Әруақтардың әлемдегі алатын орны қандай?

Әруақтардың әлемдегі алатын орны қандай? 

«Әрбір кісі жақсылық үшін жаралған, сол жолды ұстаса бәле жаладан аулақ болады. «  (Пайғамбарымыз Мұхаммедтен)

– Әруақ дегендер кімдер? Әлемдегі олардың алатын орны қандай? Олар адамдармен не себептен хабарласады?

– Олар басқа бір жан иелері емес, осы жерде, не болмаса болмыстың басқа әлемдерінде өмір сүрген жандар екені, олардың өздерінің тәндерін тастап, енді ғарыш кеңістігінде жүргендері анықталды. Әруақтардың арасынан өздерінің бұрынғы туысқандарын, достарын танығанда, олармен сөйлесіп, кім екендерін біліп, көптеген

дәлелдерді көргенде, бұған ешқандай күмән қалмайды. Әруақтардың тәні қалып, бірақ жандары рухтарымен әлі де болса бұрынғы кезіндей өздерінің жақындарын көріп-біліп, олардың арасында жүргендерін, оларға жақсылық ойлап, көмектескілері келетіні туралы айтатынын, бұған көптеген дәлелдерді өзім де көптеп келтіре аламын.

Толық оқу…

Абдулла қажы: «Әруақтар — Алланың әскері»

Дін саласында көп жыл бойы еңбек етіп келе жатқан ғалым Абдулла Жолдасты танымайтын қазақ жоқ шығар. Бүгінде Алматыда тұрып жатқан ғалымның Шымкентке келгенін естіп, қаладағы бірқатар қалталы азаматтар көпшілікке арнайы дастархан жайып, ол кісімен арнайы сұқбат ұйымдастырған болатын. Мәуліт мерекесіне орай ұйымдастырылған салиқалы әңгіменің үзіндісін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Толық оқу…