Абылай хан баба

Абылай хан баба зиратының және 17 сарбаздың табылуы

Абылай хан бабаҮстіміздегі жылы, яғни 2019 жылдың 17 тамызында Абылай хан бабмыздың зиратының табылғаны тұралы халыққа сүйіншілеген болатынбыз. Және тиісті орындарға хабарлама беріп, олардан арнайы мемлекеттік деңгейде тиісті тарихи, ғылыми зерттеулер жүргізуге де шақырғанбыз.

Бұл жөнінде Еліміздің Президенті – Қ. Тоқаев мырзаға да және оның айналасындағыларға хабарлағанбыз. Олардың құлағына жеткеніне сенейік…

Денгенмен, мемлекет тарапынан ресми түрде хабарлама болмады.

Сонымен қатар, ерекше атап өтер болсақ, ол – Абылай хан қорымындағы 17 сарбаздың, қашық емес жерде жатқан 7 әулиенің бізге белгілі болуы. Толық мән-жайды астындағы бейнежазбалардан таныса аласыздар.

Толық оқу…

Байбекұлы Әйтеке би (Айтық) (1644—1700)

Әйтеке би Бәйбекұлы – Кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі. Қазақ шежіресінде Жанарыстың бір аталарынан Алшын одан Әлім, Жеті ру тарайды. Әлімнен Түмен, Шөмекей, Төртқара, одан Ораз, Оразгелді, Жаншұқыр, Қараш. Ораз (Меккеге барып қажы атанған, Әмір Темір патшаның бас кеңесшісі болған баба). Сол Ораздан Ақпан, Тоқпан. Тоқпаннан Сейтқұл туған. Сейтқұлдан сегіз ұл болған. Соның бірі кезінде Самархан шаһарын 40 жылдай билеген атақты Жалаңтөс баһадүр еді. Жалаңтөс батыр және оның ерлігі, ел билеудегі беделі жөнінде жазба деректер аз емес.

Толық оқу…

Әлібекұлы Төле би (1663—1756)

Әлібекұлы Төле би (1663—1756) — қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руынан. Шежірешілер «тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен Төлеге дейін бай да, би де шықпаған. Олар „қарашоғыр“ атанған қара шаруа болған» деген дерек береді.

Толық оқу…