Қазақта екі түрлі сұраныс мақсаты бар. Ел басымыз екеуінде қанағатандыра алмағасын, осындай ел биліктің жылдағы негізсіз, нәтижесі аз жолдауларынан жалығу жаппай өрістеп көбейіп жатыр.
Біріншісі еңбексіз табыстың көзі жабық, қазынадан еркін ақша таратылуға шамасыз, елдің өзі ізденіп кәсіптің көзін ашып бірін -біріне қол ұшын беруге өнерсіз, жалқаулық, еріншектік ақша тапса күректеп алмаса, тірнектеп жинағанша жұмсыз аштан өлген артық деген қазақтық қол байлайды.
Сонымен бұл қоғамды үнемі жаңалықтармен қызықтырып жұмыс тауып беріп, малша бақпаса, онда осындай «КЕТ» басқа басшы керек» деген сұраныс туады. Екінші жағы, мұны елдің халықтың басым бөлігі қаламайды ақылдары жетпегесін қорқынышпен қабылдайды. Бірақ барлық қателіктірді түзеп, бақытты қоғамды қалыптастыруға негізделген рухани өзгерістер ата дәстүрге қайта оралып, Құдайдың өзінің дегеніне көніп, аруақтың айдауымен жүре алатын қоғам құру.
Мұны қалайтындар аз ғана болғанмен барлық себептің де кілті осында тұрғаны болашақта бәрібір дәлденеді. Мұны халықтың басым бөлігі қаламайтын болғасын, себебі, ар-ұятылықты меңгеру дегеннен ел басымыздан бастап өлердей қорқады; мұнан бүлікші, дінші болып ұрпақтарымыз азып кетеді деп қорқамыз. Және әлемнің арсыздық саясатын аяқ астынан тастап шығумен қаншама дүние байлықтың жібін үзу де қорқыныш.
Сондықтан да, ар-ұятты қаламайтын болғасын құдай оны ел билікке, тақ дәрежелілерге түсінуге жол ашпайды, керісінше, көздеріне шел салып, жүректерін мөрлеп тастаған. Яғни қарпайым ұят деген қуатты меңгермек түгіл сөз ұғымын, салмағын, қадірін түсінуге жүрек жабық. Сондықтан, ел басымызға да (бүгінгі елдік саясатымыздың ашық бейнесі) Құдай ұятпен бірге жүретін иманын, аманатын алып қойып, осы арсыз қауымды енді басқаша азапқа өз қолымен байлап беруді жазып, Қияметік жағдайды ушықтыруға себепші қылып қойғаны да хақ.
Ел басымыз аман болса, түбінде түрлі пайғамбарлық жобалар мен Алланың аяты құранын өзгертумен, бұны қабылдап орындауға ықыласты қауымды ия бар, ия жоқ қылып біздерге, алдымызды тазартып, болашақта мұндай нәсілдер қазақтың тегін арамдамауға дұрыс қызмет жасап жатыр. Сондықтан, аз ғана қауым болсақта Құдайдың бұл хикметіне тәнті болып, түбі жеңіске жетіп, Қазақтың таза тегін өсіретін қауымды көбейтумен құлшылық қылатын боламыз!
(Қаңтар 2018 жыл)