Табыну

Табыну (ғұрып). Адам баласында Алла тағалаға, әулие — әнбиеге, тағы басқа киелі тылсым күшке сыйыну мен сенудің және оған берілудің бірнеше жолдары бар. Солардың бірі – табыну. Адамдар осы табыну арқылы діни ұғымның таным – түсінігін, оның құдіретті күшін дәріптейді. Оған өзі де, өзгені де сендіреді, тоқтатады. Қазақтар көбінесе Жаратушы құдіреттен басқа аруаққа табынады. Олардан көмек күтеді, бала тілейді, ауыру – сырқауына шипа іздейді. Табынудың ақсарбас айту, тасаттық беру, әулие басына түнеу, мойнына бұршақ салу, құрбандық шалу, қайыр садақа беру тағы басқа жөн – жосықтары мен ырым – тыйымдары өзгеше көріністері де бар. Бұл дәстүрді ел ішінен әлі де жиі кездестіруге болады.