Бүкіл әлем — күрес алаңы

Тарих дегеніміз рухтың
қолтаңбасы, ел жанының
талпынысы.

(Гегель)
Ой әлеміне беріліп батпайынша
Хақиқаттың майданына кіріп болмас.

(Құл Кожа Ахмет, 66-хикмет)

Бұл кезде кез келген адамнан михраб не деп сүрай қалсаңыз, сөз жоқ ол мешітте имам тұратын алдыңғы орын деп жауап береді. Бұл солай екені де рас. Ал, сол сөздің сонау алғашқы, түпкі мәніне ой жүгіртсек, ол — күрес алаңы, соғысатын майдан деген мағына береді екен. Көкірегіңізге дін жолын, иман жолын түйіп, қүдайға құлшылық етуге тұрғанда сізді өрдайым шайтан азғырады, дүниәуи тіршіліктер етектен тартып, ойыңызды алаң етеді. Әлгі соғыстың мәнісі сол шайтанның азғыруына түспей, өзіңнің жан дүниеңді ізгілікке бағыттау. Ал, мұның өзі оңай бола қоймайды. Сол үшін үнемі тас түйін болып майданға шыққандай боп, соғыс алаңында жүргендей болып әрдайым жеңісті ғана ойлауға тырысу керек.

Ислам бүкіл адамзатқа ортақ дінді уағыздайды. Ал, басқа діндер белгілі бір халықтар үшін ғана түскендігін өздері де мойындайды. Мөселен, Будда үнді халықтарына бейім болса, Иса пайғамбар өзі айтқандай, басында тек израил халқына үйретуге келгем дейді. Жүдидтер діні ақиқат, шындық деп шарқ ұрса, христиандар мейірімділікті, кришна — шыдамдылық пен жан күйзелісін алға тартады. Ал, ислам діні әлгілердің бәрін есепке ала отыра, ақиқатқа, Алланың хақтығына үндейтіні, тарихат арқылы жету, хақтың хақтығына көз жеткізуді мақсат тұтады. Осы жолда ол жаңа ислам мәдениетін, жазуын, дүниеге көзқарасын, философиясын, аспан елемі жайлы, космогония—жеті қат биіктік, жеті қат жер қойнауы тереңдік жайлы түсініктерін ала келді. Ал, мұның бәрі ғылымға сай жеті ғаламның сырын ақылмен ойлап білу шексіздігі екені даусыз. Исламның бұл сыры мұсылман қайта өрлеуі — ренессансы аталған. X—XII ғасырда шыққан шығыстың ғүламалары ашқан жаңалықтар мен ақыл-ой биіктігі бүкіл өлемді тәнті етті. Ұлы жерлесіміз Әбу Нөсір өл-Фараби, көне түрік даласы әлі нәсіл, тайпасына қарай бөлінбей тұрғандығы ұлы ғұламалар Әбу-Райхан Бируни, Жүсіп Баласағұни, Сүлеймен Бақырғани, Махмұт Қашқари т.б. көптеген оқымыстылар, Әбу-ибн-Сина сынды ұлы тәуіп, Фирдоуси, Омар һаям сынды ақындарды бүкіл әлем танып, олардың шығармаларын рухани кәусар бұлақ суындай қабыл алады.
Дәл осы тұста дала түріктері, оның ішінде қазақ халқының негізін қалаған байырғы тайпалар арасында керемет ауыз әдебиетінің үлгілері, батырлар жыры мен ғажайып эпостар дүниеге келіп жатқан еді. Мұнда байырғы түздіктердің еркіндік сүйгіш мінез-құлқы, отан сүйгіш, ел сүйгіш қасиеттері жырланып, елін, жерін жаудан қорғау мөселесі басты тақырып болған еді. Сол жырларға батырлардың шығуы, тууы ең алдымен ислам дініне байланысты екені негізгі арқау болғаны ап-айқын көрініп түр. «Тіріміздің еркіміз — төреде, өліміздің еркіміз — қожада» деп айтқанымен түздіктер, өз табиғат болмысын сол қалпында сақтап қалған халық болды. Шығыстан монғол келді деп, монғолданып кеткен жоқ, батыстан дін таратты, наным-сеніміміз өзгерді деп арабтың да бодауында қалған жоқ.
Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
— деп, басталатын «Алпамыс» жыры, «Қобыланды», «Шора батыр», «Едіге» жырларында да дін үшін жан алмай соғысу тақырыбы өрбіп отырады. Бұл жырдың түп мәнісі шын сұрасаң, барлық ниетіңді аударсаң құдай сенің тілегіңді қабыл қылады дегенді үғындыру болатын. Ал, ол кездегі ең басты тілек — елдің амандығын қорғап қалатын керемет батыр болуы еді. Бұл тақырып батыс қиырда, оғыздар арасында туды деп саналатын «Оғуз-Нәме» дастанында да көрініс тапқан. Оғуз батыр туғаннан соң үш күннен кейін анасының сүтін ембей қояды. Баланың тілі шығып, «Ана, егер сен мұсылман болмасаң мен сенің емшегінді ембей қоямын» деп шарт қояды. Елі, жері үшін алапат соғыс салатын батырлардың бәрі дінін қорғауды ел қорғаудан бөліп қарамаған. Барлық жырда дерлік батырлар «діні бөлек кәпірді» аямай қырғынға ұшыратып отырады. Олардың бұл жеңісіне Алланың өзі сүйген әулие-әмбиелер жар болып, қолдап, жебеп жүреді. Ислам діні келуімен бірге қазақ ауыз әдебиетіне жаңа, тың тақырып қосылып, көптеген құнды, тарихи шығармалардың тууына себепші болды. Шығыстың айтулы екі үлкен шығармасы — «Қорқыт ата кітабы» мен «Манас» жырында ислам элементтері көптен кездесетіні — сол жыр туып жатқан кез ұлы далаға исламның таралуымен тұстас келгенін айғақтайды. Ислам діні далаға тек тақырып қана алып келген жоқ, ол жаңа жазба медениетін ала келді. Алғашқы араб тілінде, тек сол тілде ғана таралған дін негіздері көп кешікпей парсы тілімен қабат тарайтын болды. Парсы тілі араб тілімен бәсеке есебінде келумен қатар, исламның өз ішіндегі имам Шафи ағымның таралуына жол ашты. Жалпы дін таралуына байланысты мұндай бәсекелестік өзге діндерде де мысалы христиан дінінде де, кездескені тарихтан белгілі. Осыдан барып орыстар арасында ескі бағыт-ғұрыпты (старообрядцы) ұстаушылар мен жаңа бағытты ұстаушылар сияқты топтардың болғанын білетінбіз. Бұл ағымдар славян халықтары арасында кейде азамат соғысына дейін барса, дала түріктерінде ол болған жоқ. Ондай соғыстар өзге жерде шииттер мен сүнниттер арасында ескі заманнан бері әлі басылмай ауық-ауық тұтанып отырғанның куәсі болдық. Ал, орыс халқында ол тарихшы В.А.Ключевскийдің зерттеуі бойынша:«Итак, раскол как религиозное настроение кончился отлучением в 1667 г. некоторых старообрядцев от православной церкви» деп халықтың екі жарылуымен тынғанын баяндайды. (В.О.Ключевский Соч. т. 3, стр 295). Мұндай бөлінушілік түрік даласына исламның келген шағында аздап көрініс бергенімен, анау айтқандай үлкен ажырасуларға апарған жоқ. Рас, сонау XII ғасырдан соң қайтадан қара түнек басқандай, ғылым мен мәдениеттің өркендеуіне қысымшылық болды. Фанатиктер тарапынан Фарабиді, Бируниді, Омар һаямды қуғындап, ибн-Синаның еркін жүмыс істеуіне мүмкіндік бермеген жағдайлар орын алды. Бірақ, бұлардың бұл жікшілдіктері дала тұрғындарына онша тереңдеп ене қойған жоқ. Дала түріктері исламды тұтас қалпында қабыл алды. Ал, әлгі екі тілдің бөсекелес өрбуі күні бүгінге дейін қалмай, барлық медреселерде араб пен парсы тілдері қатар оқытылып келеді. Бұл жағдай батыста да сондай болатын. Грек тілі мен латын тіліндегі інжіл тайталаса келіп, енді орыс тіліне аударылған соң үш тілде қатар өріс алып отырды. Бұл тілдегі халықтарды біріктіретін нәрсе інжілдің негізі жөне өнері (шіркеу хорлары, бейнелеу өнері, діни күрделі музыкалар, сәулет жөне мүсін өнері) болатын. Ал бізде мұның бәрінің ролін халық жырлары мен ғимараттар салудың шығыстық үлгісі мойнына алады.
Бұлардың бәрін не үшін еске түсіріп отырмыз? Ислам ішіндегі ағымдардың басты екі түрінің түрік даласына жеткені және көбірек тарағаны тарихаттық жол. Яғни Алланы ойша, білім, ғылым арқылы танып білу мүмкіндігі. Ал оның бұдан басқа Алланы тек жүрекпен танып, сенім арқылы танып білу жолы да болғаны белгілі. Бұл жол қазіргі ислам фундаменталистері ұстанған, фанатизмге жақын ағым екені тағы белгілі. Біздің далаға еркін ілім, білімге бір кей ғасырларда кең жол ашылған болса, оның түп төркіні Ысқақ баптың жаңашылдық, діндегі пайғамбар ұстанды деген жолға жаңалық қосып, жергілікті халықтарды зерттеп білу, олардың әдет-ғұрыптарын қадірлей отырып, дін негіздеріне нұқсан келтірмей тарату жолын ұсынуында. Оның бұл батыл қадамы кейін сопылық ағымның, яғни дінді таратуда, түсіндіруге білім-ғылым, әдет-ғұрыптарды зерттеу ісіне жол ашқандық еді.
Қазақ арасында діннің кең таралуына кедергілер де аз болмады. «Құдай өзі кешірсін, әйтеуір ниетім тураның» төңірегінен әрі ұзай алмай жүрген қалың жүртқа орыс бодандығының теріс әрекеті аз болмады. Елді территориялық, саяси, экономикалық кіріптарлық та ғана емес, ең бастысы рухани жаулап, халықты мүлде мәңгүрттендіріп немесе сақа, ненец, үрбіт, коми, пермияк халықтары сияқты түбегейлі орыстандырып жіберуді мақсат тұтты. Сөз арасында айта кету керек, қазақ оқығандарының арасында осы күнге дейін «Қазақ ешбір дінді жарытып қабылдаған емес» деген пікір белең алып келді. Бұл солай болуды мақсат еткен орыс отаршылығының түпкі саясатының жаңғырығына мойын ұсыну еді. Өйткені, «бәрібір қанына сіңген діні болмаса, орыстық ықпалға көшіп кетуіне де болады ғой» деген көмейдегі ниетке жол ашу емес пе? Баршамызға аян отаршылдық саясат өр түрлі амалдармен, айла-тәсілдермен жымысқылай ене бастады. Ашық күш қолдану, түртпектеу, қорқытулармен қатар, амалдап екіжүзділік таныту, аярлық жасау әдістерінен де тайынған жоқ. Бұл ретте орыс барлаушыларының орталыққа берген құпия баяндауларында айтылғандай «Кіндік Азия, Қазақстан, құдайға шүкір, Үндістан емес, ондағыдай полктар мен көптеген батальондар керек емес, онда (Үндістанда) ағылшын найзасы ғана сұсты. Ал, мүнда кіндік Азияда орыс мұжығы қаптап келсе, жергілікті халық сол нөпірдің астында тұншығып, әлі-ақ тез-ақ орыстың бір басыбайлы провинциясына айналып шыға келеді. Бұған бас-аяғы бір жүз жыл жетіп жатыр» деп көрсеткен. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін ежелгі түркі халықтары арасында алауыздық тудырып отыруды, ал жеке халықтың өз ішінде руды руға атыстырып-шабыстырып қоюды қолға алды. Әсіресе өткен ғасырда «бөлшекте де билей бер» саясатына көбірек назар аударды. Алайда, бұл жағдайда қазақ қауымы орыстық ықпалдан гөрі қандас өзбек, татар халықтарын жақын тұтып отырғаны аян. Бұл жолда ислам діні түркі жүртшылығы үшін үлкен біріктіруші күш болды. Ұлттық интеллигенция патшаға қызмет етеді деп күтілгенімен, олар өз ұлтының мәдениетін өркендетуге, жетілдіруге көбірек назар аударғаны заңды қүбылыс еді. Бұл құбылыстан патша үкіметі бұдан былай шындап қауіптене бастады. Сондықтан да дүлей күш енді азу тісін ақситып, айбатқа жиі көшетін болды. Бұл жөнінде халқымыздың біртуар ұлдарының бірі Мүстафа Шоқай: «Түркістанның қилы тағдыры» деген кітабында былайша жазған болатын. «…Генерал Духовский 1898 жылы Әндіжан көтерлісінен кейін бүкіл қаладағы ғұлама дін басыларын мешітке жиып, өзінің аяғына жығып, тағзым етуге мөжбүрлеген. Аса қадірлі ғұламалардың біразының Сәждеге қойған басын желкесінен басып өткен де осы — Духовский» (кітаптың 120-121 беттері).
Бүкіл аймақты уысында ұстау үшін бұл генерал өзінің басты мақсатын исламмен күресу деп білді. Сол үшін де мектептерде ислам негіздерінен гөрі орыс тілінің көбірек оқытылуын қадағалады. Мектеп оқушыларына баға қоярда, мінез құлқына сипаттама берерде жергілікті ұлт өкілдері балаларына «өз бойындағы мұсылмандық тенденцияларын танытқаны үшін» төмен баға қоятын болған. («Казақ тарихы» журналы. 1994 ж. N6. 40 бет).
Ал, бұл іс-әрекеттер әр кезде-ақ Орта Азиядан дәмелі өзге елдердің бақылауынан тыс қалған емес. Бір-бірінің қас-қабағын, іс-әрекетін бағып отырған отарлаушы елдер өкілдері өріс алып келе жатқан әрбір тыныс, әрекеттерді есепке алып отырды. Ағылшын ғалымы Олкотт М.В. «Қазақтар» деген кітабында осы жағдайларды тұжырымдай келе «Ислам діні қазақ қоғамында үлкен өлеуметтік-моральдық күшке айналып отыр» деп қорытынды жасайды. (Олкотт, «Казақтар», Стенфорт. 1987 ж. 102 бет). Осы айтылғандарды жинақтай келсек, қазақ халқы бүкіл түркі жүртымен бірге мұсылманшылықты күрделі де ұзақ кезеңдерден өтіп, оны өз ожданы есебінен білуінде өзінің біріншіден, Аллаға шек келтірмейтінін әлденеше рет дәлелдеп шықса, екіншіден, дінді қабылдауы процесінің ұзаққа созылуы да сыртқы басқыншылыққа үнемі қарсы болуынан деп тануымыз керек. Бұл жөнінде Ахмет Байтұрсынов айтқандай «қазақ дінге нашар кезден өткен» демекпіз. Ендігі ниетіміз бен беталысымызды тәңірі өзі қабыл еткей.

Қазақтың исламды қабылдауына кей-кейде Қоқан хандығы қол астында тұрған кезде жекелеген өзбек молдалары да шөк келтіріп, пендешілік танытып отырған кездер болды.
Айтулы Көгілташ медресесін дала қазағы салдырыпты дегенге сенбей, қызғаныш танытқан адамдар да болған. Бұқара қазақтары, Қарақалпақ арасында, одан кейін Сыр бойында сол медресенің салынуы туралы көптеген әңгімелер бар. Солардың бірін Ш.Серікбаев деген азаматтан естіген едім.
Бұқара қаласында Шамши Мұхаммед деген молда өмір сүріпті. Ол кезде тәжіктер, өзбектер, қазақтар Бұқара хандығына бағынған. Сол Шамши молда әрі жағымпаздау, әрі судыр-суайттау болса керек. Каһарлы ханға әрі жағыну, әрі оған ақылгөйші, сенімді серігі болу мақсатын көп ойлайтын пенде екен.
Бір күні:
— Алдияр хан ием, менің мына бір сөзіме құлақ ассаңыз екен және артық болса кешірім сұраймын.
— Айта бер. Құлағым сенде.
— Құлдық. Қырда көшпелі қазақ деген халық бар.Олар Мүхаммед пайғамбар дінінің нағыз жолын білмейді жөне шариғат қағидаларын орындауға толық мән бермейді. Сондықтан бұлар дінсіздер, оларды құл етіп сатуға рұқсат етсеңіз, дейді.
Хан сәл ойланып:
— Дінсіз деп айыптау артық болар. Алдымен кеңес шақырып, олардың өкілдерін қатыстырайық. Шариғат қағидаларын қанша, қандай дәрежеде біледі екен, сонда сынап, байқап көрейік. Содан
кейін қорытынды шығарайық.
Сонда қазақтың шақырылған өкілдері молдалар берген сауалдарға жауап бере алмаса, онда өз обалдары өзіне, қазақты дінсіз деп жариялап, құл есебінде базарға сатуға рұқсат берермін, дейді.
Хан ұйғарымы қатал да, қаһарлы да. Ел арасына лау еткен оттай тез тарайды. Қазақтар кеңеседі, келіседі. Хан мен молдалар алдына жауап беруге кім жіберіледі, кім жарайды. Мөселе оңай емес, қиын әрі жауапты. Сынға түсіп, мүдірмей, мүлтікпей шығу үлкен сын, жығылып, сүрініп, жауап бере алмай қалсаң, қүдайдың ұрғаны, құл атанып, базарға сатылатын дүниеге айналасың. Осы үлкен кеңес, ойласу үстінде Көге есімді бір қазақ түрып:
— Мені Бұқараға жіберіңіздер, бағымды байқап
көрейін, — дейді.
— Рұқсат Алладан болсын! Келістік! Бірақ, капы калып, кадірсіз бола көрме. Жолың болсын!
Көге жол шекті. Тура бесін намазы кезінде Бұқараға келеді.
Келе сала көпшілікпен бірге намазға отыра кетеді. Намаз оқылып жатыр. Мешіт есігі аузында қолында қамшысы бар жендет көзін тігіп, намаз оқығандарды бақылап түрады. Намаз аяқталып, жиналған топ соңғы аятқа қол жайғанда Көге қолын жеңінен шығармастан ақ бата жасай салады. Бұны Мұхаммед молда көріп қалады да:
— Мына кісі шариғат қағидасын білмейді екен, сол үшін жазасын дұрыстап беру керек, — деп есік аузында тұрған жендетке айқай салады.
Бұған Көге түк саспастан:
— Молда-әке, аздап сабыр етіңіз, — дейді. — Егер құдай жалаңаш пендені көретін болса, онда үстіңіздегі киіміңізді түгел шешіп, намазды тыр жалаңаш күйіңізде оқыңыз. Намаз оқыған кезде неліктен қолыңызды жалаңаштап, қалған жеріңізді киіммен неге жасыру керек? Бұл құранның қай сүресінде айтылыпты? Маған көрсетіңіз, ханға баралық, төрелігін айтар, жүріңіз, мен дайын — дейді.
Молда не айтарын білмей, тосылып қалады. Көге сол жолы хан алдында келіп, бүкіл қазақ халқының мұсылман екенін дөлелдеу үшін өзінің Бұқарада төрт-бес жыл тұруына рұқсат сұрайды. Хан қарсы болмай, бұған толық келіседі.
Күндер, айлар, жылдар өте береді. Бұл басқалар-мен, басқалардың бұнымен онша жүмысы болмай жүріп жатты. Алып келген азық-түлігі, киім-кешектері, малдары таусыла бастайды. Нағыз жарлы, кедей қалпына түседі. Бірақ, ол налымай, қайғырмай мұсылмандық жолды дәлелдеу үшін өз жұмысын атқара береді.
Қала сыртына шығып шөп шауып, онан сыпырғы жасап базарға сатады. Онан аздап ақша жинап, базардан тауықтар сатып алады. Олар жұмыртқалап жұмыртқалар көбейген үстіне көбейе түседі. Енді оларды сатуға мәжбүр болады. Ақша пайда болады. Енді Көге кірпіш баса бастайды. Кірпіштер де көбейеді.
Бір күні Көге хан алдына келіп,
— Тақсыр, менің Сізден тағы бір өтінішім бар. Рұқсат етсеңіз мешіт салайын деп едім. Оған қоса тағы бір шартым бар. Сол мешіт құрылысына тек менің айтқан адамдарым алынса, шеберлер менің айтқан, қойған талабыма сөйкес жүмыс істесе. Хан келісіп, қаладағы барлық шеберлерді жинайды.

— Ал, Көге, Сіздікі қандай шарт? Айтыңыз.
— Құп, тақсыр, ол шарттар мыналар.
Мешіт құрылысына мынадай шеберлер қатысуға тиіс: «Олар өмір бойы бес уақыт намазын оқыған және бір ретте қаза етпеген, ешқашан шариғатты бұзбай, дәретсіз қара жерді баспаған және еш уақытта ешкімге жамандық ойламаған, зинақорлық жасамаған, әрқашан таза жүрген, есігінің алдына келген пендеге, жарлы-жақыбайға қайыр-садақа берген, нағыз мұсылмандардың парыздарын орындаған, үйіне келген мейманды қайдан жөне неге келгенін сұрамастан, әрқашан қонақ қылған, кім болса да бетіне шындықты айтқан, құдайдан басқаға құлшылдық етпеген адамдар болса. Осы айтылған серттерді орындаған жандарға мешіт қүрылысын бастауға рұқсат етемін», — дейді.
Жиналған шеберлер де, хан уөзірлері де түгелдей үндемей қалады… Міне, қызық, нағыз ғажайып, таңқаларлық шарттар.
Бүкіл Бүқара қаласының қайсы бір шеберлері болмасын бұндай шарттарды орындауға ант-су ішуге уеде бере алмай, бас тартады. Бірақ, хан Көгенің шарттарын барша Бұқара халқына жария етіп, талапкерлер болса, өзіне келуге рұқсат береді.
Дегенмен, хан әмірін орындай алмайтынын сезгендер батылы бара алмайды. Бұқарада ешбір адам Көгенің шарттарын орындауға шықпаған соң ол ханға барып, өзі айтқан шарттарды орындау үшін өзі ант-су ішетінін мәлімдеп, құрылысын бастауға рұқсат беруін сұрайды. Хан бұған келісіп, мешіт құрылысы басталып кетеді.
Көге көреген адам еді. Ол бір сөзді уөдесінде тұратын, нағыз тақуа жан болатын. Ешкімнің көмегінсіз мешіттің қабырғасын жалғыз өзі тұрғызады. Ал басқа шеберлерге оны ақтау, сырлау, бөтен жүмыстарын жүргізуге рұқсат береді.
Күндер өте берді. Көк күмбезді қүрылыс қала ортасында бой көтереді. Қала халқы жаңа мешітті көріп қайран қалды. Әсем де, өдемі, көз нұрын тартатын ғимарат. «Бүкіл Бұқара бойынша нағыз тақуа, нағыз адал, дін жолына берілген адам» — деп бүл мешітті оның атымен «Көге тас» яки «Көгенің құрылысы» — деп атай бастайды. Бул атау бірте-бірте кәдімгі халық айтып жүрген — «Көгілташ» болып атанып кетті.
Уақыт өте берді. Бір күні түн ішінде (құптан намазы кезі болса керек) өзі салған мешітіне намаз оқуға келсе, мешіт іші адамға толы. Ән айтқан, қиқу салған бір топ халықты көреді.
— Бүл не деген сұмдық, не деген озбырлық? —деп Көге отыра қалып жылай бастайды. Жылайды да қолына балта алып, мешіттің қабырғасын қүлата бастайды. «Өзі адал, ақ ниетімен салған мешіт жын-шайтанның ордасына айналғанша, қайта жер бетінен жоғалып кеткені дүрыс шығар», — деп Көге көз жасын көл-көсір қылып төгеді. Бұны көріп Шамси Мұхаммед молда жүгіріп келіп:
— Көге, Көге тоқта. Мұның мөнісі бар. Сенің салған мешітің соншалықты қасиетті де, таза. Егер оны біз аздап қорламасақ, азды-көпті бала-базар ұйымдастырмасақ, бұл күйінде ол жер бетінде қала алмайды. Мешітіңіз көкке көтеріліп кетуі мүмкін. Біз бұны қасиетті кітаптардан оқып білдік. Сондықтан да біз, молдалар сенің «Көгілташың» жер бетінде мөңгі қалсын деп осы ойын-сауықты өдейі жасап отырмыз. Әйтпесе, қайталап айтайын, мешіт не аспанға, не жер астына түсіп жоқ болуы мүмкін. Тағы біздің саған айтарымыз, жер бетінде өзірге сенен тақуа, сенен таза, адал адамды көріп отырғанымыз жоқ, сен тұрғызған қасиетті құрылысты-ғимаратты басқа жерде жоқ деп отырмыз.
Көге сонда молда сөзіне еріп, Бүқара ханына келді.
— Тақсыр, хан ием, егер менің істерім, атқарған жұмыстарым тақуалық деп танылса, онда қазақ
халқын шын мұсылман деп танитын және оны мәңгілікке құлдыққа сатудан босататыныңызға пәрмен беріңіз, — депті.
Хан уәдесінде тұрды. Көге тілегін қабыл алды, сонымен қатар қазақ халқына жала жапқан Шамши Мұхаммед молдаға дүре соғуға, сонан соң оны дарға асуға өмір берді.
— Міне, қазақ халқын құлдықтан құтқаруға Көгенің осындай көмегі тарихта бар. Оның бұл істеген әрекеті, адал, ақ ниеті, ешуақытта ұмытылуға тиіс емес және үмытылмайды да. Бүқара қаласында осындай ғажайып мешіт салып, атын әлемге танытқаны, оның ішінде мұсылман жұртына әйгілі болуы бізді қатты қуантады. Осы жүмыстарды бітіргеннен соң тақуа Көге Меккеге аттанды.
Сонда үзақ уақыт өмір сүріп, бүл дүниеден өткен екен.
— Ал осы Көге кім? Қай ұрпақтан тараған?
Кіші жүзде Тама деген ру бар. Шежірешілердің айтуынша Жабал, Жабағы және Есенкелді деген балалар туады. Сол Есенкелдіден — Атамшал, Қызылқұрт, Кенжебай, Дәулеткелді деген бұтақтар тарайды. Ал, Атамшалдың бір баласының бұтағы Көге деп атанатын көрінеді. Олардың тұқымдары Ақтөбе облысында Ойсылқара, Бесмамақ, Бөрлі, Бөрті, Каратоғай болыстарында болған екен. Олардың ұрпақгары сол жерлерде қазірде де қоныс тепкен.
Шежірешілер сөзіне жүгінсек, Атамшалар мен Көгелер Ақтөбе уезіне осыдан екі жүз жылдай бұрын Бұқара мен Сырдария облыстары жерінен көшіп келген. Солай болуы тіпті ықтимал. Себебі: қазіргі кездерде де Бұқара мен Самарқан жерлерінде осы аталған рулармен қатар Қарасақал, Кердері руларының өкілдері баршылық. Көге ата атасынан тараған Бұқарадағы қазақтар да «Көгілташты» салдырған біздің атамыз Көге деп мақтаныш тұтады.
Осынау аумалы-төкпелі ғасырымыз да артта қалып барады. Дүрбелең дөуірлерді бастан өткерген ұрпақ санасыда теңіздей сапырлысып кетті. Өткен ғасыр да солай болған. Үндістанда Мадрас университетінде дәріс берген шейх Сейт Сүлеймен ан-Надви деген профессор өз лекцияларын топтап, «Мұхаммедке (ғ.с.) сәлем хат» атты кітап етіп таратқан. Сонда айтылады: «Адам баласы жасап келе жатқаннан бері қарай ең ұлы адамдардың өміріне шолу жасағанда, солардың ішінде пайғамбарымыз туралы зерттеулер ең көбі екен дейді». Сондай-ақ, Оксфорт университетінің оқытушысы Рейнольд Босворт Смит корольдық қоғам мүшелеріне оқыған «Мұхаммед (ғ.с.)» лекцияларында «барлық діндер туралы сараптай келе айтатыным ислам өзгеріске ең аз ұшыраған, өте тұрақты жөне ол туралы дерек көп тараған дін» деп көрсеткен («Послание Мухаммеду» аты кітап, Новосибирск, 1996ж 71 бет). Тағы бір ағылшын ғалымы Джон Дьюпорт «Мұхаммедтен жөне құраннан кешірім» деген кітабында өзге діндегілер кейде сенім-нанымдарын өзгертіп жатқанда исламды мойындаған адам одан қайтып шықпайтынына көз жеткенін айтады. Мысал ретінде Иса пайғамбардың басына қиын сәт туғанда оның шәкірттері бас сауғалап кеткенін, ішіндегі біреуі сатып кеткенін айта келіп, дәл сондай қатерлі сәт туғанда, Мұхаммедтің жанында төрт-бес ақ адам қалғанда күйеуі, ағасы, ұлы қаза тапса да пайғамбарды жан аямай қорғаған әйелдің ерлігін паш етеді. Осындай уағыздардың әсері болар, ағылшындарда ислам көбірек тараған. Қазірдің өзінде бір ғана Лондонда 100-ден аса мешіт жұмыс істейтін көрінеді. Дүниедегі бұрынды-соңды өткен ұлы адамдардың Құранға назар аудармай кеткендері кемде-кем шығар. Гете, А.С.Пушкин, Бисмарк, Тито, Неру, Р.Ролан, көп жыл Франция компартиясын басқарған Роже Городи, т.б көптеген адамдар исламды құрмет тұтқан. Р.Городи «Естеліктер» деген кітабында: «Менің өз ғұмырымның ең басты мұраты — өмірімнің мәнісін түсіну болды… Күн өткен сайын Құран маған етене жақын болып барады. Ол тап бір бүгін ғана жазылып, тікелей маған ғана тіл қатып тұрған тәрізді». Ал биыл туғанына 200 жыл толуын әлем болып атап өтіп жатқан орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин Құран Кәрімді аудармасынан оқыған соң, оған еліктеп керемет жырлар жазғаны белгілі.
Ант етем! Жұпты-жұпсызбен,
Ант етем қылыш, майданмен!
Ант етем таңғы жұлдызбен,
Екінді намаз байламмен.
Жок, мен сенен безбедім,
Оңаша жаттап, жанды елтіп.
Сұқ, көзі тиіп өзгенің,
Жүрмесін дедім әуре етіп.
…Жалғанға қас бол, ерлік ет,
Әділдік жолы нағыз бұл!
Жетімді сүйіп елжіреп,
Құранды жаттап уағыз қыл!
(Аударма автордікі)

Бұл нағыз ақыл иесінің жүрек жарды сөзі. Құранға, исламға бет бұру бұл кезде бүкіл әлемде айқын аңғарылады. Бар дүние Михрафта тұрғандай. Шәкәрім Құдайбердиев «Үш анық» атты философиялық толғауында «Адам атаулының бәрін бір бауырдай етіп, екі өмірде де жақсылықпен сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы» — деген сөзінде риясыз шындық бар.
Сана үшін күрес-ұрпақтың азып тозбауы, тура жолды таба білуі үшін күрес. Осы жолда түрлі секталарға жолықпай, исламның әу бастағы таза жолына түсе білудің өзі сын.
Ал біздің бүл кітапшада дәлелдеуге әрекеттенген негізгі ойымыз Ысқақ бап бастаған Арыстан бап пен Қожа Ахмет Иассауи жалғастырып әкеткен исламның мөлдір бастауларын тани білуді жастарға ұлағат ету.
Ия, қазір бүкіл адамзат михрабта тұрғандай хал кешуде. Тәңірдің ақжолына түсу бар да, азып-тозып, ұлт ретінде, этнос ретінде түсі оңып, бояуы ағарып, әйтеуір бір нанын жақсы тауып жейтін, қабілеті, өмірге, құбылмалы дүниеге барынша бейім адамдар болып шығу жолы бар. Қазақстанда қазір еркін демократия деп 38 діни конфессия заңды түрде тіркелген.
Бұған қоса өз жастарымыздың ішінен біреуі кришнаға, біреуі інжілге бой ұрып, өз дінінен безіп жүргендері қаншама! Сондай бір топ Шымкент, Алматы, Қарағанды қалаларында «Сенім» деген атпен жүмыс жасайтынынан хабардармыз.
Ал, сол жастар ислам тарихының қазақ даласына енуінің үзақ тарихы бар екенін, біздің ата-бабаларымыз сол исламды таза, мөлдір қалпында қабылдап, соны қорғау үшін қаншама жыл қан төккенін білсе, оның өзге діннен біздегі ерекшелігі әрі сенімі таза, әрі ұлтының дәстүрі сақталуына қызмет еткенін білсе ата-баба қадір тұтқан дінге сырт қарамаған болар еді.
Келесі жылы түрік жүртының көне орталық қаласы Түркістанның 1500 (кейінгі деректерде 2000 жыл деп те жүр) жылдық мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілмек. Бүл үлкен шара. Осы шараларды өткізу үстінде ислам діні Қожа Ахмет Иассауи дөуірінен анағұрлым ертерек, сонау VIII ғасырдың соңы, IX ғасырдың басында дала түріктеріне ене бастағанын қоса еске алған жөн ғой демекпіз.
Бұдан былай дала түріктеріне ислам келуін қарт Қаратаудың теріскей бетінде орын тепкен Ысқақ бап пен оның замандасы бүкіл тайпаның көсемі, өулиелердің өулиесі Шашты Әзіз бабамызға да байланыстыра тарих қозғап, бұл жолдағы туристік маршрутты алдағы кезде солай бүру керек сияқты.

«ЫСҚАҚ БАП» кітабынан

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.