Арнайы медициналық түтікшелерде қолдан ұрықтандыру арқылы сәби дүниеге әкелуге, әсіресе, суррогаттық тәсілге (құрсақ ана) дініміздің үкімі қандай?

Қолдан ұрықтандыруға қатысты дініміздің үкімін айтпас бұрын қолдан ұрықтандырудың не екендігі жайлы оқырманға қысқаша түсіндірме бере кетейік.

«Қолдан ұрықтандыру» – табиғи жолмен өздігінен ұрықтана алмаған жағдайда, әйел жұмыртқа клеткалары мен еркек ұрық клеткасын сыртқы ортада арнайы медициналық түтікшелер көмегімен біріктіріп ұрықтандыру тәсілі. Ұрықтандырылған бұл зигота [1] артынша әйел жатырына салынады.

Бұл тәсіл XX ғасырдың алғашқы жартысында ең әуелі жан-жануарларда қолданыла бастады. Бір ғана еркек малдың ұрығымен мыңдаған ұрғашы малдар қолдан шағылыстырылды. Бұл ғылыми жаңалық мал шаруашылығына айтарлықтай экономикалық тиімділік әкелді. Мыңдаған сиырларға бір ғана бұқа салу қиындық туғызатындықтан, шаруа иелеріне бұрынырақта көптеп бұқа ұстау, оларды арнайы күту, бағу керек болатын. Енді жаңаша мына тәсіл арқылы оларды күтуге жұмсалатын шығын азайды. Оған қоса, бұқаларды көптеп ұстағаннан кейін қартайған бұқалардың етін өткізу де қолайсыз болатын. Жаңа тәсіл арқылы санаулы ғана бұқа ұсталатындықтан басқа еркек малдарды жас кезінде сойып етке өткізу де экономикалық пайда әкелді. Оның үстіне, бұқалардың ұрықтарын зертханада зерттеу арқылы олардың ішінен аурудан таза, етті, ең мықтылары таңдалып, ұрықтандыруға қажетті бұқалар іріктелетін болды. Сөйтіп, жоғарғы сапада мал төлдету мен мал түрлерін көбейтуде бұл тәсіл таптырмайтын мүмкіндік сыйлады.

Толық оқу…

Телегония – пәктік туралы ғылым

Үйленіп, отбасын құрғандардың өз баласы болғанын қалайтыны белгілі. Бірақ көпшілігі болашақ ұрпағының денсаулығына пәктіктің қаншалықты әсер ететінін біле бермейді. Ал, ата-бабамыз қыдырымпаз қыздан жақсы бала тумайтынын білген. Сондықтан бұзылған қызбен тұрмыс құрмаған.

Пәктік пен денсаулықтың байланысын өткен ғасырда телегония құбылысы туралы жаңалық жасаған генетик мамандар ғана ашып айтып бере алды.

Жаңалықты ойда-жоқта осыдан 150 жыл бұрын жылқыөсірушілер ашқан. Олар жұмысқа шыдамды асыл тұқымды жылқы өсіру үшін жылқы мен зебраны шағылыстырады. Бірақ еркек зебра да, ұрғашы зебра да ұрықтанбай, тәжірибе сәтсіз өтеді. Осыдан кейін мамандар бұл туралы мүлдем ұмытып кетті. Тек арада біраз жыл өткен соң қара-ала құлындар туыла бастағанда тәжірибе еске түседі. Олар нағыз асыл тұқымды жылқылар еді!

Толық оқу…

Сенің әкең қандай?

Тосыннан қойылған осы сұраққа әдетте жасы үлкен адамдар әкесінің жақсы қасиеттерін санамалап, құлшына жауап берсе, балалар жағы мүдіріп қалады екен. Неге? Азды-көпті ғұмырында тіршіліктің жақсы да, жаман да жақтарын көріп, ой түйген, өздері де талай қателесіп, өзгенің де қателіктеріне кешіріммен қарай алатын жасқа жеткен жандар бөгде адамның алдында өз өмірінің көлеңкелі жақтарын көрсетпеуге ұмтылатыны хақ. Ал жандары нәзік, жүйке-жүйесі әлі шыңдалмаған бүлдіршін, жасөспірім, тіпті кәмелетке толған ұл-қыздарымыздың біразына бұл сұрақ жайсыз тиетіні жасырын емес.

Толық оқу…

Дұрыс сөз деген не?

Сен туылдың, барлығы күлді, сен ғана жыладың. Сен өлген кезіңде барлық адам жылап, сен ғана күлетіндей өмір сүр.
Қаншама адам келді, қанша нәрсе қалды, ақырында дүниені тастап кетті. Сен ешқашан кетпейтін сияқтысың, солай емес пе? Ол кеткендер де сен сияқты ойлайтын.
Кемел адам жақсы сөз айтқан адам емес, айтқанын істейтін және істей алатынын айтқан адам болып табылады.
Үйленерде тек бірге өмір сүре алатын кісіңді емес, онсыз омір сүре алмайтын жарыңды таңда! Келгенде тек бір адамдық бос жерді толтыратын болмасын, кеткенде де оның орны толтырыла алмасын.

Ғайбаттау — үлкен күнә

Белгілі бір мұсытманның немесе мұсылман емес адамның айбын оны жамандау үшін сыртынан сөз айту ғайбаттау болады. Ғайбат-харам. Тыңдаған адам ол адамды танымаса ғайбат болмайды. Ғайбатталған адам мұны естісе ренжиді. Денесінде, мінезінде, ісіңде, сөзіңде, дініңде, дүниесінде, тіпті киімінде, үйінде, малында болған кемшілік оның сыртынан айтылса және оны естіп ренжісе бұл ғайбат болады.
Ғайбат адамның сауаптарының азаюына, ғайбаттаған адамның күнәларының өзіне берілуін себеп болады. Бұларды әрдайым ойда ұстау адамның ғайбаттауына кедергі болады.
Ғайбаттаудың үш түрі бар. Біріншісінде «Мен ғайбаттаған жоқпын, ондағы нәрсені айттым» дейді. Бұлай айту күпірлік болады. Өйткені, харамды адал деп санау болады. Екіншісі ғайбаталған адамға айту. Үлкен харам болады. Тәубемен кешірілмейді. Одан кешірім сұрау да керек. Үшіншісінде ғайбатталған адам мұны білмейді. Тәубә етумен және оған қайырлы дұғалар оқумен кешіріледі.
Қасында біреудің, ғайбатталған естіген адам бұған дереу кедергі болуы керек. Ғайбаттаудың өтеуі ренжу, тәубе ету және одан кешірім сұрау.
Өкінбестен кешірім сұрау басқа күнә болады.
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Діндес бауырына білдірмей көмектескен адамға Аллаһу Та’ала дүниеде және ақыретте көмек береді».
«Қасында діндес бауыры ғайбатталып жатқанда күші жете тұра оған көмектеспеген адамның күнәсі дүние мен ақыретте өзіне жетеді».
Қазақта «Қалжың – мазаққа апарады, мазақ тозаққа апарады» деген мақал тегінен айтылмаған есте ұстаған жөн!

Еркектің әйел алдындағы міндеттері

Ибраһим Хаққы Арзурумидиң «Марифатнама» атты кітабында былай дейді:
• Оған әрқашан жақсы мінезбен қарау.
• Оған әрдайым жұмсақ әрекет жасау.
• Үйге келгенде әйелмен сәлемдесу.
• Оған оңашада сүйетінін айту.
• Ренжулі екенін көргенде жағдайын сұрау.
• Көңілін аулау.
• Бала тәрбиесінде оған көмектесу.
• Еліндегі дәстүр бойынша киіндіру.
• Мүмкіндік болса, жақсы нәрселер жегізу.
• Әйелін ұрмау.
• Бір күннен артық ренжіп жүрмеу.
• Оның жаман мінезіне сабыр етіп, өзінің де күнәсі бар екенін ойлау.
• Жақсы істер көп болса, Аллаһқа шүкір ету.
• Әйел «Күйеуім мені бәрінен жақсы көреді» деп ойлау керек.
• Үй- ішілік және сыртқы істерде оның да пікірін тыңдау.
• Үйде үстем әйел емес, еркек болу керек.
• Күнә емес кемшіліктерін көрмеу.
• Айыптарын барлық адамға айтпау.
• Оны бүлікке себеп болатын жерге апармау.
• Дінін, харамды, адалды, міндеттерін үйрету.

Жақсы мінезді болу

Хадис шарифте: «Дүниеде мәнгі қалатындай емес, жолаушы сияқты өмір сүру керек» делінген. Адам дүниеде мәңгі қалмайды. Дүниелік қызықтарға берілген сайын дерт, қайғы, қиындықтар арта түседі. Төменгі хадистерді ұмытпау керек:
«Ғибадаттары аз болған құл жақсы мінезімен қияметте жоғары дәрежелерге жетеді».
«Ғибадаттардың ең оңайы және ең пайдалысы – аз сөйлеу және жақсы мінезді болу».
Құлдың ғибадаттары көп болса да жаман мінезі оны тозақтың түбіне түсіреді. Кейде күпірлікке апарады».
«Жақсы мінезді толықтыру, орнату үшін келдім».
Бір адамның күндіз ораза тұтып, түнде ғибадат ететіндігі, бірақ мінезі жаман екендігі, көршілеріне, достарына тіл тигізетіндігі туралы айтылған кезде пайғамбар «Бұлай болу дұрыс емес. Баратын жері — тозақтың оты» деді.
Сәмауи діндердің барлығында жақсы мінез туралы айтылған. Бұл дін осыларды толықтыру үшін жіберілді. Бұл дін бар кезде жақсы мінез туралы айтатын басқа кітаптың, басқа адамның қажеті жоқ. Сондықтан Мұхаммед пайғамбардан кейін пайғамбар келмейді.
«Жақсы мінезді адам дүние мен ақыреттің бақытына қауышады».
«Келбеті мен мінезі жақсы адамды тозақ оты жақпайды».
«Өзінен алыстағандарға жақындау, зұлымдық жасағандарды кешіру, өзіне ештеңе бермегендерге сый көрсету – жақсы мінезді болудың дәл өзі».
«Жақсы мінезді адам денесіне, малына, намысына зиян келтірген адамды кешіреді».
«Ашуланған кезде жұмсақ әрекет жасаған адамның жүрегін Аллаһу Та’ала сенімділік пен иманға толтырады». Жамандық жасаған жақсылық жасау – ең жақсы мінез. Кемел адам болудың белгісі. Дұшпандарды досқа айналдыру. Имам Ғазади былай дейді: «Жамандық жасаған адамға жамандық қайтарма, бір бетіңді ұрған адамға екінші бетіңді тос. Сырт киіміңді алған адамға шалбарыңды да бер».

Дос қандай болу керек?

Кез – келген адаммен достық құру дұрыс емес, қауіпті. Сондықтан дос таңдауда абай болу керек. Дос болатын адамда мына үш қасиет міндетті түрде болу керек:
Ақылды болу керек. Өйткені, ақылсыз адамдардан пайда емес, зиян келеді. Сондықтан ақылсыз адамнан алыс тұру керек. Олар жақсылықты жасаймын деп, жамандық жасауы мүмкін. Ақылсыз адам істің ақиқатын білмейтін, түсіндірсе де түсінбейтін адам болып табылады.
Мінезі жақсы болу керек. Адамға жамандықтың жұғуы жақсылықтың жұғуынан тез. Жаман мінезді адамның түзелуі өте қиын. Бірақ, жақсы мінезді адамды бұзу өте оңай. Жаман мінез жұқпалы ауру сияқты. Тіпті, жұғуы кетуінен де оңай.
Дұрыс адам болу керек. Күнәһар адамдар Аллаһтан қорықпайды. Қорқатын болса күнә істеуін жалғастырмас еді. Аллаһтан қорықпайтын адамға сенуге болмайды. Аллаһу Та’ала «Аллаһты есіне алмайтын, нәпсілеріне бағынатын адамдарға бағынбаңдар» деп бұйырады.

Жаспын, әдемімін, бірақ ….

Туыстарымызбен бірге қайтыс болған нағашы әпкемнің соңғы рет көру үшін мазарға барған кезімізде имам бұл тілегімізді қабылдамады. Табытты ашты, бірақ кебінің басындағы бауларды ғана шешті. Мәйіт қабірге түсірілгеннен кейін қатар – қатар тақтайлар қойыла бастады. Енді оның дүниемен байланысы қалған жоқ. Тек істеген істерімен бірге қалды. Әрбір тақтайды қойып жатқанда менің дүниеге деген сүйіспеншілігім жойылып жатқан еді. Топырақ тасталып жатқанда бұл дүниенің жалған екенін түсіндім. Мазардың беті топырақпен үйілген кезде ол әйелдің өмір сүріп – сүрмегендігі белгісіз болып қалған еді.
Біраздан кейін біз ол жерден кеттік. Ол жалғыздан – жалғыз қалды. Міне, сол кезде өз жағдайыма қарап, іштей қынжыла бастадым.
«Мен топырақтың астында жалғыз қалдым. Нағыз керек кезде қасымда ешкім болмайды. Олай болса дүниеде әркімнің сөзіне еріп, «сопы деп мазақтамасын» деп неге ғибадаттарымды жасамауым керек?».
Үйге келген соң анамнан «артық орамал бар ма?» деп сұрағанымда ол таң қалды. Оған «Жалғыз жерде есеп беруден қатты қорқамын, ана» дедім. Ол қатты қуанды. Ғибадат жасауды бастадым. Киеуімде қуанды. Бірақ айналамдағы адамдар маған «Жассың, әдемісің, не болып кеттің, өмір сүріп қалмайсыңба?» дей бастады.
Не десемде оларды сендіре алмадым. Сосын оларға былай дедім:
«Бұл жерде маған ақыл айтуларыңа болады. Егер мазарда да мені жалғыз қалдырмайтындарыңа сөз берсеңдер, сендердің айтқандарыңды істеймін …».

Алкогольді ішімдіктің зияны

Ішімдіктің зиянының көптігі оның бәрін бұл жерде айтып тауысу мүмкін емес. Олардың біразы:
Ішімдік ішетін адамда ең алдымен қуаныш сияқты жеңіл сезім пайда болады. Сосын бас ауруы, көздің сүзілуі, өзін бақылай алмау, жүру қиындығы, тепе – теңдіктің сақталмауы, жерге құлау әрекеттері орын алады. Ең соңында есінен айрылады.
Материалдық зарарымен қоса дененің ауруларға қарсы тұру қабілеті кемиді. Ішкіш адамдарда дін, отбасы, бала, отан, ұлт сүйіспеншілігі деген өте аз болады. Ұялу сезімі жоғалтатындықтан ең намысты адамдардың өз адамгершілікке жат қылықтар жасайды.
Алкоголь ішімдіктерді ішу үлкен күнә.
Ми, жүйке, бауыр, бұлшық ет, ткань сияқты органдардың қызметі бұзылады. Ақыл кемиді және дұрыс естімиді. Басқа адамдар мен қатнас жасалып, жыныстық аурулар тарайды.
Мас кезде зиян көрмеген ағза, тіпті зиян шекпеген ткань қалмайды. Ми қабығын ұйытатындықтан адам өзін билей алмай, билік ішімдіктің қолына өтеді.