Мұра

Мұра (салт). «Аға өлсе іні мұра» (мәтел). Адам қайтыс болған жағдайда оның мал – мүлкі, жиған – тергені мұра есебінде өзінің балаларына қалуға тиіс және ол балаларына тең бөліп беріледі. Бұған қиянат жүрмейді. Егер балалары, әйелі болмаса ол жақын – жуықтарына немесе өле — өлгенше асырап, қол ұшын берген адамға қалады. Көп жағдайда қайтыс болған адам мұны көзі тірісінде өсиет айтып қалдырады. Өсиетті молдалар немесе соған қатысқан кісілер куәландырады. Мұраны бөлуде «Жеті жарғыны» да қазіргі заңның да арнайы бабы бар.