Зікірде келген тарихтан үзік сырлар-6

Абылайхан бастаған қалың қол сайма сай тұрған еді қалың жау тұс тұстан садақ оқпен атқылай берді, жан жақтан шыққаны қоршауға алмақ ойлары байқалады. Солай бізде қарсы тұрып соғысты бастап кеттік. Сонымен бізде қарап қалған жоқпыз, алыстағысын садақпен жақын келгенін найзамен түреп қылышпен кесіклеп шауып жаттық. Сонымен қайдан қалай жаудың соқысы болғанын аңғара алмай емескі болып кетті де емескіден есімді жисам, əлі қалыспай жатқан қалың қол беріспей алысып, қапталдап соғысып жатыр екен. Тұруға шама жоқ, ентігіп жатырмын, итіс тартыс қанша соғыс баолғаны белгісіз жау жағы жа көп сияқты.

Сонда да біздікілер алдыра қойған жоқ, оқшаулау тұрған біреуіміз маған тұруға көмектесіп атқа қондырды, елеусіз жатқан жерімнен. Оның менің құлап жатқан жеріме тап болғаны мұнша жақсы болар ма, қайтсек жеңеміз, деп қол жинап шыққан едік, айтқан сөз атылған оқпен бірдей, басшы айтса біз қостаушымыз ғой. Елді мекен қанша жерде болса да мұндай бітпейтін соғыстан елден тыныштық кеткен еді. Алладан үміттеніп əжемнің ақ батасымен аттанғанмын, шүкір несін жасырайын жарақатымды таңып, күн жарымнан кейін қатарға мен де қайтада ілесе бастадым.

Торуылдан шабуылдап жатқан жауларға мен алдырмай келемін, бір биік төбеден өткенде жаппай шабуыл тағы да басталып кетті. Олармен тұрысып жекпе жектен де өттік арасында, қайсарлық батылдық танытқан бізде қорқу деген жоқ, қайта шыңдала түстік. Ә,лде жастық па, өршелене түсеміз, алдырмай келеміз, жаспыз ғой күш қайратмыз тасыған, сол шамасы отыздың үстінде шығармыз. Жау келіп қалды, аттан дегенде ақ ілеспей тұрмайтын едік. Бір түнде ақ жау ортасына жасырын барып, шауып келетінбіз қандай қайтпас қайсар жігіттер болды десеңші.

Қазір бəрі ұмыт қалғандай, ертегі сияқты сонау қиын қыстау кезең өтті ғой басымыздан. Міне елу жыл оттасқан кемпірім де қайтып , өмірден түңіліп отырмын, сол соғыстан аман келгенде қайғырмаған, енді мынау кемпірімнің қайтқаны қабырғаны қайыстырып отыр. Несін айтайын, бұл уақытпен бейнеленген үн жарыққа шықса, деп сол замандардан естелік ретінде айтып отырмын. Ендігі заман ел тиыш жұрт аман болсын, қазағымның жеріне жеңіспен келген кең байтақ елім аман болсын, деп тілеймін. Бұл сөздерім ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берсін, біз көрген қиындықты кейінгі ұрпақ көрмесін бейітшілік болсын ылаймда! (6 қыркүйек 2018 жыл ақшам намазынан соң.)

**** ****

Салқын күз түсті шөптің басы қыраулана бастаған мезгіл еді, ел жұрт ел жұрт тоңған соң күпі киіп, уйді үйге тараған едік. Тау етегі салқын ызғар тарта бастаған кез, ел қозғалса бізде қозғаламыз ба, деп отырған кез болатын. Айқай шықты, абдырап қалдық, шамасы бірдеме бүлінген, ау деген үмітпен далаға шықсам жау тас төбеден келіп қалыпты. Абырға кіріп қойып кеттім, тек бір шыбын жан жан сауғалап отырғанбыз, жау елді шауып кете барды да жолында кезі келген жігіттерді еркек кіндіктінің бәрін аяусыз атып өлтіріп кете береді.

Бұндайда тығылып үлгереміз, əйтпесе біттің, құрыдың, ауыл аймақ түгел тінтіп, дүние мүліктің бәрін шашып өте шықты үнсіз отыра бердік. Артынан ер жетіп, мен де жорыққа шықтым, соғысқа аттандым, жаста болсам тұғырыққа тимейтін алғыр едім. Қаламын ба жауға атанған топтан, ілесіп кеттім, кегімді қайтару болды қалайда жасыман көріп келе жатқан. Ондай кезде бала шаға бауыр бəрі ұмыт қалатын, сенсең де сенбесең де сол өз қатарымнан асып түстім. Алға ұмтылу, алғы шепте тепсе темір үзетін жігіттер, кілең батырлар. Үнемі суыт жүріп, жылқы сүтінен нəр аламыз, тек бір қасқырлардың қолына түсіп қалмасақ болғаны.

Шабуыл, шайқас талай кезеңді бастан өткізіп келеміз. Сен тұр, мен атайын, деген жігіттері болған хан батырлардың тұсы ғой. Жауға аз топпен шапсақта, омсыратып үлгеріп жүрдік ендігі кезең олардың қайта шабатын алдын алу болды. Тапсырма берілді, құптадық , кезек күтіп тұрмыз. Жау қарасы көрінді, алға бастық, тіреліп келеді жан жақтан қоршап қолға да түсірдік. Тегістік алқап ал жан жақ тау, орта жазық, жақсы шайқас болды. Тер төккен аттың да шаршағаны көрініп тұр, бізде қалыспай бір шама қылдық сөйлеуге дəнеңе дәрмен жоқ, тек абай болып көріген жаудың көзін құрту еді.

Оңтүстіктіе жері ғой, Қарахандай батыр бастаған әскерлер елді мекендерден өткенде батырға батыр қосылып, шаш ал десе бас алып, қалыспай келеміз. Әлде басшымыз мықты болғандықтан ба, əйтуір кездескен жауды жеңбей қоймайтынбыз. Ел іші ушу не бір соғыс дүрбелең өтті десеңші, қазақ батырларының басынан. Сөз жоқ қайтпас қайсар едік қой, сөзге келмей қағып тастайтын, тілге келмей асып түсетін едік. Енді міне жаңа өмір салты, əр қазаққа ескерткіш қою керек қой, қазақтың батырлары небір соғыстан өтті, небірі қаза тапты, əр батырға қанша ескерткіш қойса да артық болмас.

Ел жұртын ойлаған дана халықпыз ғой, отан үшін алға тартқан қанша қазақ жігіттері отан үшін отқа түсті ғой шіркін, көкірек сайрап тұр, осымен сөзімді доғарайын. Кейінгі ұрпаққа үлгі болсын, деп айтып отырмын ағайын, бұлда бір естелік болып қалар, келер ұрпаққа бұл айтып отырған əңгімемді оқып шыңдалар. Келешектегі ұрпақ əр қазаққа ой салар деген үмітпен айтып отырмын ағайын бұлда бір өткеннен естелік болсын сендерге ғибратанатын.(7 қыркүйек 2018 жыл таң намазынан кейін.)

*** *****

Шым шытырық түстерден қатып ұйқтап қалыппын да, оянсам тасталқан болған ауыл, ығы жығы түсініксіз не болып жатқанын білу де мүмкін емес еді. Жан жағыма алаңдап, тұрып қалыппын. «Аттан соғыс басталды тез», деген үн жүректі дір еткізді, селтиіп тұрып қалдым, «мелшиіп не қарап тұрсың» деп жұлқи тартқан ағамның қолы селт еткізді. Атқа қарғып шаба мініп, қаша жөнелдік, қарауыл қарап қояды шегінуге де жол жоқ. Тастаймастай үй күйді тастап қаша жөнелдік, ер жетіп қалған кезім, шапқаннан шауып отырып, бір жерге тығылып үлгердік.

Артымыздан ілесе қуған жау тобы үстімізден айналып өтіп кетті. Ат дүбірі алыстап кеткен соң, енді ауылға қайттық. Аман сау қалған соң, шағын ауыл елді мекен, тау бөктері жағалауға орналасқан еді. Сол жерден дəм татып, қайта шаба жөнелдік, əлі де алыс сапар жүріп отырып, атқа қонып, жан жағымызға қарайламай тез тез жүріп отырып, біздің батырларды тауып жеттік әйтеуір. Сол жерден кездесіп, біз де соғысқа аттандық, ол кезде балалық кезім ба қатарымнан жастау болатынмын. Ертеңіне тұтастай жау көзін жоюға кірістік, мінген атым əлсіз болса да, қалыспай келемін. Жанымда келсең кел, деген арқа сүйер ағаларым бар.

Сонымен жау ат шаптырым жерде келіп те қалды, біз де тіресе кеттік, жағаласып болдырмай жатырмыз, болдырып қалған аттан секіріп түсіп, келесі атқа қарғып мініп қапталда й бердім жау жасағын. Ашу ыза кернеген, өшіңді алу бұндайда тіптен жеңіл болмады, тіресіп біз де қалыспай, жан жақтан шапқан соң жау әскері жайпалып қалды, «Жарайсың, жаста болсаң қалыспадың, міне нағыз жауынгер» деген атақ алып, ағаларымнан бір серігіп қалдым қуанышымда шек жоқ еді. Қорған болар, арқа сүйер ағаларым тұрғанда әрине күш қайратың тасиды, жаудан кек алуға деген ынтаңда артады.

Келесі күні тағы да шабуылға шықтық, өліспей беріспейміз деген, үнмен мен де масайрап келемін, қай жерде болса да найзаның ұшымен жаншып өтуге дайынмын. «Ал кеттік» деген үнмен жүріп келеміз, батырлық қой шіркін, қорқу деген жоқ, ойға да келмейдІ тіптен, жаудың қарасын көрсек шабыттанып кетеміз. Қанша жер жүріп ат терлетіп келеміз, тосын бір жерден көрінген қарайған жақындай түсті. Ә сағанда, мə саған алдырмай жұлдырмай жайпап келеміз, шабуыл басталып кетті, кеткені кетті кетпегені қалды, құлады. Аттарын ер тұрманымен жетектеп алып кеттік, бағындырып шауып жүріп өтіп, ағыс су жағасына тоқтап дем алып, жайғасып отырғанбыз, əйтсе де ат үркіп кетті, жан жақтан қоршап келе бастаған жау жасағы екен.

Шым шытырық соғыс басталып кетті де аяқ астынан ешқандай дайындлықсыз болса да, біз де қалыспай айқаса кеттік. Сөйтсек ертіп келген екеуі жаулардың қашып кеткен де біз тынығып отырған жерге ертіп келіпті. Олардан шаққа дегенде аман есен құтылдық, əйтеуір жарақат жарақат болып, бұл бір ауырлау соғыз болып өтті біз үшін де. Сонымен аман қалғанымызға қуандық, жоқ жерде шыға келіп, ойламаған жерден лап қойғанына таң қалдық жаулардың қалай ізімізіге түскенінен.

Небір соғыстың көкесін көрдік қой, несін айтайын, сол бір кездегі жастар өте қайратты, өткір батыр болатын. Қанша ұзақ шауып келсе де алдырмайтын, қайсар алдырмас, жұлдырмас ер тұлғалы батыр жігіттер өтті ғой сол заманда. Әттең ер есімі, ел есінде мəңгілік қала бермек болса екен, деп отырмын. Өткеніңді қадірлемесең бүгінгі өміріңнің құны да маңызыда болмайды қарақтарым. Тыныш бейбіт заманда өмір сүріп, өмірдің құнын, Алланың қадірін түсіріп алмаңдар деген ниетпен айтып отырмын. (7 қыркуйек 2018 жыл ақшам намазынан кейін.)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.