Көркем мінез

Жақсы мінезді мұсылман болу үшін нелер қажет?
Жақсы мұсылман болу үшін көркем мінезге ие болу мен жаман мінезден алыс тұру керек. Сонда ғана екі әлем бақытына қол жеткізу мүмкін болады.
Жақсы мінез – ғылым мен әдептілікті үйрену арқылы, жақсы адамдармен дос болу арқылы пайда болады. Ал жаман мінез оның керісіншесі. Яғни білімсіздік пен әдепсіздіктен, айналасындағы жаман адамдармен дос болудан қалыптасады. Мінез жайында ислам ғалымдары былай бұйырады:
Жаман мінезді адам сынған құмыраға ұқсайды. Өйткені, не жамауға келмейді, не бұрынғы балшық қалпына келтіре алмайсың.
Кез келген ғимараттың іргетасы болатындай, исламның да іргетасын жақсы мінез құрайды.
Жаман мінез иесінің жасаған көптеген жақсылықтарын пайдасыз ететін өте жаман қылық. Ал жақсы мінез – сол адамның күнәларының кешірілуіне себеп болатын жақсы қасиет.
Рухани биік дәрежелерге жеткен адамдар сол мәртебеге тек өзінің жақсы мінездері арқылы көтерілген.
Жақсы мінезге жылы жүзділік, жомарттық және ешкімді ренжітпеу жатады.
Жақсы мінезді адам ешкіммен ұрыспайды және ешкімді бір-бірімен шағыстырмайды.

Қиыншылыққа төзу

Жақсы мінез – ешкімге қиыншылық тудырмау және басына келген қиыншылықтарына төзе алу деген сөз.
Жақсы мінезді адам баршылықта да жоқшылықта да риза қыла алатын адам.
Жақсы мінездің ең төмен дәрежесі қиыншылықтарын білдіртпеу, жасаған игіліктерінен еш қарсылық күтпеу, барлық адамдар алдында мейірімді болу дегенді білдіреді.
Жақсы мінез – халалды іздеу мен харамнан қашу, басқа адамдарға жақсы әрекетте болғандай, жеке отбасында да игі болып қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады.
Жақсы мінезге  жаратқан Алланы мен онын жаратқандарын қош көріп, олардан келген қиындықтарға сабыр етуді айтамыз
Жақсы мінезділік – Алла Тағаладан разы болу деген сөз.
(Жақсылықпен жаманшылықты тек Алладан деп білу, берген нығметтеріне шүкіршілік етіп, қиыншылық түскенде сабыр ету – Аллаға разы болу дегенді білдіреді).
Бір мұсылманға қабағын шыту – харам болады. Жылы жүзді болмау да мүміннің сипатына жатпайды. Сондықтан да барлығына жылы жүзді болу керек. Хадис шәрифте: «Аллаға қиямет күніне иман келтірген адам, келген қонағы мен көршісіне қонақжайлылық танытсын және қайырлы сөз сөйлесін немесе үндемесін» — деп бұйырылған. (Бұхари)
Басқаның жаман мінезіне шағымданған адам өзінің жаман мінезді екенін білдіреді. Ал біреудің жаман қылықтарын әңгімелеуіміз, бұл өзіміздің жаман екндігіміздің белгісі. Көркем мінез деп қиындықтарға төзе білуді айтамыз. Көркем мінездің белгілері мыналар:
Ынсапты болу, досының қатесін көрмеу, жақсы көз қараста болу, ол жайында жаман ойда болмау, айналасынан келетін қиындықтарға төзе білу, олардан шағымданушы болмау, әрқашан өзінің кемшіліктерін жоюға тырысу, өзін-өзі айыптау, жылы жүзді болып барлығымен жақсы қарым – қатынаста болу.
Жақсы мінезді адам: аз сөйлеседі, ешкімді ғайбат етпейді, Алла үшін жақсы көріп, Алла үшін дұшпандық етеді, аманатқа қиянат жасамайды, көршісімен айналасындағыларға қамқор болады.