар құтылдық.

Жан жақ жайпалып қалды, біздің де жарақатымыз аз емес, ендігі өлместің күні ғана. Домалап, домалап əйтеуір аман қалдық емес пе? Қанша жерден жарақат алдық, маған аяқтан тиген оқ, қан қақсатып жіберді, түнімен таң атқанша қақсатып шықпасы барма. Енді қайттік, мидай далада үшеуден үшеу қалдық, жарамызды таңып, өлген солдаттың киімімен алға қарай жүре бердік, бұта сай саланы паналап жүріп түндік түтін шығып жатырған жерге келдік.

Қанша жүргенімізді кім білсін, өзіміздің әскерлер дайындық үстінде екен, қуана көрісіп, көмек беріп, жарақат таңып жатыр. Міне сондай кезең өтті, ыстыққа да суыққа да қарамай осылай жүрген кезең болатын. Сонымен шолақ аяқ болып мен де елге қайттым, əйтпегенде жүре берер едім. Қасымдағы екеу өзара қалысты, сонан соң міне қанша жыл өтті, қазақ жері аштықта болды ғой, мінеки айтып отырғаным сендерге қиын кезеңнен үлгі болып еңсең түспесін ертеңгі елім. (2 қыркуйек 2018жыл ақшам намазынан соң.)

**** ****

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.