Зікірде келген тарихтан үзік сырлар-11

Батырлығымен бақсылығымен ел таныған батыр бабаларымыздың даңқы мəңгілік ел есінде суды кері ағызған 5 уақыт намазын 5 жерде оқыған текті аталарымыздан қалған өсиет сөздері аты аталмай ескерілмей жатқан ата тегіміз батырлықпен бақсылықпен дүниенің төрт бұрышын меңзей білген қасиетті ата тегіміз бүгінге дейін жалғасып келеді қазақтын арын сақтаған абыройын сақтаған киелі жерімізден қаншама шыққан дінімен тілімен көзге түскен бүгінге дейін жалғасын тауып келеді аруақты аталарымыз көзге көрінбей тылсымнан үн қатқан аруақтарымыз бүгінгі таңда көтеріліп үн салып кейінгі ұрпақтарын жетелеуде ақ қараны ажыратар кез келді. (20 қыркүйек 2018 жыл ақшам намазынан кейін)

**** ****

Аруақтың қолдауы бар жаз! Ата баба үн тастаса, молынан жеткіз, аруақ сөзі ұрпаққа көтерілмей, аты аталмай ескерусіз жатырған аруақтар қаншама? Әр шаңырақтың астында жеті шелпек пісіргенді телміріп күткені жоқ емес, ұрпақсыз өткені қаншама. сансыз ғой! Белгісіз жатқан батырларымыздың əулие əмбилердің да ескерусіз тау сияқты төмпешік болып жатқаны, тіптен жермен жексен болып кеткен, аянменен табылып жатқандары да бар. Ақиретке жалғанумен көтерілер күн жетерін біле білген пендеге əлі сансыз аруақтардың басы да көтерілер.

Соның ішінде бір қыз əулиенің басы ерекше көтерілмек, елді таңырқатар күн туар. Оған да жетіп қалармыз. Соңғы жеті жылдың көлемінде батыр бабаларымызға ескерткіштер қойылды, аруағы рухы көтеріліп, ұрпақтары жетіліп келеді. Жесір ана зияраты да табылып қалар, мүсін болып келер аян бар қасиетті пендесіне. Келешекте əлі талай аруақтардың басы көтеріліп, басына шырақшы тағайындалып, не бір қасиет көзі ашылуына кəміл сенім болсын. Айта кетейін, елді күзде аруақты бес атаның қолдауымен қаншама аққу сұңқарлар Ата жолға түсіп, қанатын кеңінен жаятын қүні де бар алда.

Енді амалсыздан жерге қарағандай қысылғанан тек тұрмас биліктегілердің де үрейленген қыспақпен Ата жолға келер күні бар. Ол шындық -ақиқат аруақ сөзі! Шындықпен тілдеседі, имандылыққа бет бұрып сəждеге бас тигізер күн де болар. Әркімді бақылап жүрген аруақ шамданса ретін келтірері айдан анық. (21қыркүйек 2018 жыл ақшам намазынан кейін.)

**** *****

Жүрекке күмəн салма, жаз! Арқа тұстан қараланып, тілденіп жүрген пенде қаншама? Айтқан сөзді ұқпайтандары да иманның əлсіздігінен. Жүректе иман болса, ол бақыт көкірек тұсы қараланып жүрген пенде қаншама, екі иықты көтере алмай əлсіреп, асқазаннан қиналып, бүктеліп жүрген де аз емес! Бүйректен қиналып жүргендерді айтып жеткізу қиын! Жүрек талмасы ол екібастан, бас сақинасы екі аяқты баса алмай жүрген өкпе т.б. дəрігерден ем таба алмай, əйел затының төс омырау бездері асқынып дертенумен өмірге әкеліп жатқан, жаңа туылған дүние есігін жаңа ашқаны сол ауру болып жатыр. Әрине ол аяғы ауыр жүрген келіндерге де байланысты.

Аяғы ауыр жүргенде қарғыс алмай, алғыс ал. деген қазақта; «екі елі ауызға төрт елі қақпақ» деген, «он нəрсенің тоғызы тілден» деген тəрбиелік тазалық мəнін түсіне білуіміз керек. Тұжырымдап келгенде, əр басқан қадамды аңдап, ілтипаттылықпен абыроймен, жіті меңгеріп, тақуалықпен адамда бой тазарса, ой тазарса, сана сезім оянса тақуалық қағидасында тəрбиелік мəні болса, денсаулық, абыройда, ауызбіршілікте болар. Жолда ашылар, барлығы өзімізге байланысты, жүрекке иман кіреді, ашу кетсе бойыңыздан Таразыға салар күн болар.

***** ******

Тақырлық кедейлік емес, тақуалық имандылықтың белгісі. Құдайды еске алу, аруақтың бар екенін білу, қызмет жасау: ол батырлық ,ол естілік, ерлік. Ал аруаққа қызмет жасау; ол ерлік, қағиданы түсіну, дінге бет бұру, адалдық, жауапкершілікті түсіну еді. Мұны меңзеп отырғаным, түсініспеушілік көп болады, «құдайға серік қосу», деп шет елдік дінге бағынып кеткен бауырларымыз, өсіп келе жатқан ұрпақтарымызды шатастырып жатады. Аруақтардың да біздер сияқты бір кездерінде жер басып жүрген күндері болғанды. Ал енді біздер аруақты неге ұмыту керекпіз? Зеңгі баба т.б. қасиетті жерлерімізде небір батыр небір қасиетті адамдар шыққан. Құдайдан сұрап, ата бабаға құран бағыштап отыруды ұмытпайық, сабырлықпен адасып жол таба алмай жүрген халыққа Ата жолды түсіндіре білейік тура жолға салайық. (23 қыркүйек 2018 жыл таң намазынан кейін.)

***** ******

Сабырлық ақылдылыққа жатады, көкте нұр сеуіп тұрған аруақ үнін ешкім сезе қоймас, бірақта сезетін де адамдар бар. Жалған дүниеде жалпағынан басып, талтаңдап еш нəрсенің қадірін білме,й аузына келгенін айты,п пендешілікке түсіп, Құдайды аруақты ұмытып жұргендері қаншама. Тағдырмен маңдайға жазылғанын көресің, деп ақ телпекке шығынданып, өмірден өтіп кетіп жатқаны қанша. Аруақ үн қатса тылсымнан, əлі талай ұрпақ шығар, мына жылдың ішінде іріктеліп жатқаны қаншама? Ауыз бекіту деген сияқты уақыт сəтімен ұрпақтарымыз түзелер жынның жетегінде кетпес, уақыт керек, түс түзелмей іс түзелмес, аянменен жетеленер, сегіз қырлы бір сырлы Ата жолдан сұңқарлар шығар.

Құдай, аруақ дейміз қандайда бір іс түссе басымызға əр намаздың сабағы əр басқа қасиетін бағалай білген ұрпақ, жарық дүниенің қызығын көрер бес уақыт намаз оқыған адамның бойында алты алыптың күші болады. Мейірімді болар, үрей болмас, шаңырағында береке ауызбіршілік құт болар. Тылсымнан келген үнді қабылдай алған пендеге айтары көп, бес уақыт намазымен, оразасымен жүргендер, сөз төркінін білер мəн мағыналы сөйлей білер. (23 қыркүйек2018 жыл ақшам намазынан кейін.)

***** *****

Құран сөзін жеткізе білген ол да ерлік ұрпаққа! Ғабит Мүсірепов өлеңдері келешек ұрпаққа жетіліп келеді. Бауыржан Момышұлы атамыздың да, қатты айтқан сөздері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді .Ясауи бабамыздың да біліммен сусындатып кеткен. Қағидамен тақуалықты білімді бірінші орынға қойған. Дінге ұстамдылығы өте мықты болған, тазалыққа қатты көңіл бөлген . Жамбыл атамыздың жыры да ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Жырын жырлап домбырамен күймен елді аузына қарата білген Жамбыл атамызға да көз жүгітсек; ел бірлігін, имандылылық ауызбіршілікті де қалап тұр Жамбыл ата елге тиыштық, даналық, ақылдылық, парасаттылық тілеп тұр жақсы өсиет .

Ел бірлігіне жəне Ата жолының өркендеуіне мол үлес қосып тұр, бірақ əлі ауызбіршілік бола алмай жатқан жайы бар. Әр қазаққа айтар сөзі көп егер сол сөздерін жеткізе білсе, əр қазақтың жасы тоқсан тоғызға келіп өсіп өнсе, өркендесе, əлі жетіле алмай жүргеніміз қаншама, ақ пен қараны ажырата алмай жүрген. Оған да уақыт керек шығар. аруақ үн тастас дегенін істетпей қоймас, оған кəміл сенемін. Жамбыл бабамыздың жырымен, сөзін алып берер ер тұлғалы сұңқарларымыз да табылып қалар . Аққулардан да шығар Аллаға бет бұрып, имандылыққа енейік, ата бабамыздың көркем сөз бен үлгісін алайық қиыншылықтан арылайық.

**** ****

Кемелдену; қисапсыз қасқыр; таңқурай кепілдік тоқырау; мінезде адалдық, абырой, талап, жігер; арпалыс — қиындық кезең; жеңіс- арпалыс, шаршау, шатқал күн, жеңіс сезім, бой перде, бет перде; күйзеліс- қиындық, кəсіпте тербеліс, қиындық кезең; сабыр- талап, жүнжіме, амалсыз жетім, ақырау, денсаулық, кеңпейіл; демалыс- тынығу, шаршау, ауыртпалық, сабыр, үнсіздік, жеңіл ақ тақыр, қиналыс түбі береке- жеңіс; шаршама- тегістік күн, жарым ой- сана, ақыл көмек, ойланып сөйле, абайла, ақыл жəрдем, сенімсіз уйретті; көл көсір тапқыр — арзыма береке, қол қусырма, щуақ күн; таң қалатын абырой, данқ- кепілдік, кемсіту , ашу, ораза, ниет, намаз, құран сөз аяты, ретті көмескі тапқыр шашылма; жағдай жақсарады- жұма, құран, батылдық, жеңіс, ешкімге сенбе, Құдай ғана. Алла- құран сөзі, адалдық, ескеру, абырой, жеміс, мұқият кезі келген ретімен жан жақ . ( 25 қыркүйек 2018 жыл ақшам намазынан соң.)

**** ****

Қазіргі таңда кейбір ұрпақтарымыз тылсымнан хабар алып тереңдеп келеді, ия оны да жоққа шығармаймыз. Жамбыл атамыздың өлеңмен, жырларын бауырларымыз жеткізіп келеді, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, Жамбыл атамыздың үні артып келеді. Тылсымнна келген бабалар өсиетін ұрпақтарымызға жеткізе білсек, әрбір келеген үннің айтар сыры бар және түсіне білген адамға сыйы бар. Тылсымның əр сөзін өлеңмен жеткізер кез келер, Жамбыл атамыздың домбырасымен өсиетін жеткізер ұрпақта қанаты қатайып жетілер. Елдің басшыларын, халықты аузына қаратып ретін келтіретін кезі келер əр жанұяға.

Тылсым сөзін жеткізе білген Ата жолының Аққу Сұңқарларымыз келер жылда жапырағын жайып, көбейіп келер, еселене көктем айларына таман Айша биби анамыз арқылы Құдайдың да үкімі түсіп қалар. Әзірге дұрыс ауызбіршілік бола алмай жатырған жайы бар ата жолындағы қасиетілікті меңгеру жолына шықандардың. Келер жылы жазға қАрай езіліп қалған Сұңқарларымыз, еңсесін тіктеп, алға тартып талпыныс, құлшыныс болып, елге уағыз жүргізіп халық бет бұратын кезі келер. Әсіресе аққу сұңқарлардың шаңырақтарында ағайын жекжаттарында ауызбіршілік ұялайтын күн туар. Әр нəрсе уақытымен ниет қылса Алладан шапағатын салар. Ата жолы қанатын кеңінен жайатынына күмəнім жоқ .Ата жолынан не бір қайсар батыл қасиетті ұрпақ шығу керек келешекте Батыс Шығыс Оңтүстік Солтүстікті жалғайтын да кез келер. (26 қыркүйек 2018 жыл таң намазынан кейін.)

***** *****

Бүгінгі заманда ата анаға қарсы шығу тəрбиеден, ішімдікке салынған қаншама ата- ана, адасқан ұрпақ, тəбиесіздерді тура жолға салу керек! Адасып жол таба алмай келер алдыңа талайлы аққу сұңқар жəне адасып шатасып өмір жолын түсіне алмай жүргені қаншама алдыңа жетер .Тəрбие тал бесіктен деген, қағидамен тақуалыққа тəрбиені, тазалықпен дəретті үйретіп көзін ашу керек. Қысқаша айтқанда жол көрсету Ата жолға салу керек. Қазіргі таңда халқымыздың рухани деңгейі өте қатты төмендеп кеткен, сол себепті де аққу сұңқарларымыз ға аманат отыр осыны жеткіз, жарыққа шығар, бұғып өз қара басының тірлігін ойлап жүрген аққу сұңқарлар бұл аманат деп түсінсін!

Ата жолындағы барлық аққу сұңқар бірігу керек қағидаға келіп, тақуалықпен жүріп аруақтың беріп жатқан сыйын бұғып қалмай, елге жекізу керек. Жамбыл атаның аманаты бар қаңтар айында өзгеріс болары сөзсіз. Әруақтардың шырылдап жер қойнында жатқан үні халыққа жетпей жатыр. Жұмыла көтерген жүк жеңіл ақпан мен сəуірдің араларында Айша бибі анамыздың үкімі түсер. Сонан кейін халық көбейер тағы да белгісіз көмілген зияраты да табылып қалар. Міне екі жылдың көлемі арпалыспен келеміз, толық үн болғанда жеңілдік болары сөзсіз!

Батыстан соққан желдей орта көбейіп Ата жолы қазақ халқын көтеріп, ел бірлігі көбейіп, артып тəлім тəрбиеге көніп, сансыз пенде көзі ашылып, Ата жолы жемісін беріп, шет елде азамат азаматшалары біздің елге келіп, дінге бет бұратынына кəміл сенімдіміз. Әрине жауапкершілігі өте қатал тəжірибесі мықты бірлігін ұстайтын ер азаматтарымыз қатал ескертіп тура жолға салары сөзсіз. Бүгінгі таңда аруақ бəрін реттеп келеді, ноқтаға əл бермейтін пендені бидасымен тұмсығымен ұстайтын қыспақпен алар жайы бар! Ал халқым енді қалай не демекпіз? (29 қыркүйек 2018 жыл таң намазынан кейін)

***** *****

Табыс көзі ашылар . Асықпаған жетер мұратқа, ұрпаққа үлгі болатын Ата жол бастар алдыға.Тауды тасты жерге ұрған.Талай келер пендесі, көзін аш сусындат. Арқау сал оған бүгіннен. Елегізіп ерте жеткенге. Бұлақтың бала көзін аш. Нəр алар қанып сусындап, келген пенде өзі де. Кері қайтпас нұр алар, әр қазағым бүгінде. Ата жолдан сусындап , шөлі оның басылар. Шөлейт жерден келсе де , бұлақ көзі ашылар. Айша бибі анаңның қабыл болған сəждесі; Алладан сұраған, ұрпақ үшін шырылдап. Қабыл болған батасы. Сусындатар кез келді. Əр қазаққа нəр болар. Сусындаған ұрпағың , көзі ашылып жарқырар. Тылсым бар ғой білгенге, ұрпағына ап айқын . Жоққа балам шығарма. Ер жүректік батылдық,батырлық пен қайсарлық, берсін мына қазаққа.Қазақ жері кең байтақ, өссін өніп көгерсін, Ата жолдың бағына. (29 қыркүйек 2018 жыл ақшамнан кейін.)

**** ****

Бабалар салған ізбенен тоқырау кезең қазақта үй сатып алма , көрші сатып ал, дейді. Сол сөздің қандай астары бар? Көршінің жақсысы ағайыннан артық дейді, қуансада қорықсада ағайыннан бұрын жетер іргелес отырса деген. Бүгінгі таңда əр зат өз орнымен сабақты ине сəтімен дейді. Тəрбие тал бесіктен дейді.Бұрынғы уақытта əке шеше деген басқа ұғым болды, қазіргі таңда мүлде басқаша. Қай жерде де əйел адамдар аузын керіп сөйлейді. Аспанға қарап сөйлейді, біреудің үйіне кіретін болсаң да. үй иесі еркегінің емес, əйелінің қас қабағына қарап кіресің. Ағайынға бар, мейлі бəрі бір, əйел адамның қас қабағына қарап кіру керек. Аға жеңгенің үйіне қатын үшін кіре алмай жүргені қаншама.

Бір күн барса, қатындар ағайының ішіп жеп кетті, деп айқай шығарады. Байларын ағайынға қарсы қоятын да қатындар.Соңғы кездері ер адамдарымыз майдаланып кетті. Бұрын əкең келе жатыр, дегенде балалар сескеніп тұратын. Қазірде əйел заты ер адамның алдына шығып сөйлейді. Негізі əйел адам, ер адамнан екі елі төмен болуы тиіс.Шаңырақта ер адам басқарып отыру керек, ал əйел адам көмекші болуы тиіс. Бұрынғы уақытта əйел адамдар ерінің алдын кесіп өтпеген, күйеуінің атын атамаған, қайнаға қайын апаларыныныңатын атамаған, қайнысыне ат қойған, қайын сіңлісіне ат қойған. Қазақта қыз бала өріс, қонақ, ер бала шаңырақ, деп жатады. Қазіргі заманның келіндері ақшаға байлыққа таласады.Байтал шауып бəйге алмас. Ер адамдар еңсені көтеріп нықталайық əйел заты кішкене төмен түсейік .Әр нəрсе өз орнымен болсын . Əке қатты ызғарлы болу керек əкенің қас қабағына қараған бала жаман болмас. (7 қазан 2018 жыл таң намазынан кейін)

**** ****

Бабалар салған ізбенен; Аруақ үні. Құран сөзі. Бата. Маңдай көз. Тылсым дүние. Қасиет көзі. Тақуалық. Тəрбие. Ораза. Намаз. Жүректегі иман белгісі; етек жеңді ұзарту , орамал толық дəрет, ауыз бекіту, сабырлық , жүрекпен сөйлеу, бойдағы қаралықты түсіру. Ақылмен сөйлеу .Тəрбиелік мəні бар әйелзатының қасиеттілігі; Қайсарлық, батылдық , сауаттылық, даналық, көркем сөз, ішкен асқа мəн беру, тазалық сақтау, дарын, от басын түзеу, зиярат ету, нəфіл намаздар, жетекке алу, сауап, басқан қадамды абайлап басу, аян алу, қасиет көзі, жүрекке күмəн салма,у бақсылық, сынықшылық, жыраулық шығарма, тарихтан үміт, бабалар жасырған жерді табу, басын көтеру, көзін ашу, халыққа жеткізу, ащы судан көк түтіннен аулақ болу, еріңнен екі елі төмен болу, ата ана алдындағы борышың, қағиданы берік ұстау, тақуалық сынақтан сүрінбей өту. Құранды оқып жұмада иіс шығарып отыру. (7 қазан 2018 жыл ақшамнан соң)

***** *****

Ниетке байланысты; ниет түзу болса басқасы ешқайда қашпас, жүрекке иман керек тағдырдың салғаны, деп қоя салуға болмайды. Сырт киімі дұрыс болу, міндетті ауызға алар тағамды да байқап ішу керек, асқазанды арамдап алмау, арасында ораза тұту, дəм сезу . Толық дəрет ақылдылыққа сабырлыққа шақырады, тəрбиелік мəні бар, аяқты жылы ұстау керек. Байтал шауып бəйге алмас, деп шалбар киген қыз, келіншектерге айтылған сөз. Сол сөздің мағынасын түсіне білген жөн. Ер адамның шалбарын кигеннен бəрібір еркек бола алмайды. Құдай əйел қылып жаратқасын. Əйел заты өзіне сай етек жеңін ұзартқаны дұрыс.

Көпшілік түсіне қоймас, əрине тақуалық керек, қағида мықты болған дұрыс. Қазірдегі жастар ауыз аштыртқысы келмейді, өзі туып өзі өскендей. Ата жолы келген бұл бақыт тəрбиелік мəні бар түсіне білген адамға, өмірге құлшыныс талпыныс та арта түседі Қасиетті жұмада 7 шелпек пісіріп, ата бабаға құран оқылып отырса. Қамшыдан өтіп отырса, нұр үстіне нұр болар еді .Өлі жібімей тірі байымас, ата баба аруақтар құраннан нəр алар, ұрпақтарымыздың жолы ашылады. Бабалар салған ізбенен адам өзі ізденіп, талпынып өзіне тиесілі ісін алға тартып отырса. Бірігейік ағайын! Ата жолы қанатын кеңінен жайса, қаншама ұрпақтарымыздың жолы ашылар, қолымызда тұрған бағымызды бағалай білейік.Əр қазақтың жүрегіне иман берсін, рухани байлық берсін. (8 қазан 2018 жыл ақшам намазынан кейін)

***** *****

Сыннан сүрінбей өту. Əр шаңырақта қандай да бір қиналыс. Сынақсыз пенде жоқ, өмірдің өзі сынақ. Байлардың өзі жылайды, деп бекер айтпаға. Ашуға бой бермей сабырлықпен құранмен жүрген дұрыс. Иманы əлсіз болса, адам баласы көп шаршайды. Қай кезде иман инабаттылық керек. Тақуалық керек қағиданы берік ұстай білген жөн. Бұрынғы уақытта иман жүзді келіндер мықты болған. Тəрбиелік мəні бар. Ата енесінің алдын кесіп өтпейтін қарсы келмейтін бетіне тіке қарамайтын болған. Балалар да əке шешеге қарсы келмеген. Қазіргі таңда қыз балалар бармай тұрып айтқанын жүргізеді. Қазақтар ер баланы шаңырақ деп өсіреді.

Осы шаңырақты ұстап қалар тіреу, деп келіндер білгендерін істеп жатады өмір өзгеріп танымай қалып жатасың. Қыз бала өріс қонақ деп жатады. Ал келіндер ата енесін бақпай күндердің күнінде өріс болып кеткен қыздарымыз бағып жатады ол өтірік емес шындық ақиқат. Ата ана бала өзімдікі қызым түздікі дегенмен. Əлпештегенді теріс түсінген келіндер, шолақ ақылмен өзін ізі дана санап, ата енені байды аяққа таптап жатқандары аз емес. Аузын керіп сөйлеп дүниенің төрт бұрышын ұстап тұрғандай ата ене немере үшін алдына түсіп емпеңдеп жатады əрине біреу түсініп біреу түсінбес. Өмірден алынған. Əр қазаққа сабақ болар деп ойлаймын. Ашта жеген құйқаңды тоқта ұмытпа деген. Нанға тойынды ғой дейді үлкендер келіндер ойланайық, əке шеше екі жаққа бірдей келіндердің жүрегіне иман берсін. (9 қазан 2018 жыл ақшамнан соң.)

**** ******

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.