Намаз

               Намаз «Енді намаздың аты- салауат, салауат дұға мағанасында» (Абай). «Исламның екінші шарты – намаз оқу. Алла-тағалаға шексіз сену – ең биік парыз. Содан соңғы үлкен парыз және маңыздысы намаз оқу. Намаз – имандылық көрінісі. Шынайы дін атаулының бәрінде де намаз дұғалары бар.
              Намаздың парызы он екі. Намаздың сыртқы парыздарын шарттар, ал ішкі парыздарын ұстын яки таған деп атайды. Намаз шарттары алтау: 1.һадестен тазару. 2.Нәжістен тазару. 3.Әуретті жабу. 4.Құбылаға бет қарату. 5.Уақытты өткізіп алмау. 6.Ниет ету.(Мұхтасар).
             Бес уақыт намаз: 1.Таң намазы. 2.Бесін намазы. 3.Екінді намазы. 4.Ақшам намазы. 5.Жашиық намазы.
              «Намазды бір аллаға бой ұсынып, содан қорқа отырып оқыңдар!»(Құран кәрім).Намаздың денсаулыққа да, тазалыққа да пайдасы зор.