Талақ

Талақ (заң жолы, ғұрып). «Әйтеуір ол маған қатын болмайды. Талақ болсын! Талақ! Талақ!» (М.Жұмабаев). Әдет бойынша әйелінен айырылысқан ері оны «талақ» етеді. Мұндай жағдай көбінесе әйел ерінің «көзіне шөп салса» (жеңіл жүріс жасаса) тағы басқа жат істер болғанда қолданылады. Күйеуі «талақ» деген сөзді үш рет қайталаса, неке бұзылған, яғни айырылысқан деп есептеледі. Бірақ, талақ болған әйелдің белгілі бір уақытқа дейін күтуге хақы бар. «Әйел талақ етілді, олардың күтетін мерзімі де орындалды, егер осыдан кейін ерлі – зайыптылар ойланып, шарт бойынша бірге өмір сүруге келісіп, жарасып жатса, онда оның қайта қосылуына кедергі жасамаңдар» (Құран кәрім). Шариғат заңы осындай. Егер талақтан кейін екеуі кешірім жасап, қайта қиылады. «Ері әйелін үшінші рет талақ етсе, онда әйел басқа біреуге тиіп шықпайынша, (қайта қосылуға) рұқсат етілмейді» (Құран кәрім).

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.