ҚАЗАҚ ЕЛІ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУҒА ОЯНУҒА НЕ КЕРЕК?

Кеңеселік жиналыстар мен бос сөзден амал керек қазіргі таңда. Халық рухани ояну үшін алдымен ар-ұятылық туралы заң керек. Бірақ оны ел басымыз қазір бұл жолға кесе көлденең жатып алып, ұлықсат бермейді. Рухани жаңғыруды жолдаумен байланысты әулие -әмбилерді тізімдеп бастарына жағдай жасау туралы болмаса, қалғанының бәрі жалған, мұнан халыққа Құдайдың нұры келмейді де, қуаттық алмасу жүрмейді. Лауазымды пенделер үшін ғана қосымша қаражат байлықтың көзі ғана.

Халықты рухани ояту үшін алдымен қарсылықтармен күресіп, жалғандықтарды тануды ажыратуды үйрету керек. Қазір халықтың ықыласын артыруға, жер анадан рухани қуат көздерін ашу керек. Ол үшін алдымен ел биліктің қолынан келмей жатқан, бәрбір келмейтін істерді қолға алу керек. Оған көп қаражат та керек болмайды. Абылайхан атаның зияратын ашуға мүмкіндік бар. Бір белсендінің атынан есеп шот ашып халықтың садақасын жинау керек.

Ортақ қаражатты қалай қайда жұмсаудың жоспарын құрып алдымен Құдайдың хикметті белгілері түсетін орындарды халықа зияраттауға тілек тілеуге, хикметтердің түсуіне жол ашу керек. Сонда халықтың өзі күнәдан ақталумен, ұйқысынан оянып, бір-бірне де қуат қосып елде бейбіт өмір тыныштыққа, молышылққа қарай қадам басады. Әрине сонда ғана мұндай істердің ашық белгілері де әлемге де естіліп, көңілдері қазақ еліне бұрыла бастайды. Ал бұл істе орыс елінің көп ықпалы да көмегіде де болары хақиқат.

Астана маңындағы Қабанбай атының зияраты деген жалғандықты әшкерелеу керек. Ол үшінде Аягөз бен Үш арал арасында жатқан батырдың зияратын ашу керек. Сонымен бірге Қырғыз басшыларымен келісім жасап Кенесарыхан атаның зияратын ашу керек. Қасында 11 уәзірмен мұрғатары да қоса жерленген екен. Және Керейханмен, Жәнбек сұлтан да тұр қозғалмай. Көптеген пайғамбарлар киелі бабалар да бар. Християн әлемін қазақ еліне көңілін бұратын Ыбрайым, Ысқақ, Жақып, Ғиса пайғамбар, Мариям ана және 4 сақабасының зиярттарын да халыққа ашып жарнамалау керек.

Жапониядан Тоныкөк Білекті Қаһан-Жүніс пайғамбардың да топырағын әкеліп жерлеу керек қазақ еліне. Және қаражат тауып латын әліпбине деген ел биліктің зұлымдығына тосқауыл қойуға болады. Ол үшін орыстармен байланысып Петербург қаласынан мұржай кітапханда Орхей Енсей жазбаларынан кер жазуының кітабының көшірмесін табу керек. Стамбулдан көрі ол оңай, орыстардың өзі жәрдем береді. Сонда ғана ел билік, рухани жаңғыртушылардың жалғандығы ашылып, амал жоқ халықтың атынан шыққан мұндай белсенділерді тыңдауға мәжбүр болмақ.

Ақпараттық жүйелерден үш тілмен ғылым болмайтын, ғылым дегеннің ұғымы сипаты мүлде басқа екенін халыққа түсіндіру жұмысын жүргізіп қана, ел биліктің амалсыз бұл ұлттың діліне деген опасыздығынан бас тартуынан тура келеді. Ал қазіргі таңдағы жайбарақаттықпен ел басының кереметілігін дәріптеумен арты үлкен аласапыранға ұшыраудың да қаупі бар. Себебі елдің өзі амал қылмаса, онда Құдайдың өлім, ажал деген насихаты да жүретін ұмытпаған жөн…

Мұнанда басқа әлі талай құпия ақпараттармен мирастардың және жан ғылымының да деректерін жариялаумен масһашы, дінші, білімді, ел билеуші жетесіз қауымдыққа да соққы беруімізде хақ.(Қазан 2017 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.