Арқандар | Жіптер | Киіз үй жабдықтары |
|
|
|
Киім-кешектер | Мал әбдездері | Төсеніштер |
|
|
|
Шаруашылық бұйымдар | ||
|
Арқан- жіпке қатысты атаулар.
№ |
Атауы |
Түсінік |
1. |
Арқау жіп |
Тоқылатын бұымның өзекті жібі. |
2. |
Керме |
А). Екі үйдің арасында керілген арқан. Б). Бір нәрсені ілу үшін , биіктеу етіп тартылған жіп. |
3. |
Күрмеу |
Арқан, жіпті қолдың басына орап барып, әрі берік, әрі тез шешетін етіп байлау әдісі. |
4. |
Қазықюау |
Жіпті бір нәрсеге екі рет орап барып, ұштарын бекітетін байлау әдісі. |
5. |
Қолтырмаш |
Арқаға көтерген жүк (отын, пішен т.б.) бұлтақтамас үшін , оны көлденең бастырып қоятын жіп. |
6. |
Қом арқан |
Түйеге жүк таңу үшін, екі ұшы қомға бекітілетін арқан. |
7. |
Қыл бұрау |
Ертеде жаза ретінде адамның санын буып, қинау сүшін, қылдан есілген қысқалау арқан. |
8. |
Қылдырық |
Жіңішке мықты жіп, сым. |
9. |
Мүйіз жіп |
Малдың мүйізіне байланып қойған дайын жіп. |
10. |
Өріс жібі |
Өрмектің негізін құрайтын жіп. |
11. |
Ұрғашы жіп |
Өрмектің бой жібінің астыңғысы. |
12. |
Шарық жіп |
Іс тігуге арналған жіңішке ұзын жіп. |
13. |
Шиелеу |
Арқан жіптерді шешілместей етіп байлау әдісі. |
14. |
Шыжым |
Арқан тәрізді, бірақ жіңішке етіп есілген мықты жіп. |
Жүннен бұйым жасуда қолданылатын құрал- жабдықтар.
№ |
Атауы |
Түсінік |
1. |
Адарғы |
Өрмек жіптерін астыңғы және үстіңгі жіп етіп бөліп тұратын ағаштан жасалған құрал. |
2. |
Аяқ |
Белағашты көтеріп тұратын аша басты тіреу ағаш. |
3. |
Белағаш |
Желі жіптерді күзу арқылы байланыстырып тұратын белағаштың үстінен қойылатын таяқша. |
4. |
Күзу ағаш |
Тарту жіп күзуді байланыстырып тұратын белағаштың үстінен қойылатын таяқша. |
5. |
Қайшы |
Басқұр тоқығанда , жіптерді қию үшін қолданылатын құрал. |
6. |
Қылыш |
Керілген желідегі жіп арасын қағатын , ағаштан жасалған құрал. |
7. |
Сабау |
Жүннің ұйысқанын жазып, тазарту үшін қолданылатын жіңішке таяқ. |
8. |
Серу ағаш |
Өрмек енін бірқалыпты сақтау үшін ағаштан жасалған құрал. |
9. |
Теру ағаш |
Желідегі жіптерден өрнек шығаратын құрал. |
10. |
Ұршық |
Шүйкеленген жүннен жіп иіріп алуға арналған аспап. |
11. |
Үшағаш |
Белағашты көтеріп тұратын құрал. |