Зікірде келген тарихтан үзік сырлар-9

Әлемнің іздеп жүрген, маңдай көзбен іштегі мені жүрек үнімен сөйлетудің ең дұрыс төте амалы тәсілі ата жолында ғана бар қазақ елінде. Енді жаратылыс сөзден басталса қандай да бір пенденің қасиеті дұрыстықпен бейнеленіп ,ашылып адамдыққа қызмет қылу үшін алдымен сөз өнерін меңгеру шарт. Ана тілінде дұрыс, қатесіз сөйлеуді меңгермей қасиетті болған, аралас сөйлеп немесе өзге ұлттың тілінде сөйлеуден періліке және 7 топтық жындарға ғана қызметке тұрып алады. Сондықтан ендігі таңда ата жолында өзін қасиетті немесе аққу, сұңқармын дегендер қатесіз ана тілінде сөйлеуді меңгерулері шарт. Бұл жазбаларда аққуды зікір арқылы аруақтардың қатесіз сөйлеп, ата дәстүрінен насихатты айтуға тәрбиелеп жатқанына көрніс береді. Осындай сөз өнерін дұрыс меңгерумен ғана болшақта батаның да қетесіз шығаруына жол ашылмақ!
***** ******
Көркем жазушы, ағартушы, Ыбырай Алтынсарин атамыз, жүрегінен шыққан сөздерді əр балаға қазақ ұрпақтарына аманат өсиет қылған еді. «Кел балалар оқылық, оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық,оқысаңыз балалар шамнан шырақ жағылар, тілегенің алдыңнан іздемей ақ табылар», деп айтқан сөздерінің мəні ерекше айтылған. Мағыналы көркем сөзбен баланы білімге білімге шақырып, ықыластандырумен одан биікке жоғары көтерілу, яғни алға ұмтылу білім нұрымен сусындатып көзін ашу, ұрпақтарымызды біліммен жетілдіру, Бейімбет Майлиннің да өлеңдері шығармаларында бар. Ілияс Жансүгіовтың да жазушыларымыздың да; «Күзгі таң, Азаттық жолында», деп жазған ақындарымыздың өлең жолдарына шектеу қоя алмаймыз.

Әрине қазаққа өмірдің нұсқасын қаншалықты қиындықтан арылту деңгейінде айтылған еске салсақ Қасым Аманжоловтың да жазған өлең шумақтары сай сүйегіңді сырқыратып жібереді. Әрбір батыр, жыршы ақындарымыздан ғибратынна үлгі алып тараған шəкірттері күннен күнге ұласып келеді. Құрманғазы атамыздың күйлері де жарыққа шығып, өзбек, қырғыз ,ресей басқа да ұлтты таң қалдырғаны, тылсымнан батасын беріп ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Батыр аталарымыздың даңқы артып, үлкен үлкен қалаларда көше аттары жəне білім беру орталықтарында да үлгі боларлықтай. Мектептерде де Құрманғазы аты аталып, топтар ұйымдастырылып театрларда да т. б. жерлерде де батырларымыздың ақын жазушыларымыздың даңқы артып келе жатқаг жайы бар. (13 ақшам 2018 жыл ақшам намазынан соң .)
**** ****
Батырлығымен қайсарлығымен жырлап өткен əр қазаққа үн тастаған үн тастаған батырлар жыры да əр қазақтын жүрегінен орын алады. Әр қазаққа берер нəрі де мықты. Тілдің байлығын берген Мөңке бидей бабамыздың ауыз екі сөзінің өзі мағыналы оқығанда жүрегіңе ой салар жаныңды сусындатып. Ал естелікпен осы тұрғыда болашақты болжап кеткен өлеңдері де мінсіз орындалып жатқан жайы бар.Ащы да болса шындықты көріпкелдік қасиетімен айта білген, сонымен қатар Төле Қазыбек Əйтеке билермен тұспа тұс, ақын батыр билеріміз өмір сүргенде еді.

Сүйінбай атамыз да тілінің шешендігімен мағыналы түрде жеткізіп отырған, домбырамен шертіп айтса, бірін тіл байлығымен шешендігімен, көркем сөздерімен, мəнерлі əр қазақтың жүрегінен орын алған ақындылығымен көзге түсіп отырған . Сондай ақ Бауыржан Момышұлы ағаларымыз да ер тұлғалы батыр мінезімен өткірлігімен де көзге түсіп отырған жауға қарсы шыққан, сонымен қатар қаталдығымен, батылдығымен де көзге түсіп отырған өнегелі сөздері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.(14 қырккүйек 2018 жыл таң намазынан соң.)
**** ****
Елдің өз туын бөлек көтеріп егеменді болып аталуымен және ата жолының басталуымен, аруақтардың көтерілуімен болған еді. Сол кезеңдерден бастап қазақ қазақ болып ата бабаны еске ала бастады, батысқа елеңдеп, салт дəтүрін ұмытқан, тілін, дінін ұмытып бара жатқан бауырларымыз аруақтың үнімен, тылсымнан ақ батасымен беті бері қарап, жүректеріне иман кіре бастады, аруақтары аянмен жетелей бастады. Аллаға құлшылық қылып, дінге бет бұрып, имандылыққа жығылып құран оқылып , ораза , намаз тақуалыққа да бет бұрды.

Сəждеге бас иген ұрпақтарымыз да көбейіп келеді жылдан жылға. Шама келсе имандылыққа бет бұрып, Аллаға құлшылық қылайық, ата баба аруағына құран бағыштайық, қазақ дəстүрін берік ұстап, бағалай білейік. Әр қазақтың жүрегіне иман берсін, келешек ұрпақтарымыз иманды, ақылды саналы тəрбиелі болып өссін демекпіз.(14 қыркүйек 2018 жыл ақшам намазынан соң.)
**** *****
Батырлық, батылдық ілтипаттылық əр қазаққа жарасқан. Көк байрақ қазақстан елі де көркейіп келеді, басқа елдерге қарағанда артықшылығы былай тұрсын, жер қазынасы бірінші орынға ие болып тұрған жайы бар. Қазбаларын өз мақсатында елдің игілігне жердің азып тозбауына пайдаланып және ол жағын ұқсата білген жандарға, ежелден ертеден дəстүрлі қарапайымдылықпен мал өсіріп, малдың етімен жүнімен, терісімен, сүтімен, егіншілік айналысып келе жатқан қазақстан басқа елге қарағанда мал өнімін арттырып, қай жағынан болмасын, қандай тұрғыда ешкімнен қол жаймай өмір сүруді меңгерулері керек. Мұндай несібе табысы мол халықтарда жер бетінде баршылық. Бірақ олардың салттарына еліктеп кеткенде дұрыс емес.

Сонымен қатар ата бабамыз егіншілікпен де айналысып жер анадан да мол өнім алып отырған қазақстан басқа елдерге қарағанда өздеріне жетерлік несібесі асып түспесе кем емес. Жерден шыққан темір, тас, метал мұнай шебін алтын судан алатын т. б.өнімдері мол. Сол байлығымызды ысырап қылмай, ақылмен ой санамен ауыз біршілікпен ұйымдастырып, Алланың жер қойнауынан берген несібесін төкпей, шашпай бағалай білгенге не жетсін. Осындай ауыз бірлік, татулықпен өзіміздің ұлттық дәстүрімізді ұстанумен, мұндай өмір сүру салтымыз әлемге де үлгі болып, үйренуге тырысар еді.

Сол баяғы өткен заманда ата бабаларымыз жер үшін ұрпақ үшін жауға қарсы шығып, жанын қиған жоқ па? Ағайын, бірлік бар жерде, тірлік бар, жұмыла көтерген жүк жеңіл, дегендей Құдайдың берген несібесін ұрпақтан ұрпаққа жеткізе білейік. Отан үшін жан пида, деп өткен ата бабамыздын əр қазақтың жүрегіне жеткізе білейік. Табысы мол, жемісті қазақпыз ғой, қазақ жері кең байтақ, өзіне тұрарлықтай болашаққа мол сеніммен қарайтын жер ғой. (15 2018 жыл таң намазынан соң)
***** ****
Бүгінгі таңда Қазақстанда əр қазақтың жүрегіне иман кіріп, имандылыққа бет бұрып келеді. Қажылық жасау, ораза тұтумен, Аллаға бет бұрып, имандылыққа еніп, намазға жығылып, ата баба аруағына құран бағышталып, зиярат етіп, тақуалыққа бет бұрып келеді. Әрине олда болса жеті атасымен, жеті нағашы, жеті қайын атасының аянымен жетеленуімен, ұятын іздеп орамал тартып, дəретті жүргендер де көбейіп келеді. Жастармен үлкенердің де көзі ашылып дəретке де көңіл бөліп келеді. Соңғы кездері жастардың тойлары да шарапсыз өтуде, мешітке баратын халқымыз, жастарымыз көбеюде. Бұлда болса имандылықтың белгісі. Алла амандығын беріп, ел халқымыз тиыш қазағымызға ұрпақтарымызға иман нұрын беріп, ауыз біршілік жəне берекелі ел болсын. (15 қыркүйек 2018 жыл ақшам намазынан кейін.)
**** ****
Қазіргі таңда туыла бітті кеміс бала туылып келеді. Немесе дүние есігін ашқаннан кейін де. 7 жасқа дейін де, анасының құрсағынан шықпай жатып, дүние есігін ашпай жатып, орысша айтқанда ДЦП судрого жəне т. б. сал болып жүрмей қалған балалар да аяқ қолдарының мүкісі бар, яғни аяқ қол бас тамырлары көз т.б. жетілмей қалғандары болады. Оған дəрігердің да шамасы келмей жатқандары қанша. Бұл өте қиын нəрсе қазақтың болашағы үшінде. Жеті атамыз, жеті қайын, жеті нағашы аталарымыздан келе жатқан қасиет, тектілікті сақтау дәстүріміз бар.

Сол ата бабамызды ұмыт қалдырып, аруақ наласынан қасиетін ескерілмей жүрген ескертуден түс, аяндарында көре алмаудан және ашық мойынсынбаудан пайда болады. Бес саусақ бірдей емес, əркімнің шалыс басқан, білместіктен əрине ауыздан байқамай шыққан сөзден де, осылай кемістіктің дерттердің шыққандары аз емес. Ата баба аруағына тағзым жасап, жеті шелпек арнап, құран бағыштаумен зиярататуға да ерінетін баста тартқандарымыз көп. Енді аруақтың ескертуімен болған түрлі себептер бар. Әйел адамдары аяғы ауыр жүргенде, біреуге артық сөйлеп, тіл тигізгендіктенде немесе тілденіп, ашық шашық жүргеннен де, қиын жағдайға тап болып жатады.

Періште анасының құрсағына біткеннен көңіл бөлу керек, тағдыр Алланың қалауымен содан бастап жазылады. Қыз жəне ұл болуын Алла біледі, аруақ қолдау береді, бірақ соған күтім керек, бағалай білу керек. Сол себепті осындай жағдай болмас үшін жүрекке иман керек, тақуалық керек. Сонда ғана өсіп өніп, көлік апаты су апаты от т. б. Түрлі бәле жаладан айналып өтуге мүмкіндік болады өмірге келген ұрпақтарға. Соңғы кездері бала көтере алмай жүрген əйелдер саны артып келеді, оны жоққа шығара алмаймыз. Ал ер адамдарда да белсіздік белең алып келеді. Мұның себебі де тағдырдың жібі үзілумен, сондықтан да ата баба шыққан тегімізді ұмытпауымыз керек.

Басқа түскен жамандық сынақтарды Аллаға ысыра салмауымыз керек. Алла берді, біз соны əрі қарай алып кетуіміз керек қой. Тағдыр, өмір туралы дұрыс түсінік болмаған жастарымыз осыдан киындыққа төзе алмай ажырасып жатады. Амалсыз ақ сүт берген анасы кемісте болса далаға тастай алмай бағып жатқандары аз емес. Шаңырақтың да жүгін қоса арқалап келеді. Көпке топырақ шашуға болмайды, бұл да болса əр қазаққа сабақ болар, деген ниетпен айтып отырмын. Әр шаңырақ өз отбасының ауыз біршілігін ойлап, Алладан тілеп, жұма күндері 21 аталарымызға құран бағыштап, үемі еске алып отырған жөн . Алла жаратты ұрығымыз, нәсілімізді, оны қабылдаған ата бабадан шықтық, соны ұғайық, таразыға салайық, ойланайық, ұғайық ағайын. (16қыркүйек 2018 жыл таң намазынан кейін.)
*** ****
Жүрек жарды əңгіме айтып кетейін; қысқа да нұсқа да тыңдайтын жан болса. Қазіргі таңда батысқа елеңдеп жүрген жастарымыз, жігіттер болсын, қыз балалар болсын, еліктеп шаштарын алапестей қиып, етек жеңді қысқартып, шаштары сары алаға боя алады. Оның ұл екенін қыз екенін ажыратудан да қалып барамыз көпке топырақ шашуға болмайды, қазақ салтына жат қылық , ашық шашық киінгендері, тамақ, тө,с көкірек тұсқа дейін ашық, кіндік ашық, шолтиған көйлек, шорти киген. Көшеге шықсаң бұттарында жыртық- жыртық женси, шалбар юбка, қырықтан асқан əйелдеріміз бұттарында тізеден жоғары шорти, көшеде жолда мекемелердің тұсында жабысып, бірен-бірі артылып тұрғандар малға ұқсап.

Автобус көліктерде де көз түсірмей жанынан өтіп кетуге көрмеуге тырысасың. Оған қарап тұрған жастар жоқ, бірінің алдына бірі отырып алған, ұятсыздау ата ана балаға жөн сілтеп, балаға дұрыс тəрбие берсе, бұндай болмас еді. Үлкендеріміз ақ дастархан басында үлгі етіп айтып отырса , «келінім саған айтамын, қызым сен тыңда» дегендей. Бұрынғы уақытта келіндеріміз, аяғы ауыр кезде, төркінге бармаған, тоғыз ай тоғыз күн толып, босанып, бала емшектен суалған уақытында ғана барып отырған.

Әрине бұнда тəрбиелік мəні бар, ұяты бар қыз бала төркіні бала емізгенін көрмеу керек! Міне қазақ қандай тəрбиелі болған, бүгігі таңда келіндеріміз алдымызға келіп, қарнын сипап тұрады. Шолтиған қысқа көйлек немесе тыртиған шалбар, шашын босатып қоя берет жалбыратып. Жастарға шаңырақта үлгі етіп, тəрбиелеп отыратын үлкендердің ақылы жеткіліксіз. Оған ақыл айтатын сол үлкендердің өзі де шалбар киіп, шолтиған шаш, жалаң аяқ, жалаң бас, бұрынғыдай ата аналар қайда кеткен? Орамал етек жеңің кең болсын, ең болса орамалды бастан тастамай, аяқта носки, етек тізеден төмен болса екен үлкенде, енеде. Ал ондай болмаса, келіндерімізге ақыл қайдан кірсін? Бес саусақ бірдей емес əрине, көпшілікке топырақ шашуға болмайды, бірақта ойланайық ағайын таразыға салайық. (16 қыркүйек 2018 жыл ақшам намазынан соң.)
***** *****

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.