Дос қандай болу керек?

Кез – келген адаммен достық құру дұрыс емес, қауіпті. Сондықтан дос таңдауда абай болу керек. Дос болатын адамда мына үш қасиет міндетті түрде болу керек:
Ақылды болу керек. Өйткені, ақылсыз адамдардан пайда емес, зиян келеді. Сондықтан ақылсыз адамнан алыс тұру керек. Олар жақсылықты жасаймын деп, жамандық жасауы мүмкін. Ақылсыз адам істің ақиқатын білмейтін, түсіндірсе де түсінбейтін адам болып табылады.
Мінезі жақсы болу керек. Адамға жамандықтың жұғуы жақсылықтың жұғуынан тез. Жаман мінезді адамның түзелуі өте қиын. Бірақ, жақсы мінезді адамды бұзу өте оңай. Жаман мінез жұқпалы ауру сияқты. Тіпті, жұғуы кетуінен де оңай.
Дұрыс адам болу керек. Күнәһар адамдар Аллаһтан қорықпайды. Қорқатын болса күнә істеуін жалғастырмас еді. Аллаһтан қорықпайтын адамға сенуге болмайды. Аллаһу Та’ала «Аллаһты есіне алмайтын, нәпсілеріне бағынатын адамдарға бағынбаңдар» деп бұйырады.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.