Зікірде келген тарихтан үзік сырлар-10

Бақыт, бақыт, деп айтып жатамыз. Мен бақытсызбын, ол бақытты неліктен?- деген ой салады көкірегімізге. Өлі жібімей, тірі байымайды біреу сəулет сараймен байлықпен ақшамен т.б. бақыттымын деп ойлағанмен бақытты оның көзі көрмейді. Ол көзге көрінбейтін байлық; бірінші тұрғыда Аллаға бет бұру намаз оқу үшінде алдымен таза дәретті сақтап зиярат ету яғни ақталаудан өтіп тағдырды жалғау керек. Сонымен ақиреттіктерге құран бағыштау, тақуалық, иба сақтау тазалық, əдептілік сабырлық төзімділік шыдамдылықты меңгеру, аруақты еске алу, жұма күні ата бабаларымызды еске алып, жеті шелпек пісіріп, құран бағыштау садақа беру керек.

Жүректің имандылығы болып; адалдық, абырой, кішіпейілділік, Құдайды еске алумен байланысты және етек жеңді ұзарту, тазалық дəретпен тамақ жасау, қолға білезік тағу міндетіт деп білген жөн әйелзаттарына. Енді осы жағдай болса, сонда ғана шаңырақтың байлығы, ауызбіршілік, ақыл- сана оянып, беріктікпен сөздің тұрақтылығы пайда болады. Осыдан денсаулықтың да тазаруы, жанұяның бірлігі, береке, ой- сана несібесі, ақылды түсінуге үлкендерден тəрбиеден болады, таза тамақ ішкеннен болады. Қазіргі таңда халқым осы нəрсені жоғалтып алып, денсаулықты сақтауды оңай нəрсе дəрігерге жүгінеміз.

Соңғы уақытта əйел затына емшек кестіру, қуық жатырға ет өсу, бала көтере алмай жүрген жастарымызбен, ер адамдарда белсіздіктің пайда болуы да күн санап артып жатыр. Өйткені балалар үйіндегі күнəсіз шарана нəресте лердің көз жасы қайда кетпекші, ата ана қамқорынсыз қалған қалған сəбилердің үнін əке шешесі көрмесе де, Алла көріп тұр, аруақ білмейді дейсіз бе? Өз ұрпақтарының адасып жүргендерін, жаутаңдаған періште жасөспірім қоғамда көбейіп келеді. Олар ата- ананың қамқорын, ақ махаббатын алақанның жылуын сезінбей, балалар үйінде телміріп күтуден шаршаған жүректері жаралана өсіп келе жатқан сəбилеріміз қаншама . Ол балалардың он пайызы ғана жақсы ел болып жапырағын жая алады.

Ал қалғаны кекшіл, ызақор үргедек қатқыл əке шеше дегенді түсінбейтін қатыгездікпен өседі. Ақыл берер аналары болмаған, тас жүрек ана, тас жүрек əкелерден міне қоғамға тигізері бар. Алдыңғы айтып кеткен шаңырақтың бірлігінен жүректе иман болса, бұндай болмас па еді. Сол себепті жанұя шағын мемлекет, тəрбие тал бесіктен, жетімдер үйіне де көңіл бөлу керек. Жігіттеріміз белді, қыздарымыз нəрестелі болсын десек, ата баба дəстүрін силайық. Бұрын үлкеннің алдынан кесіп өтпеген келіндеріміз, ер баланы шаңырақ иесі деген. Ата енені силап, келіндер иба сақтап, қарсы келмеген. Еріңнен екі елі төмен боларсың, деп қазақ бекер айтпаған.

Ойланайық ағайын. Бақыт деген осыдан шыққан, ішкен астың да көңіл күймен ішкені сіңімді болады, шаңыраққа келген келін де жанұяның бірлігін тілегін тілей отыру керек. Сол бейкүнə сəбилеріміз шетке асып кетіп жатқандары да аз емес, ақылға келейік ағайын бауырлар. (17 қыркүйек 2018 жыл таң намазынан кейін.)

**** *****

Қағидаға шек келтірмей, Абай атамыз айтқандай, Аманкелді Имановта батырлығымен елге танымал болып кеткен. Өтеміс батырдың да тарихы ерекше. Өтеп батыр, Сыпатай батыр, Есет батыр қағидаға сəйкес батырларымыз тарихтан орын алып тұр. Өткен заманда ер тұлғалы Абылай хан бабамыздың да үш жүздің басын қосқан, талай жетістікке жетіп отырған. Ақтан батыр да жауға шапқанда қайсарлық батырлық батылдықпен көзге түсе білген. Ақтан бабамыз батырлығымен, даналылығымен əулие тектілігімен көзге түсіп отырған. Сенімін артқан қазаққа қағиданы берік ұстанып отырған Укаша атамызда соғыста жүрсе де бес уақыт намазын тастамаған, адалдықпен абыроймен тақуалықпен жүрген. Жаудан Алласы намазы мықты болған .Ал енді біздің Алламыз қандай? (17 қыркүйек 2018 ашам намазынан кейін.)

**** ****

Қазіргі таңда қасиетті бағалай алмай бауырларымыз қаншама еске салсақ, ата бабамыз дəретпен, намазбен, тақуалықпен, мəсімен жүрген. Әжелеріміз кимешек киіп, білезік мəсісіз жүрмеген . Бертін келе батысқа елеңдеп мұны жоғалтып алдық елді қара түнек басуға жол аштық. Осыған байланысты желтоқсан оқиғасында ата бабамыздың көтерілуімен арсыздыққа қара күштердің ықпалына қарсылықпен болған еді. Бірақ ол уақытта мұны көпшілік аңғарып біле қойған жоқ еді. Басқа жаққа қарай бұрмаланып кетуге жол берілді, керісінше дін бұзарлық бұзықтықпен бейнеленіп кетті.

Содан бермен қарай ата бабамыз өздерінің ұрпақтарын қадағалап, мұндайға бұрылып кетіп қалмауын аянмен ескертумен жетелеп келеді .Оны бірі түсінсе бірі түсінбей келе жатқандар да бар, дүниеден түсінбей өтіп кетіп жатқаны қанша.

Тайаздықпен меңгере алмай жүргендері де бар .Міне соңғы он , он бес , жылдан бері ақтылыққа қарай ниет қылып жатқандар да аз емес. Мешіттерге барып, ойпат жерлерді зираттап, ата бабаларымыздың басына барып, дəретпен, намазбен, ораза тұтып, тақуалыққа бет бұрып, қысқаша айтқанда имандылыққа бет бұрып келе жатыр. Орамалға да көңіл бөле бастады, соңғы екі жылда ораза ұстап, намазға келген орамалдылар көбейіп кетті. Жүректе иман болса ғана ауызбіршілік те болар, түсіне білген адамға. Ақ жаулықсыз елде пендесінде, от басында иман болады деген ақымақтық болады.

Басқа елге берілмеген бақ тұр басымызда қазақ елінің. Ол əрине Ата жолы оны Айша бибі анамыздың ақ туының ғылымын, кереметін осы қазақ үшін ұрпақ үшін Алладан тізерлеп отырып сұрап алғаны біздер үшін тылсымдағы ата-аналарымыздың дұға, тілегінен екені хақ. Сондықтан басқа түскен бағымызды бағалай білуіміз керек, түсінбеген пендеге тоқсан түрлі ой келер. Ойланып қарасақ, тағдырға байланысты денсаулық, тəрбиелік, ауыз біршілік, имандылық, тазалық, тақуалық, сабырлық ұқыптылық өсіп өнуге жетілуге т. б. Аты да мəні де бар; АТА ЖОЛЫ болып; сол жолды бастап кеткен ата бабларымыздың жолымен жүру керек. Алайда ата жолындамыз, деп пендешілікпен із қалдырып жатқандар да аз емес.

«Бір құмалақ бір қарын майды шіртеді» деген қазақ даналығы, сондықтан түсіне білейік сөз төркінін АТА ЖОЛЫ деген сөзде де мағынасы терең мықты. Көзімізді ашып жан жағымызға қарайтын елдігімізді нанымды ұстанып, ұлтымызды дінімізді сақтай білейік. Сана сезімдерімізді оятайық, ұлымыз ұлықты, қызымыз қылықты болсын! Әр қазақтың жүрегіне иман берсін, шыққан тегін ұмытпайық, төмпешік болып жатса да біз солардың ізімен келеміз. Аруақтың наласына қалмайық, қадірлей білейік, щаңырақ та ауызбіршілік те, денсаулық та, кəсіпте, береке де, тазалықта осында тұр, түсіне білген адамға. (18 қыркүйек 2018 жыл таң намазынан кейін.)

****** *****

Батырлық баянды, күш сынасқан сағы сынбаған, жаумен теке тіресе білген, жыр əн күйімен, билігімен көксеген тұлғалы өмірден, аты бəйгеге шапқан, батырлық дарытқан, батырдың ұрпағымыз. Семсерімен талай жаудың пəтін, бетін қайтарған, тұрақты екі сөйлемейтін сөзіне берік ата бабамыз жер қойнына тапсырылса да, аты өшкен жоқ! Олардың тылсымнан ықпалымен, қадірі, даңқы күнен күнге артып келеді. Кешегі дəуірде бұзау байласқан ата тегіміз өсіп өніп келеді. Кешіріммен қараған, қылығымен сүйсіндірген батырларымыз, əулие əмбилеріміздің рухы биіктеп, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.

Ерлігімен күш сынасқан, батырлығымен сүйсіндірген қос бауырымыз отан үшін жанын қиған, ер жүрек батыр қыздарымыз есімі мəңгі сақталып келеді қазақ жерінде. Қазақ үшін отан үшін жанын қиған, ер жүрек қыздарымыздың есімі мəңгі сақталып, əр қазақтың жүрегінен орын алған елене шыққан Əлия Мəшүк батыр қыздарымыз мəңгі ел есінде. Дина Нрұпейісовадай дана ақын аналарымыз да көркіне ақылы сай, күйімен домбырамен елді елең еткізген . Нұрпейс Байғанин, Роза Бағланова соғыс кезінде болса да тайсалмай, ақ құс атанып, үрейленген қазақтың жүрегін елжіретіп қуаныш силаған əндері де ел есінде мəңгі өшпес мұра болып келеді.

Батыр қыздарымыздың қыз қылығы үйде, ұл қылығы далада, дегенмен де сол қыздарымыз да ерлермен бірге тізе бүгіп, тізе қосып, жауды бағындыра білген басынан асырмаған Əлия мен Мəншүктей аналарымыздың есімі келешек ұрпаққа мұра болып келеді.Əр шаңырақта есімдері атаьлып келеді əрине бұл есімдер батылдыққа батырлыққа жетелейді .Мəңгі болып қала береді. (18 қыркүйек 2018 жыл ақшам намазынан кейін.)

***** ****

Ойланып қарасақ, тереңнен алсақ, атам қазақ тарихқа үңілсек; жеті атаға дейін қыз алыспаған, беріспеген. Көшпелі қазақ болып қонысын аударсада, ар ұятын сақтаған тəрбиелік мəні бар. Бабаларымыз соғысқа аттанғанда əжелеріміз аналарымыз ұрпақтарын жетімдер үйіне немесе қоқысқа тастамай, өсіріп өндіріп жеткізе білген. Алтау ала болса ауыздағы кетеді , төртеу түгел болса төбедегі келеді, ынтымақ, бірлік барлығы ауызбіршілікте. Соғысқа аттанғанда бабаларымыз ауыз біршілікпен жауларын жеңе білген, дарынды ақындарымыз оны жырмен, өлеңмен тіл байлығымен жеткізе білген. Тарыққандарында сиырдың , жылқы, түйе, қойдың сүтімен де аң аулап та өмір сүрген. Шамның жарығына қарамай, отқа ошаққа қақтап нан тамақтарын пісіріп отырған.

Аң аулап ішік бөрік етік киіп, аң терісінен терезе жасап, тулақ жамбастарына жастық жасай білген, көрпе орнына да пайдаланып, ал жүннен қолғап, шұлық, киіз алаша да жасай білгенді. Содан шыққан ою өрнектер қол өнерімен еңбекпен біздерге дейін жалғасып келген. Тары жарма бидай түйу деген сияқты бабаларымыз соғысқа кеткенде бір шаңырақ астында бірнеше жанұяда тұратын болған. Сондықтанда ол заманда бəрі де тамақ та таза өнім болды. (19 қыркүйек 2018 жыл таң намазынан кейіін.)

*** ****

Құран аяттарын ғибаатты əжемнің əңгімесі жадымда тоқылып жастық шақтан хабар береді. Әжемнің сабырлық үні түрлі қызықты уақиғаларға толы тағдыр тартысы, құран үнімен байланысты да еді. Қасиетті шаңырақтың жалғасы болсаң, күмəн салма жаз. Тағдыр тартысымен əр пендеге мəңдайға жазылған өмірі еркешелгі болғанмен де, арпалыс қиындық кезеңдері де алмасып келіп тұрады. Оны жеңе білсе ғана тылсымнан үн қатар аруақ үні бар. Анағұрлым ұрпақтарымыз сəждеге басын қойса, құранмен жүрсе, құр қалмас. Тылсымнан үн қатқан аруақ үнін ескерсе, жүрекке күмəн салмаса, дағдарыс қиындықтан да өтер.

Үнемі қарсылықтардан шабуыл болатын күмəнді жүрекке салмай, жүректі құран нұрымен нұрланып отырса, қасиетін бағалай білген қазаққа жетістік бар. Сынақсыз пенде болмайды жаралған соң. Осы берілген жарық өмірдің өзі сынақ, қасиетін бағалай білген пенде ғана жолы ашылар, талпынған жетер мұратқа, əр пенденің жеті атасы, жеті нағашы, жеті қайын атасы қолдау берер. Сонықтан да өлілермен тұрақты жалағанып тұруға толық дəретті болу, оны киммен қорғап қасиетті бағалай білген қазақпыз ғой. Қоғамда түсінбеушілік болып жатады, əрине оған да уақыт керек. Уақытымен бəрі де реттеледі, əр қазаққа иманды болу парыз, тілде кәлима ауызда құран, жүректе иман, бойда толық дəрет болған абзал. Дəрет бойды тазартып сананы ашады, намаз орындау, оқу сабырлыққа салады, ораза бай мен кедейді аштық пен тоқтықты еске салып арасын теңейді. Сонда ғана елде ақыл ой сана сезім оянар, жүрекке иман салар, рухани жаңғыруға да тақуалық қағида сабыр да иманның белгісін меңгеру керекті. (19 қыркүйек 2018 жыл ақшам намазынан кейінгі.)

**** ***

Қасиетті меңгере білген ол да ерлік, өмір жолындағы соғыс. Қасиетті меңгере білу, төзімділік, сабырлық арқылы ақиқатқа жетпесті. Алайда қасиетсіз пенде жоқ, ақыл мен ой сананы жетілдіру, сана сезімді ояту, ақылмен сөйлеу, тəрбиелік мəні бар. Тұжырымдап келгенде, қасиетті бағаламай, сөзге түсінбей, ашуға булыққан сол жаман. Әрине шараппен, шылыммен ашумен айқаймен т,б жаман қылықтармен қасиеттілік жоғалып қасіртке айналуы да сөзсіз. Әрдайым бес уақыт намазы болып, құраны қолында, тілінде калимасы, бойында толық дəреті, отыз күн оразасы, етек жеңі ұзын, мəсі, білезікті болып, сөзі дұрыс тақуалығы бар адамдардың өзі бір басқа.

Бұлардың ажарынан нұр көрініп, жарқырап тұрады. Әр қазаққа жарасқан тақуалық дінге бет бұру, имандылыққа ену, құдайды еске алып отырса тілеген тілек қабыл етер. Береке, бірлік, ынтымақ, ауызбіршілік те күліп жайдары сөйлеген бір ауыз сөздің өзі адамға ем, күре тамырымыздан да жақын сөзден де адамға ем түседі. Ата баба аруақтарымыз жетелеп, əр ұрпағын желке тұсынан сəждеге басын идіріп, аян беріп жатқаны аз емес. Қазіргі таңда ата-баба әруақтарының алақан жайып құран дəметкені, телміріп босағада тұрғаны да аянмен көрсетіліп отырғаны да өтірік емес. Ұрпақтарында қауымында қандайда бір қиыншылық, жамандық, жақсылықтарды алдын ала ескерту салатыны да сөзсіз.

Зияраттап аруақтың басына жеткенде құдайдан сұрау дұрыс, аруақтан сұрау дұрыс емес деген ұғымда ақылға қонымсыз. Себебі құран оқылып Аллаға мадақ айтылғаннан кейінгі қандайда бір тілектердің Құдайдың тарапына бағытталатыны да хақ. Құранның қандай да бір аяты Алламызға жалбарынумен байланысты екенін неге түсіне алмаймыз? Ал қасиетті жұмада жеті шелпекті ұмытпаған абзал, ата баба ризашылығын алып отырайық. Құдай жаратты бәрінде, сол ата бабадан шықпай қайдан шықтық? Соны келешек ұрпаққа жекізе білейік, бойларына сіңіре білейік, өз дінімізді өзіміз бағалай білейік, бұлда бізге ата баба дан келе жатқан аманатты ұрпақтарымызға насихаттап, ұрпақтарымызды шетелге жібермей, жат қылмай, өз отанымызда алақанға салып өсірейік. Ұл қыздарымызды тəрбиелей білейік, ашу дұшпан, ақыл дос, ақылға ұрпақ ақыл қос, демекші Ата жолын бағалай білейік ағайындар. ( 20 қыркүйек 2018 жыл таң намазынан кейін.)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.