Зікірде келген тарихтан үзік сырлар-5

Толықтырып айқындап жаз. Өзіңе берік бол, əркімнің тағдыры əртүрлі, қай жағынан бастамам екен? Абай бол, ата баба ежелден келе жатқан әдет-ғұрпын сақтап дәстүрін жоғалтпаған. Салт-дәстүрін дұрыс меңгермеген замандарда қайғы мұң қасірет шеккен.

Жадыраған жаздың күні еді шал шауқан бала шаға киіз үй самал жел таудың баурайына орналасқан елміз. Қыпшақ елінің бірлігі бұзылып, сырты жаулардың, қалмақтардың мұны пайлана білген соғыс кезі еді. Елді мекенге жақын келіп қоныстып, айнала жым жырт күзге жақындап қалған сияқты. Көгерген ағаш түбіне отыра кеткенбіз, қайсы бір жетіскеннен алаңдауда жүреміз, телміріп отырамыз, азды көпті несібе соқамен жер жыртамыз, бидай егіп күн көру керек. Бір мезет бидай болса, мəз боламыз аз ғана алған астығымыз қашанға дейін жетер дейсің. Бірақ оғанда шүкір қайнатылған сүт, ірімшік те жоқтың қасы, ашыққанда суға қайтқан қара тулаққа да мəз боламыз.

Күйбең тірлік, шиден тоқылған түндік кереге, одан басқа не бар дейсін тақыр кедейде? Жоқшылық уақыт қой, халықта ашаршылықтан қиналған кез, « көкелерің келді» деген дыбысан бала шаға қорқып кеттік. Жау қарасы көрінді, қалмақтарда аяушылық жоқ көзге түскенін қағып түседі. Ауыл аймақты түгел тінтіп шықты, ешкі малын да түгел айдап əкетті, аш па тоқ па қарап жатқан жоқ, қырып жойып өлтіріп кете барды. Сұраусыз ел, жазығы жоқ шал, шауқан бала, шаға жанып жатқан от қып- қызыл шоқ, көкірегің қарсы айырлады. Жаңа туған балаға ешкі сүтін бере алмай отырғанда аштан қалдық, егесіз елге жан жақтан жау көбейіп, төңкеріп суға малшылап кетеді. Не айла істейсің оған, алайда қайтсең аман қалу керек.

Қайсы бірін айтайын, елге тиыштық болмады ғой. Жертөле үйде тұрдық та, жау шапқанда иіріліп қалатынбыз, қайтсек аман қалу ойымызда. Қопарып, тепкілеп кетеді, шырылдаған бала үні де жаныңды жегідей жейді, тығылар тесік те жоқтың қасы, амал қанша. Киіз үйден будақтап шыққан түтін жаныңа батады, ендігі кезекте абырой, аман қалсақ, деген. Алды артына қарамай қырып кетеді, жау шапты, деген сол əне, əкесінің құны қалғанша тепкілеп, алатынын алып өңгеріп кететін. Мұндайда қалғанын өртеп кеткен кезде дыбыссыз қалатынбыз, ешкімге тіс жармай, тек қалғаны олжа, деп қала береміз, сол заман еске түссе денең түршігеді, əттең бала кезім еді. Сондай күндер де ел басынан өтті ғой, сол себепті осы айтқан сөзді тапсырма ретінде жаз. ( 3 қыркүйек 2018 жыл ақшам намазынан кейін .)

**** *****

Айқындап жаз, келешекте өзіңе сабақ болар, ұмтыл алға, ешкімге қара ма, айқындап түсініктілеп жаз.

Кеңінен тараған Кенесары ұрпақтары жалғасып келеді. Өкінішке орай, отты жылдар да қаза тапқандары да аз емес. Олай бұлай болып кетсек, ұмыт қалмасын, деген ниетпен саған айтып отырмын. Кеңес одағы тұсында қанша ел билеген азаматтар болды, сан алуан хан да батыр да билеп жүріп өтті. Тұмшаланған ел, қырғыз қазақ талай шапқыншылықтыры да өтпеді емес пе? Шегінуге жол жоқ, «аттан түс», деп əмір берген солдат үні көкірегіңді жарып жібергендей болды. Амал қанша, түсіп ол атқа қонды да кете барды.

Жаяу қалдым ендігі кезек қалайда кегімді алу, ашу ыза кернеген тұла бойым өртеніп барады. Бермеске амал жоқ, атып тастайды, енді қайтем бой тасалап келемін. Жалғыз аяқ жолменен сонау дар тастан өткенде қызылдар көрінді, жоққа шығармай бəрін жайып салдым. Соларға қосылып енді іздеу салып, қуып келеміз, қара тымақ киген біреуі қолға түсті, терісін тірідей жонып өлтіруге дайын тұр едім. Қалғаны қашып құтылды, бізде қалыспай бағындырып алдық. Жаудың қай жерде, қалай қашқан ізімен шауып келеміз.

Бұнда да бұрын соңды көрмеген соғыс болды, жауларды қоршап, қапталдап ұстадық. Менде дұрыстап тұрып кегімді алдым десеңші, сатқын сатылып кеткенде, жау қойнында жүргендеріміз де бар өзімізден. Бірақ мұндай атыс шабыс кезінде кімді кім аясын, аяушылық болмайтын. Жекпе жекКЕ дəу жігітпен шықтық, дене болғанмен құр кеуде екен, жеңіліп тұтқындалды. Кейбірі қашып құтылып кетті, қалғаны сол жерде жан тəсілім етті. Талай соғыс жылдары, батыстан соққанда жеңуге тырысатынбыз, келсең кел, деген жігіттер алғы шепте, сен тұр мен атайын дегендер найзамен түйреп өлтіреді бұл бір батырлар соғысы еді.

Кенесары хан басқарған жасақтар талай жауды шауып келеді, бізде қарап қалмай беріспей келеміз. Түкке тұрмайды деген қанша жерден өттік, тау- жыра, жартас түбінен табылған лақ күйдіріп асып жеп отырғанбыз. Кенет шайқас басталып кетті, қай жақтан келгені белгісіз еді. Ол жақ, бұл жақтан да қырылды, жар түбінен аман қалдық. Ендігі өмірдің мақсаты елге жету еді, оған да жеттік, шүкір қой қоздап, егін алқап дәнді болып, Аллаға мың шүкір, талай жерді мекендеп жүріп өттік.

Намысты қолдан бермейтін қазақпыз ғой, осы күнде ойланамын, қалай өткен өмірде адамдарды аяусыз өлтіргенбіз? Сол уақыттар еске түссе, денең түршігеді, енді міне 50 жылдың көлемі болғаны, кеше ғана сияқты жалған дүние, ендігі өмір азбасын, сабақ болар біздірден, деп айтып отырмын (4 қыркүйек 2018 жыл ақшам намазынан кейін.)

***** *****

Таңғы асты ішіп болып жатқан кезім, шəугімді алып келе жатыр едім, ауыл елді жаулар шауып жайпап келеді. Шаш ал десе бас алатын, қасқырша жан жағын жайпап келеді екен аттылар. Көп кешікпей ішке кірдім, соңымнан ере кірген біреуі жұдырықпен періп жіберді де, үйді үйді тінтіп шықты. Ауыл ел соғысқа кеткен атты əскерлерге еріп. Аштық кез, жүдеу тартқан ел, келеңсіз жағдай қоныстанған жеріміз ит тұмсығын тықпайтын жер еді. Келген аттылар атандай атандай екен, шауып шауып айналаны тасталқан қылып кете барды.

Бұл бір ертеректе болған соғыс жылдары ол уақытта аяққа киер кебіс те таптырмайтын, аңырап қала бердік. Аш жалаңаш, қақсап қалған кездеріміз болды. Ол уақытта ел іші көзге көрінбес əр жерде орналасқан едік, айтарлықтай ішіп жер аста жоқтың қасы, көрер көзге қырып кетеді. Ошақ түбінде шикілі пісілі ас жеп отырғанбыз, екі атты əскер кіріп келіп тінтіп қарап, ештеңе болмаған соң шығып кетті. Тышқақ лақ болса да қалдырмайтын. Жауды тойтара шауып, атысып келе жатқан садақпен біздікілер де келіп қалыпты, атыс шабыс ел арасын жайпап өтті. Бірін бірі аяусыз атқылаған батырлар, бірінен бірі асып түсті, жан жақ алай дүлей қырғын соғыс болды, аяусыз текті қазақпыз ғой біріңғай батырлар шыққан қанды соғыс болып көбі қырғынға ұшырады.

Қалғаны батысқа қарай қашып құтылып кетті, тағдыр солай болса іске не шара бəрі бітті, өлгені өлді, қалғаны қалды, амандыққа не жетсін. Ауыл аймақ түгел, мал азық бітті амал жоқ қалғанымыз ол жерден тұра алмай көшіп кеттік жан сауғалау керек. Арыстай азаматтарымызда солай жермен жексен болып кетті, несін айтайын шықпас жанға не шара. Солай болған өмір еді деректі əңгіме құрастырып жалғап айтып отырайын, сөздерін ретке келтіріп жазарсың, келешек ұрпаққа бұндай кезең кайталанбасын (5қыркүйек 2018жыл таң намазынан кейін)

***** ******

Көрінген жау есіктен емес, тесіктен кірді, малшыланған су үсті басымыз, аяқ басар жер жоқ, бір түпкірде тығылып жатқанбыз. Оларды көргенде кемсеңдеп қоя бердім, түгел тінтіп, жалаң аяқ жалаң бас бізді ол жерден айдап шықты да өртенгенін өртеп кете барды. Төгілген ағарған, аяқ асты болып қалды, алып ішуге дəрмен жоқ, талықсып жатырмыз. Шаңқай түс бір біріміздің байланған қол аяғымызды шешіп, шаққа ретке келдік ау. Ара тұра бала да жылап, мазада кетеді, тарыққан тақыр кедей аштықтан шаққа отырғанда, балаға қарауға да мұрша жоқ.

Есімізді швққа жинадық, ел іші апан топан. Жəңгірханның тұсы еді, безілдеген баланың үні берекетті алып, жау жағадан, ит етектен, дегендей шырылдаған бала үні да мазаны алып болды. Табыс көзі жоқ, аштық кез, аң аулап та күнелтіп келеміз, ешкі сүтімен азын аулақ қалған етпен ел асырап келеміз. Ел жайлауға көшкен уақыт, қоныстанған жеріміз көк майса. Егін егілген алқаппен күнелтіп келеміз, енді қайтпекпіз. Арыстай арыстай жігіттеріміз соғысқа кеткен, ел ішінде азды көпті несібемен, ауыл аймақ шаққа өлмешінің күнімен күнелтіп отырған жайымыз бар.

Былтыр қыстан езіліп шаққа шыққанда, əлсін əлсін шауып өтетін жау жасақ күштері де бар. Мұндайда жер көкке симай жүрген елде тиыштық жоқ, жау қарасы көрінгенде жамау жыртық үйді үйімізге тығылатынбыз, əй шəйға қарамай тінтіп жаншып кететін. Қолдан келер дəнеңе жоқ, қала береміз сол бір кез кемшілік уақыт болатын. Тағы да арқадан келіп шауып өтті, жан жақты қарсы тұрарлық атыс шабыс болмады ғой, сол кез тынымсыз үреймен өткен күндер болды, ер жеткен боз бала соғысқа аттанатын, сол бір кездер өтті ғой шіркін тынымсыз аққан бұлақ судың көзіне қарап ұзақ отыратынмын.

( 5қыркүйек2018 жыл ақшам намазынан соң)

***** *****

Жаугершілік заман болатын, салт атпен келе жатқанбыз, онда жаяу əскер де бар ол кезде тек алға ұмтылу кезең еді. Сол уақытта 17 -18 жас шамасындағы шығармын. Әкеден ерте қалдық, тау тас өзен бəрін жағалай судың жағасына келіп тірелдік. Жау қарасы көрінді де соғыс басталып кетті. Тауке ханның заманы еді, соғыс атыс шабыс, телегей теңіз қан болды. Сөзбен айта алмастай мықты соғыс болды, адамдар аяусыз қырылды, айтып жеткізу қиын. Әр жерде бір құлап жатқан адам, солай батыс жағалауын өрлей шауып кеттік, су жағасында қалғаны қала берді, ұмыт қалмасын деп, белгі шоқы қойып кеттік.

Жайқалған шөппен, боз еркін далада шауып кете бардық, ойсыз қырсыз жермен өтіп талай жерді шарладық, сонымен осылай жастық шақ та өте шықты. Мұндай соғыста аман қалу да жоқтың қасы, айлап, жылдап соғысқан күндер де өтті ғой десеңші. Қайран сол кездер, еске алсам ойға шомып кетемін.Талай тайғақтан өттік қой. Алла амандығын берсін, ендігі жастарға қолыма қалам алып, осы бір жайтты қазақ халқы естісін, деген ниетпен жазып отырмын, ел тиыштығын берсін келер ұрпаққа

( 6 кыркүйек 2018 жыл таң намазынан соң.)

****** *******

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.