[11:38, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Балада үш күн температура түспей тұр
[11:51, 23.5.2018] Токберген: Қайдан түссін? Өздеріңде бой өрістерің таза емес балаға қуат қосатын. Не пайда тарихатшымын деп өзіңді-өзің алдағаннан?
[11:52, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: .ой көке сізде сразу
[11:54, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Өріс тазарту өзімнен гой көп ұйқтап ми тынықтырып жүрмін..түсімді реттеп алаиын
[11:54, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: 6-8сағаттап бір деммен зікірге отыратын боламын..
[11:55, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Əзірге тазарғанымды сезініп алайын..
[11:57, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Судоргы бар деп едім оныда кетіру жолын аитпадыңыз..
[11:58, 23.5.2018] Токберген: Қайдағы зікір. Зікір деген маңдай көздің ашылуына күнделікті дем түсумен байланысты. Зікірің болса балаңа дем түсер еді ғой. Дұрысы ордаман хабарласып Гүлшаһардан менің оқыған зікірімді ал да балаңа тыңдат қосып қойып, сосын түсінесің зікірдің қандай болатын, Алла хикметі бірге жүру керегін. Оны сосын айт жұртқа, маңындағыларға.
[11:58, 23.5.2018] Токберген: Қамшы сатып ал ордадан барып және ұсталған болсын. Соны басына жастап қой балаңның. Кейін жазармын қамшының мұндай емін.
[12:03, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Ой көке халифалық жол дим біздікі..бақсылық емес…сіз сұрағанға нақты жауап берсеңізші..менің де артымда үлкен əруақтар тұр ғой…себеп болып..Алланың өзінен болса ем жүрмесе не ди аласыз?
[12:05, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Сосын тура жолға тəн формат бар емес пе.. Əһлі сүннеттегілердің ішінен ерекше тандаулыларына ақиқат есігі ашылатыны..кез келгенге ашыла бермейді гой сыр деген..Пайғамбар əулиелерге ең ауыр сынақтар келген емес пе.. осы əлемдегі өміріміз ахірет əлемінің көрсеткіші емес пе…
[12:05, 23.5.2018] Токберген: Жауап берілді мұны жүрегіңдегі қарсылықтар ендірмей тұр!
[12:06, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Қарсылықтың таңдауы бар илһəм немесе шайтани..ол үшін ақыл бар сана бар жете бар..
[12:08, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Əулиелерге екі дүние бір қадам..емес пе.. түсінік нақтыланбаса сіз аита бергеннен адам ғибратланама?тəжірибеден өткізбей
[12:13, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Төменгі əлемге кіруге тиым салынған..көк əлеміне нұсқау жасағаныныз жөн болар..балаңа былай жаса былай істе деп..Қарсылық деп Аллаға серік қосуды елемеу өте ауыр нəрсе..Алла исламды қалады ..исламша қалуымыз кереккой..Шайтанда да ілім болғанын ғалым болғанын қарсы болып дұшпан қылып жатқанын ескеріңіз..сіздікі керісінше түсінік.. Шариғатқа қатысты нəрселерді Аллаға қарсы деп түсінудесіз. Мазһəбты мойындамау-қарсылық емес пе?
[12:17, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Үш əлемнің насут лəһут джəбəрут əлемдерінен өттіңзбе?
[12:19, 23.5.2018] Токберген: Шариғат деген бекіген дін ісі кезінде ақиқаттан түскен хабар. Бірақ ібілістің қызметін діншілер терістейді. Шариғаттың ішінде ібілістің ойы, ұрпақтарның қосқан тәпсір білімі, қарсылығы үнемі жетіліп, астыртын жамандыққа байлайды. Сондықтан да Құдай ісі әр пенденің жол-жоба алып құранның көмес, ғайыптан кітабын аянмен оқып намазға айналдырмаса намазды оқи бергеннен не пайда? Сендер Құдай ісін елден жасыру үшін қызметке тұрған ібілістің ұрпағына айналып алдыңдар. Сондықтан білімде ғұламалықта сөз жоқ, бірақ олардың ішінде теріс білімі барын ел аңғармайды да.
[12:20, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Тоқал диуаналыққа лайық па?тəркі дүние тəркі нəпсі тəркі əулет тəркі шаитан деген терминдерді Яссауи бабамыз не үшін тəжірибеден өткізген…демек кез келген Пір Аллаға жеткізетін көпір емес пе…
[12:39, 23.5.2018] Токберген: Тоқал туралы егер Құдайдың жобасына енбесе онда дұрыс емес. Әркімнің тағдыры бар, оны түзеуге Құдайдың беретін жобасы бар, сол жобаны орындаумен байланысты мұның бәрі де. Қазақтың сопылық дәстүрі Нахшпандилық емес жындармен байланып қалған!
[12:24, 23.5.2018] Токберген: Жария зікір көпшілікпен ортақ құран арқылы маңдай көзбен хал ғылымына ену. Құпия бұл өзің оңаша намазда жайнамазда, киелі орындарда көкейге салатын, көз алдыңа келетін Алланың хикметін көру, есту. Құпия зікірге жанның халы ұйқы кезіндегі аян, уақи алуды да міндетті деп білу керек. Ақиқаттың да сырын да бәрін осылардың ішінен іздейсің.
[12:31, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Сырды өзге адамның ашуы дұрыс па?
[12:36, 23.5.2018] Токберген: Құдайсыз Қурайда сынбайды. Өзге адам Құдайдың ұлықсат бермеген сырын қалай ашады? Ақыл бар ма өздеріңде? Пенденің қандайда бір сыры мәлім болса, өзге біреу арқылы онда ол соған лайық болғаны, амалы да сәйкестігі. Ал менің өзіме мәлім сырымды кім аша алады? Пірлеріңнің қолынан келе ме? Жоқ әрине! Керісінше біздер пірлеріңнің ішін сойып, аруақ арқылы барлық ауруын, жария болған тиісті күнәсін шығара аламыз. Мұнан не ұқтың? Ештеме де. Себебі сенде әлі жетелік толық емес маңдай көзден хабар түгіл.
[12:38, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Осы сөзіңіз жалған деп кəміл аита аламын пірім туралы…
[12:38, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Ол кісінің дəрежесін еш жан білмейді…
[12:40, 23.5.2018] Токберген: Піріңнің ата жөнін, туған күн, айын жаза ғой көрейік Құдай қандай дерегін ашар екен?
[12:40, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Нақшбəнди жолын толық зерттемепсіз
[12:44, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Яссауи бабамыздың Қүсшыата деген шəкіртін 500дию алып жүрген екен шəкірт болмай тұрған уақытында кеин дүре соқтырса да мыңқ етпепті…500рет соққанда. 501ші рет соғындар деп бұйрық беріпті сонда шырылдап қоя берген екен…сол құсап Ишан Бабамызды да танымапсыз…сол кісіге шəкірт боларынызға сенімім мол..Ештен кеш жақсы деген..сонда жақсы шəкірті аталып бүкіл жұрт еруі мүмкін…
[12:45, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Көп нəрсе біледі екенсіз…
[12:46, 23.5.2018] Токберген: Кітабын оқыған керегін алып керек емесін тастаған зерттемеген бе? Қателестің сенен де жоғары 20 жылдан астам тарихатты ұстанған (халифалық дәрежеге жеттім деген) немере ағам бар, сол ағамды осы кезге дейін қалай немен айналысып, қандай дәрежеге жеткеніне дейін зерттеп жүрмін. Қатесі бастан асады Нахшпадиліктердің.
[12:46, 23.5.2018] Токберген: Ишан бабаңыздың ата жөнін бер, туған жыл айын да, көрейік еруге бола ма, не алуға үйренуге болатынын?
[12:50, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Нақшбəнди тариқаты А класс Б класска бөлген. Құрбəнəлі бастаған топ Б класс
[12:50, 23.5.2018] Токберген: Масқара, дінді пәнге айналдырып алған қандай сопылық қандай БІР ИСЛАМ?
[12:51, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Ишан Бабаның əкесін Абдулвахид Ишанды ҚожаАхмед Яссауи бабамыз өзі əкелген Тəжікстаннан..
[12:51, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Увəйси жолымен
[12:52, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Пірмін деп бөлінуден шыққан
[12:57, 23.5.2018] Токберген: Қарғалық, құзғындыққа тән жындар тобының әрекетімен байланысты. Көп ұзамай мұндай қарғалар жерге құлай бастайды сонымен сендерге де қыспақ түсіп тығылатын жер таба алмай қаласыңдар.
[12:58, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Осы сөзді екінші рет аиттыңыз
[13:07, 23.5.2018] Токберген: Жүз айтқанмен не пайда ел билік пен тарихатшы, діншілер ауруы бір, Құдай ісімен, хабарымен шаруасы жоқ Құдайсыз қалғандар!
[13:09, 23.5.2018] Токберген: Әкесі қожа болса баласы міндетті түрде қожа болады деген қайдан шыққан ? Құранға қарсылық, Аллаға ортақ қосу ғой. «Жақсыдан жаман туады бір үзім нанға алғысыз» дегендей қожалардың ұрпақтары неге азды тегінде мұндай қасиет бола тұра?
[13:10, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Бізде Нұрлан деген кісі бар бұрын Ата жолда болған кəзір Нақшбанди тариқатында…мықты сопылардың бірі деп сенемін.Алматының халифасы.
[13:10, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Сіз Руханияттан сұраңыз өзіңіз көрсет деп
[13:11, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Ишан Бабаны
[13:11, 23.5.2018] Токберген: Аты жөнін берсеңдерші, Құдайдан сұрап білейік сосын бізде таңдай қағып таңданып ерейік Құдай мықты сопы десе? Жасырасыңдар, демек періліктің жүйесі тұр бәріңде де!
Біз Құдайдан сұрап үйренгенбіз, руханият деген кеңістіктің оның ішінде шайтаны да көп. Құранды оқыңдар надан болмай. Пайғамбарларға шайтанды жолдас қылдым деген аяты бар сынаққа. Сонда сендердің пірлерің пайғамбарлардан жоғары ма шайтан жоламайтын маңына?
[13:27, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Сіз транс кезінде ақиқат екенін жалған екенін қалай ажыратасыз?[13:28, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Егер тірі пір руһанияты жол көрсетпесе?
[13:53, 23.5.2018] Токберген: Әрине ол сендерге қиын. Оған ұзақ уақыт Алланың хикметін сезіп білуге жаттығу керек. Және ондай жағдайға кез келген жалғаншы кіре алмайды ол мүмкін емес, себебі оның арнаулы сендер білмейтін шарттары бар.
[14:00, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Мүмкін мен жалғаншы шығарм Алла біледі
[14:00, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Ақиқатты іздеп жүргеніміз хақ..
[14:01, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Алла өзгермегендей қандай хəлде болсақ та астамсымай тəкаппарланбай өзгермитін хақиқи құл болуды аңсаймын..
[14:07, 23.5.2018] Токберген: Құдайдан жеке-жеке хабарын алып аянын көріп жүрген ортаңның кімнің кім екенін білуге, ақ пен қараны ажыратуға, жол-жоба алуға үйретпейтін, так қана пір атаған бір пендесіне табынып аузына қарап сілекейін жұтып жүрген жындылық қана. Ақиқатты тарихаттың ішінен шықпай іздеген не сұмдық? Мағрипатқа кім өтіп хақиқаттан дерек алмақ? Мұндай заманда елді арамдықтан тазартып, Алла жолында жаныңмен соғысу керек өз қара бастарыңмен нәпсі малдарыңды ғана тазартумен шұғылдана бермей!
[14:26, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Төле Бима деп қалдым гой…
[14:27, 23.5.2018] Қайрат Кызыл: Тазармаса тозақ тазартар деп жүрген халық көп пе дедім ғой
[14:29, 23.5.2018] Токберген: Ол қарғалардың пайымдауы. Пайғамбарымыз не деген? Зұлымдыққа түскендерді Құдай ғана құтқарды деді ме әлде құтқарыңдар деп аманат берді ме?
(Мамыр 2018 жыл)