Құдайдың құдіреті күшті. Әйткенмен, алты ғасыр жер астында жатқан құмыра адамша сөйлеп кетеді дегенге сенесіз бе? Жоқ , ол Сүлеймен пайғамбардың жын қамаған сиқырлы көзесі емес. Кәдімгі , қарапайым қыш ыдыс. Бір қызығы, «тілін» тапсаң, сөйлемейтін нәрсе жоқ екен…»
Жаңа технологияның дамуымен бірге археология- тарих ғылым ерекше бағыт алып барады. Жақында Орал қаласында баспасөз мәслихатын өткізген археолог ғалымдар таңғажайып жаңалықты жария етті. Қазақстанда тұңғыш рет палеофонографиялық және стереофотограмметриялық технология әдісімен бұдан 670 жыл бұрын шыққан дауысты қайта есту мүмкін болған!
Еділ мен Жайық арасы — ортағасырлық Алтын Орда хандарының емін – еркін көшіп – қонған құтты қонысы. Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданы аумағында жатқан Мұқыр (қазір Айдархан) қонысы археологтардың көзіне ертеден -ақ түскен Алтын Орданың дәуірлеген заманында,Өзбек пен Жәнібек хандардың билеген кезінде (1320-1350 жж) пайда болған қорымды оралдық археолог ғалымдар Ғ. Кушаев пен В. Железчиков 1974-1975 жылдары бастап зерттеп, екі жыл ішінде 17 қорғанды қазған екен. Сол қорғанның бірінен табылған құмыра қазір Дариян ауылындағы Шолохов музейінде сақтаулы тұр.

— Биыл жаз айында біз Қошқар қорғандарын зерттеуді жалғастырдық. Қазба жұмыстары кезінде табылған құмыраны осыдан 33 жыл бұрын табылған ыдыспен салыстырып көріп, қызық жәтке көз жеткіздік, — дейді Орал тарих және археология орталығының ғылыми қызметкері, тарих магистрі Денис Марыксин.
Сонымен, зерттеу нәтижесі төменднгідей:
Бұл екі ыдыс бір шебердің қолынан шыққан. Алғашқы табылған құмыра соңғысынан бұрын жасалынған. Екі құмыраның жасалу аралығы бірер сағат немесе бірер күн болуы мүмкін. Мұның уақытын қыш ыдыстың қамырына химиялық және термографиялық зерттеу жүргізген соң нақты айтуға болады.
Екі құмыра да бір станокта (гончарный круг) жасалынған.
Құмыраның орта тұсындағы безендіру сызығы бір шаблонмен салынған (дәлдігі 1 мм-ге дейін).
Қыш жасаушы шебердің жасы мен жынысы анықталып жатыр.
Сонымен қоса жасаушының айналма құралы жаңадан жасалынған , әлі тозылып, желінбегенін айтуға болады.
Станоктың айналу жылдамдығы секундына 4 шеңбердің аспайды. Шеңбер тегіс айналмаған, оның қозғалысындағы ауытқуды шебер өз қолымен реттеп отырғаны байқалады.
Қыш жасаушының шеберлігі қанағаттанарлық дәрежеде.
Құмыраны бойлай түскен сызықтарды палеофонографиялық технология көмегімен зерттегенде қыш жасаушы шебердің физиологиялық ерекшелектерін көрсететін акустикалық сигнал анықталды. Қазіргі кезде алынған мәліметтерді қосымша ақпарттық технология арқылы тексеру жүріп жатыр екен.
— Негізі ғылымда мұндай зерттеу тәсілі табылғанына қырық жылдай болып қалды.
Бұл, әсіресе, криминалистика саласында көп қолданылатын. Қазіргі сандық (цифровая) технологияның шығуы бұл тәсілді күрт дамытып жіберді, -дейді Денис Валерьевич. –Құмыраны әр қырынан суретке түсіріп, алынған суретті бедерді грамплстинкадағыдай оқи білу керек. Сонда түрлі дыбыс алуға болады. әсіресе, құмыра жасау сәтінде саз қамырда айналдырып тұрған қондырғының дауысы анық естіледі.
Денис Марыксиннің айтуынша, таяу келешекте құмыра жасау сәтінде шеберханадағы адам дауыстарын да естіп қалуымыз ғажап емес. Ғылымның дамуы соған бет алып бара жатыр. Мұның теориялық мүмкіндігі қазірдің өзінде дәлелденген.
Мұқыр қорғандарынан табылған құмыраларды «сөйлетуге» Ресей Федерациясы Саратов мемлекеттік университеті ақпараттық технологиялар зертханасының меңгерушісі, тарих және физика – математика ғылымдарының кандидаты Рустам Сингатуллин көмектесіпті. Өз жаңалығын ресми тіркетіп, авторлық куәлік алған Рустам Адыгамұлы бұл іспен біраздан бері шұғылданып жүрген ғалым екен.
— Әлемде археология саласын заманауи технологиямен зерртей бастаған бес орталық бар. Осы Рустам Адымгаұлының арқасында орыстар еуропалық, американдық әріптестерінен кейбір мәселелер бойынша көш ілгері келе жатыр. Сингатуллин археологияға келмес бұрын – ақ физика – математика ғылымдарының кандидаты атанған техник ғалым болатын. Мысалы, қазба кезінде табылған құмыраға біз көненің көзі, ратефакт, өнер туындысы ретінде ғана қарасақ , ол үшін технология әліппесі сияқты,- дейді Денис.
Әрине, қазір Қазақстанда ғылымның осы бір саласымен тұрақты айналысып жүрген ғалым да, зертхана да жоқ. Дени Валерьевтің айтуынша, бұл үшін өте күрделі қондырғылар қажет емес. Тек талай жылғы тәжірибе, табандылық керек. Бәлкім Батыс қазақстандықтар осы істің бастаушысы болар?!

«Үш Қиян» газетінен