№ |
Атауы |
Түсінік |
1. |
Ара |
Ағаш кесу үшін қолданылатын құрал. |
2. |
Аталғы |
Екі қолмен ұстап, ағаштың қабығын аршитын қисық пышақ. |
3. |
Байтесе |
Шаңырақ ағашын беттеп шауып, белгілі қалыпқа келтіретін құрал. |
4. |
Балта |
Өткір жүзді, ағаш шабатын сабы бар құрал. |
5. |
Жоңғы |
Ағаш жонатын құрал. |
6. |
Қобы |
Ағаштың бетін оюлап, өрнек салуға арналған аспап. |
7. |
Қолағаш. |
Қазық, қада қағуға арналған құрал, тоқпақ. |
8. |
Қуысқұлақ |
Ағшты үңгіп шабу үшін,екі шетін ішіне қарай иілдіре жасайтын шот. |
9. |
Мор |
Үйшілердің ағашты қыздырып, ию үшін қойдың қиын тұтатып, бықсытып жаққан оты бар шұңқыр жер. |
10. |
Пышқы |
Араның ағаш кесетін кішірек түрі. |
11. |
Сарнақ |
Киіз үй сүйегіне (уық, кереге) сыздық салатын, әр жерінде тісі бар құрал. |
12. |
Сүргі |
Ағашты өңдеу, тегістеу үшін қолданылатын құрал. |
13. |
Сықауырын |
Тезге салған ағашты қатты қысып, басып тұрып, түзейтін не бүгетін ағаш құрал. |
14. |
Тез |
Киіз үй сүйегін: уық, кереге т.б. жасалатын ағаштарды морланғаннан кейін, түзейтін не бүгетін ағаш құрал. |
15. |
Ұңғуыр |
Ағашты ұңғып, белгілі қалыпқа келтіретін құрал. |
16. |
Үскі |
Ағшты тесетін іші қуыс біз. |
17. |
Шапашот |
Имек ағашқа сапталған, ағаш шабатын құрал. |
18. |
Шот |
Ағаш шабатын құрал; шапашот. |