СЕРІК ҚОСУ ЖАЛҒАН ТӘҢІРГЕ ТАБЫНУШЫЛЫҚ

Ислам уағызшыларының жалған тәңірге табынуды яғни серік қосушылық дегеніміз пұтқа немесе, аруақтардан сұрау, деген ұғымға ақыл ойыңыз байланып жүрегіңізде қарсылық ниет пайда болса, онда Інжілге жүгінейік; «Иеміздің атынан сендерге мықтап ескертемін: бұдан былай құдайсыз қылықтардан түкке тұрғысыз ойларына сай өмір сүрмеңдер! 
Олардың санасын қараңғылық басып, жүректері шындықты білгілері келмей жақсылық атаулыға қасарысқан, сөйтіп Құдай беретін шынайы өмірден құр қалған. Мұндайлар ұяттан әбден безіп, жүгенсіздікке салынып, тойымсыз нәпсі құмарлықтарымен әр түрлі азғындық істей береді.
Араларыңда неке адалдығын бұзу, әр қилы азғындық пен ашкөздіктің (дүние, ақша құмарлық) тіпті аттары да аталмасын. Құдайдың адамдарына бұлардан аулақ жүру лайық. Сендерге әдепсіздік жасау, ақымақ сөз бен тұрпайы қалжың айту емес, шүкірлік ету жарасымды. Мынаны біліп қойыңдар: неке адалдығын бұзатындар, ұятсыздар мен ашкөзділер-жалған тәңірлерге табынушылар, мұндайлардың бәріне де Мәсіхтің және Құдайдың патшалығында орын жоқ.» (Пауылдан; Ефестік-4-5 тарау)

Енді талдап көрсек; пұтқа табыну жалған тәңірге табыну болмайды өйткені (алда арнаулы түсінік береміз) пұттар адам өнімі, қуаты болып, бірақ ештемені өздігімен жарата да алмайтын періштелер тобына жатады. Сондықтан оны шоқынуға жатқызамыз.
Ал жалған тәңірге табыну, дегеніміз тәніміздің, дүние тіршілігінің қажетілігін, пайдасын өтегенімізбе ақыл-ойымызды аздырып, рухымызға және жанымызға теріс ықпал беретін әрекет- әсерлерге, қуаттық шамаларға табыну қылықтарды айтамыз.
Мысалға ақша, мал-дүние қаншалықты көп болғанымен адам баласының ақыл-ойын рухын өсіру мүмкін емес. Егер бәрін ақшамен, дүниемен өлшеп, солай әрекет етуді әдетке айналдырсаңыз, онда ашкөздікпен, түрлі зұлымдық, ала аяқтық әрекеттерді қоса туындатып тәніңіз өсіп, көркемденгенмен рухани азғындықпен дін-жаныңыз өспей, ұрпақтарыңыз рухани кеміске айналып, жалған тәңірге табынғаныңыз болып жаратқанан түрлі сынақтармен жазалана бастайсыз.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.