Зікірде келген тарихтан үзік сырлар-7

Оқырман қауымға ата жолындағы зікір туралы жағдайдан мәлімет бере кетейік. Зікір Алланы еске алумен сезімге бөленіп бір ерекше күй кешу емес, маңдай көз ұждан арқылы жан ғылымын меңгерумен нәтижелі болмақ. Өз тағдырыңды тазартуға қайта жауға Алладан шындықты келтірумен байланысты болуы керек. Менің жеке өзіме зікір үні арықы мың есікті тылсымнан ашуға аманат түскенді. Енді осы үнге жалғану арқылы әрбір тақуалықта ізденуші пенденің өзінің тағдырына жеті аталық тегіне байланысты белгілі бір көретін, еститін, меңгеретін дерек жүйесі болады.

Енді бұл деректердің де сипаты өз еркешелігі болып, ғылымнан, тарихаттан, түрлі білімнің салаларынан, қасиетілігне байланысты адамзат жанын жетедіруге құпиялар оқылып қазіргі заманың білімдерін тазартып қатесін түзеп отруға мүмкіндік ашылады. Сонымен бірге жүйке аурунан бастап түрлі аурулардың шипасы да үнмен түсіп сауығуға да мүмкіндік болмақ. Діннің тура жолы дегенміздің осындай маңдай көздің ашылу дәржесімен ғана анықталуы керек.

Бірақ өкініштісі, қазақ ұлтының мұндай Алладан түскен нығметін ерекше сыйын әзірге ата жолындағы аққу, сұңқар аталғандардың өзі меңгеруге қабылетсіз, құлықсыздық танытауда. Сондықтан арамыздан шығып жатқан аз ғана осындай қасиеттілерден келтіріп жатқан деректерге қанағат қылуға да тура келеді. Енді бұл жүйенің де өзіндік дамуыннан да зер салып отырыңыздар, алда мүмкін тосын біз білмейтін жоғалтқан тарихтың қойнауынна сырлар да оқылар. Сәттілік болсын жамағат!

***** *****

Кешікпей жаз, үнтаспаға өтсін талаптан. «Алға!», деген деген дауыс шыққан соң, мен де қарап қалмадым, титтей де болса көмегім тисін, деген ниетпен асыға шауып келемін. Алғырттық мінез, əкеден тараған нағашы жұртым да осал емес, талмай шауып келеміз. Жауға жетіп алып, беріспей күн жарымдай соғыстық, азын аулақ ас-тағаммен жүрек жалғап аламыз да әлденіп алып, сосын қайта шабуылға кірісіп кетеміз. Әйтпесе болмайды үнемі қозғалыстан әлсіреп қалу қаупі бар. Не бір қазақтың алуан түрлі жастары болды сол жерде.

Шап десе шаба жөнелеміз екі етпейміз, атқа қонамыз шабуылдан шабуыл, соғыстан соғыс, атта шаршап ,кейде бұта түбіне жайып та аламыз. Өзмізде дем алып, шалқадан түсіп жатқан кезімде, бір сыбдыр естілді де, онан оянып тұрып кеттім. Көзімде де ілініп кеткен екен, асығыс атқа қонып шаба жөнелдік, қарауыл қарап тұрған еді. Сонан жау қарасына кездесіп, еркін соғыстық, ұрыс қыза түсті, əбден соғысып, ашу ыза кек қайтарып келеміз. Бұндай соғыс бола берсе екен деп, жау қарасы көрінсе алдырмаймыз шауып өтетінбіз. Бұл да бір қиын мезеттер еді.

Өтеміс батырдың кезіндегі соғыс еді ғой, ер ғой ер қанша жерден жау шықса да алдырмай, жұлдырмай оралатын едік. Сол кездегі батырлар ер тұлғалы, қазіргінің жастары басқаша ғой. Бұрын денелі нарттай, анау мынауға алдырмайтын, кезі келгенді атып түсіріп отыратын шетінен мерген еді ғой. Дене десе дене бар, ондай жігіттер қайда қазір? 60, 70 шақырым жəне бір күндік жерден бір мезетте шауып келетін еді ғой. Алла қаласа ондай жігіттер де шығар мүмкін. Күн жарымның ішінде шауып өтіп елге оралатын еді ғой, сондай таптырмайтын батырлар болған. Мөңке бидей билер де əр сөзін дəріптеп, əр сөзін ақылмен əрі ұзаққа жеткізіп отырған. Міне осылай болды ендігі айтарым, жан жақ тиыш ел жұрт аман болсын қазақ жері кең байтақ ел ғой ( 8 қыркүйек 2018 жыл таң намаздан соң)

***** *******

Жүрегіңе күмəн салма болған оқиға ізімен айтып отырмын. Тақыр кедей едік, аштық кез болатын, ашаршылық соғыс уақыты, бала шаға ауылда елде қалған еді. Ер жеткен бала, еркек атаулы бас көтерер адам қалған жоқ, бəрі соғысқа кеткен, шабуылы мықты ғой жаудың да, қанды соғыстар кезеңі өтті ғой басмыздан. Атам да соғысқа кеткен, ел іші өте қиын кезең, шауып келген қос атты ауылға еніп келеді. Мен де əжемнің бауырына еніп кеттім, атты қазақтар ел аралап қорған болып жүрген жүрегіміз тас төбемізден шықты əжем иманын үйіріп отырып қалды.

Аллаға шүкір өзіміздің сарбаздар екен ғой, деп шүкіршілік етті. Текке тұрмайтын нəрсеге ашулана беретінмін, сонда əжем сенен осы бірдеме шығар, тыңдамасаң аттың құлағына мінгестіріп, соғысқа əкеңе ертіп жіберемін, деп қорқытатын. Соғыс десе, жым- жылас үркіп кететінбіз де, қорқып талай таңды көз ілмей атырған уақытта болды. Ашаршылық соғыс кезеңі ғой, кімге өкпелейсің, күңіріренген ел, азғантай ас болса да мəз боламыз. Әкем соғыста, үйде əжем атам, анам қалғанбыз, менен бөтен ермек жоқ үйде. Әжем бірдемелерден бірдеме қылып, ас пісіріп береді, əр күніміз үреймен өтеді, киім де ас та тапшы, аң аулап азын аулақ күнелтеміз.

Әжем аң терісінен бірдеме киім қылып, астымызға жастық қылып, солай өмір сүрдік, ешкімнен кем қылмай ауыздарындағысын менің аузыма тосатын. Өмірімнің жалғасы, болашағымыз сенсің, жалғызымның ізі, деп отыратын. Енді міне өстік, өркендедік шүкір үйлі баранды болдық, осығанда, қайтқан күнде қайыр бар, деген немере сүйіп келеміз. Ал бұлардың біреуін де көрген жоқ, сол бір атам мен əжемнің санама құйып өсірген ұрпағының қызығын көрмей кеткені, ішті қынжылтады. Өйткені мен жас болдым, оларды сол қиындық уайым шаршатып кетті, «жалғыз баладан қалған тұяқ өмірімнің жалғасы», деп отыратын мінекей балалар бұлда болса естелік ертеңгі күнгі ұрпаққа, еңселерің түспесін . (8 қыркүйек 2018 жыл ақшам намазынан соң)

***** ******

Асықпа ынта қойып жаз! Дүниеге келер ұрпаққа, өмірде көрген білген, бастан өткенді баяндап шығайын. Мұқият тыңдап ал, келер ұрпаққа жеткіз, ұмыт қалмасын, соғыс уақыты зардап шекпеген адам да қалмады. Тоңып шашырап келеміз, атқа қондық әйтеуір, əйтпее ұстап алады. Ел іші аласапыран, соғысқа аттандык, қатардағы жауынгер болып. Әскер басшымыз өте қатал адам, жауға қарсы шабуылға шықтық, бекем болыңдар т.б. ескерту салды. Мықты деген жігіттер топты бастады, əке шеше бəрін ұмыттық, тек алға жауды жеңуге тырысамыз.

Сонымен бетпе бет соғысып келеміз, алға келген қарсы шыққанды қағып түсіру міндет еді. Қанша шақырым жүргеніміз белгісіз, жырамен өттік, жаудың жиналып жатқан жерінен үстінен түстікте, аяқ астынан соғыс ашып, састырып шауып, қырып та үлгердік. Бірақ бізден де кеткені аз болмады, сондада қоршауға алып, аузы мұрнынан шығарып тасталқан еттік. Сөйтіп кете бардық, міне нағыз батырлар, соғыс мықты болды. Одан жүріп отырып, шамалап дем алып, тынығып кететін аулыдар да кезедесті жолымызда. Көбіне біз қара су ішіп, шабуылға шыға беретінбіз, жайқалған жауқазын ен дала қандай еді. Шабыс атыс кезеңіде қанша соғысты көрдік, бірімізге біріміз сүйеу демеу болатынбыз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл деген бір ауыздан болдық айта берсе əңгіме көп осымен доғарайын өткеннен естелік қой. (9 қыркүйек2018 жыл таң намазынан соң)

**** *****

Еске салсам, өте қиын кезеңдер еді ел ішіқақтығыс жастық шағым еді. Зеңбірек оғы əлемет ұшқындап тұр, орман ішімен келеміз, бұғып, тығылып жан жағымызға қарап жүріп келеміз. Қайткенде қолға түспеу, ептеп, септеп одан да өттік, алда əлі қанша жол бар. Тыныстап дем алысқа тоқтаған жерде окоп та қазып қойғанбыз, сөйтсек ізге түскен жау жақындап қалыпты. Бізде дайындықты тез бітіріп соғысқа кірісіп кеттік, немістер əл беретін түрі жоқ, əскері əлемет, біздер жақта осал емес. Қызу шайқас болды, өртенді, өлді екі жақта қалысқан жоқ.

Мініп жүрген техникалары да əлемет жанып кетті, қара түтін болып. Соғыстан быраз шаршап елге қайттық. Соғыстың заңы екі жақта беріспеу еді, алайда жаулардан сау темтік қалған жоқ. Сонымен біздерден де аман қалғанымыз жүріп кеттік, соғыс көктемге дейін созылды, аман есен жүргенімізге шүкірлік етеміз, қыстан да аман есен шықтық . Көктемнің балшығынан да арылып келеміз, жау таяп қалды. Біз де қарсы шаба жөнелдік, бұл соғыс біз үшінде өте қиын болды, әзер дегенде жаудан құтылғанымызға қуанып келеміз. (9 қыркүйек 2018 жыл акшам намазынан соң)

**** *****

Көпшілікпен дем алып отырғанбыз, жаяулап екі солдат келіп жетті, неміс таңкілері жақындап қалғанын ескертіп, бізде сапқа тұрдық, тез жиналып соғысқа қарсы шықтық. Бұта бұта арасынан көрінер көрінбес, іліне сала еріп келеміз, жауынгерлерде дайындығы сайма сай еді. Аттысы алда, артынан жаяу аскер ұмтыла жорта шауып келеміз, кенет бұта түбінен жолыққан солдаттарымыз жауға қарсы алдарынан түсті. Жаудың да тобы көрініп, от түтін əлемет қырғын басталып кетті. Жау шабуылдап жақындап қалды, танкілердің ішек қарны ақтарылып, қанды майдан қып қызыл өрт, қара түтін будақтап аспанды алып кетті.

Бірінен бірі қалыспай, екі жақтан от ұшқыны əлемет, қанды қырғын болды. Біздікілер енді қаша жөнелдік, өйткені көп қырғын болған мен от əлемет, аяқ басар жер жоқ, бəрі біз де, неміс те əбден тапталып, жермен жексен болды. Қашып барып жыра түбіне бой тасаладық , зеңбірек оғына ұшқыннан өткен жарақаттарымызды таңып, əрі қарай кете бардық. Әбден əлсіреген күйімізде, өзіміздің қызыл əскерге жолығып, тынығып ас су ішіп, жолға қайта шықтық. Айбынды қазақ сөзІ сүйектен өтеді, деген басшымыз қалай жұмсасада қатал сөйлеген сөзі, шегелеп өткізіп жіберетін. Мұнан бізде намыстанып күшейе түстік, құдайдан бұйрық келмесе өлмеспіз, деген үмітпен кейде дем алуды да ұмытып кететінбіз. Енді міне рулы ел болдық, үкімет орнап, əр шалдың омырауы толған темір, олда еңбектің бағаланғаны. Құдай амандығын берсін, соғыстың аты соғыс қой (10 қыркүйек 2018 жыл таң намазынан соң )

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.