Ахмет Иассауи-түркі тілдес халықтардың орта ғасырларындағы аса көрнекты ақыны, есімі ислам әлеміне таралған ойшыл қайраткер. Ақын мұсылманшылық қағидаларын барлық адамдарға өз өлеңдерымен түсіндіре жазған танымал философ. Ахмет Иассауи IХ ғасырдын ортасында Сайрам шаhарында (Шымкент маңайындағы ескі Исфижаб қаласы) дүниеге келген. Оның ата тегі — жергілікті түркі тайпаларының бірі, әкесі Ибрахим шайх диқаншылықпен күнелткен. Ахмет жеті жасында әкесі Ибрахим шайх дүниеден өтті. Оның артынша көп ұзамай шешесі Қарашаш ана да мәңгілікке көз жұмады. Әкесі мен шешесінің де қабырлары Сайрамда. Қабір үстінде көне замандағы орнатылған кесене бар.
Жас Ахметтің тұңғыш ұстазы Сайрам ғұламасы Шахабиддин Исфиджаби лақап аты Ақата болған. Кейін рухани ұстазы әрі тәрбиешісі атақты шайх Арыстан баб болған. Оған 16 жыл қызмет етіп, одан заhир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренген. Арыстан баб қайтыс болғаннан кейін Бұхараға барып сол заманғы әhли сүннет ғалымдарының ең үстемі Юсуф Хамаданиге байланып рухани ілімдерден дәріс алады. Адамдарға ілім үйрету, дұрыс жолды көрсету үшін одан изажат (диплом) алды. Кейін Яссыға қайтып шәкірт жетілдірді. Жүз мыңға жуық шәкірттері болды. Иассауидың ілім ұясынан жетілген Иассауи дәруіштері Хорасан, Азербайжан, Хижаз және Анадолу өлкелеріне дейін тарады. Барған жерлерінде жақсы мінездерімен және шырайлы уағыз-насихаттарымен адамдардың дүние және ахрет бақытына қауышуларына себепкер болды. Оның «Диуани Хикмет», «Мират ул-Кулуб», «Пақырнама» атты туындылары көне түрік тілінде жазылғандықтан, жергілікті халыққа түсініктілігі арқасында талай мәрте қайта көшіріліп, бірнеше рет басылған. Бұл кітаптар терең мұхиттің түбінен нұр шашқан асыл қазына. Сол кітаптарында жеті жасында Арыстанбабты кездестіріп, ол кісі «өзіне Мұхаммед пайғамбардың аманат етіп берген құрмасын тапсырғанын», — жырлаған. Ахмет Иассауи бала кезінен бастап Расулуллаh Алейхиссаламның сүнетіне мойынсұнуға тырысқан. Сол себепті 63 жасқа келгенінде Пайғамбарымыздың осы жасында қайтыс болғанын ойлап жер бетінде өмір сүруді жөн көрмеді. Жер астында бір бөлме жасатып, өмірінің соңына дейін осы жер асты бөлмесінде шәкірттеріне дәріс беріп, ғибадатпен өткізді. 125 жасында (басқа деректерде 133) қайтыс болған. Кесенесі Әмір темір бұйрығымен Түркістан қаласында тұрғызылған, әлемдегі ең әсем ғимараттың бірі болып саналады. Қожа Ахмет Иассауи баба «түсіне еніп, аян берген адам көздеген мұратына жетеді», — делінеді. Бертінде Қожа Ахмет Иассауи түрік халықтарының рухани атасына, ал кесенесі түрік дүниесі зиарат ететін кіші меккеге айналды.
Бірде Қожа Ахмет Иассауи сайрамда (испиджаб) тұрған кезінде үйден далаға шықса, атасы Ибраһим шайх шүқшиып жер шүқып отыр екен. «Ата, не істеп отырсыз?»-деп сұрағанда: — «Е, балам, егістікті жегенелеп отырмын деп жауап береді.» «Ой, ата-ай, соған да уақыт жұмсап, әуре боласыз ба, бір ауыз сөзбен бітірмейсіз бе?» — дейді. «Ондай қолымнан келмейді, қолыңнан келсе, жасай ғой»,-дейді. Сонда жас Қожа Ахмет орнынан тұрып: «Жегенің жерге қал, бегенең бетке шық», — деген екен.
Дәрет алып келген атасы қайран қалып: «Е, балам, екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды дегендей, енді бұл жерден не сен, не мен кетуім керек», — депті. Сонда Қожа Ахмет тұрып: «Сіз жасыңыз келген кісісіз, мен жаспын, мен кетейін», деген екен. Сонымен ақ түйеге мініп, жүріп кетеді. Сондағы ойы — осы ақ түйе қай жерге барып шөксе, сол жерге қоныс тебу. Сөйтіп, ақ туйе шөккен жері осы Түркістан жері оның мекен- жайына айналады. Арада біраз уақыт өтеді. Бір күндері Қожа Ахмет ата-анасына сәлем беріп қайту үшін Сайрамға келеді. Дем алып, тыныстаған соң, атасы сөз қозғап: «Ия, қарағым, қайда болдың, кай жерге қоныс тептің?»- деп сауал береді. Сонда ол: «ақ туйем Түркістан шаһарына шөкті», -деп жауап берген екен. Сол жер қазіргі мына Қожа Ахмет Иассауи ғимараты жайласқан жер. Сонда атасы тұрып: «Балам, сен сол жердің халқымен сухбаттастың ба, не байқадың?» дегенде «Ия, ата, сүхбаттастым, бәрін де білемін, бірақ соны біле тұра, мен сол жерге қоныс тебуге бел байладым» ,-деп жауап береді. Баласын сынамақ болған Ибраһим шайх: «Ия, не байқадың, айтшы»,- жас Қожа Ахмет былай былай жауап берген екен: Ол жердің халқы арқаңнан қағып тұрады, аяғыңнан шалып тұрады. Сонда мұны есіткен атасы, баласының зеректігіне риза болып. Ия , балам, дұрыс айтасың, бірақ соны біле тұрып,неге қоныс тептің? Дегенде: «Жақсыны жолға салу оңай, жаманды да жолға салып корейін», деген екен.