Зікірде келген тарихтан үзік сырлар-13

Жетелеген аруақ үні əр қазақты мазалап, түрткілеп жатқанда, мойындамай жүрген бауырларымыз қолды сілтей салған, жеті атасын білмейді де. кейбір шаңырақтан құран иісі шықпаған, құран оқылмаған, жеті шелпек дегенді білмейтіндеріміз де аз емес. Қасиетті бабаларымыздан тараған ұрпақпыз ғой, орта жастан асқан замандастарымыз да калима құран намаз дегенді аузына да алмайды. Жастарымыз орысша сөйлейді, деп өкпелейміз, оған тəрбие берер өзіміз кінəліміз үлкендер кінəлі. Жастарға тəрбие берер үлкендеріміздің де əлі ақылдары жетілмеген, дəйексіз ата баба тегін ұмытқан, руын білмейтін үлкендер де аз емес.

Дастархан жайған қонақ шақырған жерлерде құран білмейтін ер азаматтарымыз да кездесіп жатады. Сондай кезде əйел заты оқып жатады, əрине бұл өкінішті, əр қазақ иманды болуға тиісті, құранның дұға жасауға керек аяттарын жатқа білген жөн, иманды болған ешкім жаман болмас, ар ұятты болғаннан қазақ жаман болмас. Ата жолы ашылып аққу сұңқарларымыз оянып жатқан секілді əлі де болса бұғып жатқандары аз емес. Ақ ұлдан қаншама аққу сұңқарлар ашылды, солар иіне біріксе неге халықты жетелемеске? Еліміз көркейіп қазақ халқы тазаратын еді, əлі де болса аққу сұңқарларымыз əлсіздеу болып тұр.

Аруақтың берген аманатын жеткізу керек, тоқтап қалмау керек, қазақ халқы имандылыққа бай болуға тиіс, аруақтар жетелеп жатқанда бұғып қалмай, алға талпыну керек. Ата жолы қазақ халқына келген бақ, түсіне білген адамға. Сол бағымызды бағалай білейік ағайын. Тепсе темір үзер жігіттер алға ұмтылу керек, əр қазақ қасиетті, шет елді де дінімізге бағындыру керекпіз. Жүректен шыққан сөзді қағазға түсіру керекпіз, алдымен тазару, тақуалық ішкі жəне сырт пішінімізді арамнан ұрпақтарымызды да. Алдымен шаңырақтарымыздан бастаған дұрыс болар, талпыну керек, қиындықты жеңе білу керек, сабыр, иман, намаз қажет! Дəретті толық сақтап жүруді меңгеру керек, бұларды ақылға салу қажет! Қайта қайта жазып отырғаным, оқыған жанға миына құйылсын деп, отырмын адасып түсінбей жүрген қазақтарымыз оқи оқи көздері ашылар деген ниетпен жазып отырмын . Біздерге иман жетіспейді, иман əлсіз. (17қазан 2018 жыл ақшамнан кейін.)

***** ****

Көріпкелдік қасиет, жұма, бағыт, бағдар, батылдық, өрескелдік қасиет, тұжырымдау, ақылдылық, саналық, даналық, жүрек, бақылау, тақуалық, жүрек көзін ашу, сабырлық, Елге келген тарихтан қалған үзік сырлар; Сырым батыр, Сыпытай батыр, Əлмерек ата, Қажымұқан ата, Сұлтан Бейарыс ата қазыналы жерінен шыққан дана қасиетті батыр ақындар елге танымал болып келеді, елге жеткізу, таныстыру Ата жолындағы сарбаздар аққу сұңқарлардың жауапты ісі деуге болады. Тереңнен алсақ, дана ақындар Құрманғазы күйлері əлі де болса ұрпақтарымыздың құлағына жеткіліксіз.

Тамырын тереңге жайған қаншама ғұлама батыр бабаларымыздың аты атаусыз жатқан, ер тұлғалы, ел түзеген, жаумен тірескен, ел даналығын ойлаған ақын, жырау сөз қатесі жоқ қасиетті бабаларымыздың əлі де болса келешекте танымал болуы да Ата жолдықтарға байланысты. Ақ ұлмен кезінде ашылған аққу сұңқарларымыз, көірегі ояу сарбаздарымыз жеткізеді деп білемін. Аянменен жетелеп ұрпақтарымыздың 21 атасы белгі салып, ата-баба басына белгі қою шарттары да кездесіп жатады. Нәпсісін тазартып, ішкі сезімдерін ақылмен жеңе біліп, Ата жолдан қайрат қылар аққу сұңқарларымызда келешекте қанатын кеңінен жайып сол ата бабаларымыздың басын көтерер деп білемін.

Әр қазақ қасиетті. Қасиетті бабаларымыздан шыққан ұрпақпыз ғой, құран дəметкен соғыс кезінде ұмытылып кеткен бабаларымыз да есімдері шығып қалар. Әрдайым əр шаңырақ жеті шелпекті жұма күндері ұмытпағаны жөн болар. Тектұрмастай атамыздың да талас өзені бойында биіктен қарап жатқаны бүгінгі таңда жастар жас жұбайлар басына барып тағзым етеді. Отырар төрінен орын алған қаншама əулие əмбиелер де аз емес, қасиетті қазақ даласында жатқан ер жүрек батырларымыз мəңгі ел ел есінде. Бабаларымыздың ізін қуып келе жатқан ұрпақтары да даналығымен көзге түсер, деп ойлаймын.

Қазақ жұрты көшіп қонып жүрсе де, тақуалығын, кимешегін, салт дəстүрін тастамаған. Әр дəуірде өткен ата бабаларымыз ертеректе қаншама халқымыз шет елдерге де кетіп қалған еді. енді міне елімізге отанына қайтып оралуда қытай асып кеткендер де қайтып оралар деген үміттеміз. Ата баба аруақтар көтеріліп, аян беріп, шамалы болса да имандылыққа бет бұруда. Бұлда болса жетістік, түсінбей жүрген пендеге жол сілтеу көзін ашу парыз. Ата жолы қазақ халқына келген бақ, сол бақты бағалай білейік, əлі талай жетістіктерге жетерміз. (20қазан 2018 жыл ақшамнан соң.)

***** *****

Күз айы ауыру қыспақ көбейді, күзде көктемде көтерілетін адамдар да болады. Абайламаса текті ұрпақпыз ғой, сақтансаң сақтармын, дегендей сақтанып жүру керек. Сабырлы, тақуалықпен ораза, намаз, құран, дəрет, деген сияқты рухани құндылықтарды кеңірек насихатап орындап жүруде керек ақ. Кейбір мұны керек қылмаған жағдайда тегінде қасиеті тазармаған арқасы қозып көтеріліп кетіп жатады. Ол үшінде жанды тірілту керек, яғни жан азығы керек. Әрбір ұрпаққа батыр бабаларымыздың өсиетін жеткізе білу керек, оны да жүрегіне ақтан мөр алған жоғары дəрежелілер алып береді де ойлаймын.

Негізі жүрекке иман керек иманың мықты болса қиындықты жеңе білесің, өмірдің өзі сынақ, сынақсыз пенде жоқ. Бір жағынан қысса, бір жағынан береді, барлығын ақылмен, сабырмен шешкен жөн болар. Құдайды еске алу дегеніміз ата ана борышын өтеу аруақты ұмытпау. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді, бес саусақ бірдей емес, жұмыла көтерген жүк жеңіл, бір шаңырақта қанша бала туса да мінездері əртүрлі, ата ананы баға алмайды. Негізінде аруақ қыспақ салса көбіне нағашы жұртынан келеді.

Əр баланы түртіп, түртіп шаңырақта біреуіне келіп тіреледі, мойын бұрмаса бəрін қозғайды. Мұндай жағдайда көбісі қорқады, тақулық дін шариғатын ұстанудан қашады, жалаңаш жеңіл желпі жүріп қалғандарға әрине мойындау қиындау болады. Аруақ ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қыспаққа ала береді. Қазіргі таңда орамал десе үркіп кететіндері бар, өйткені əйел заты шалбар қысқа етекті жеңілдікті қолай көріп, олар орамалды ерсі санайды. Көбіне намаз садақаларда да əйел адамдар жалаңбас шалбармен барады, қастарында отырып ас ішу мүмкін емес.

Маймыл секілді елуді еңсерген алпысқа аяқ басқан алпыстан кеткен əйелдеріміз тырнақтарын қып қызыл, аюдай шаштары қырқылған сəн қойлықпен жүреді. Сосын бала шағаны қыспаққа алмай қайтсін? Тойларды ұмыт қалдырмай жүріп, намаз құран оқыудан, орамалдан қашады; тіліміз келмейді деп. Аллаға құлшылық қылғаннан зияан жоқ қой, деп түсіндіру қиын. Намаз оқып, ораза тұту, құран оқу, дəретпен жүру, тақуалықпен ата дәстүрі дегеніміз шаңырақтың ауызбіршілігін қалап тұрады, сабырлыққа тəрбиелейді. Береке, несібе, беделді болу да содан болады, көшеде де орамал тартқан əйелдердің беделі жоғары, ибалы болады, жалаңбас жүргеннен гөрі. Орамалдың қадірін түсінейік. (21 қазан 2018 жыл таң намазынан соң.)

**** *****

Көріпкелдік қасиет, тылсымнан ақ бата, деп жатамыз, бірақ оның қаншалықты дұрыстығына көз жеткізе аламыз? Негізінде мұндай қасиетті меңгере білген адам бір қағидаға келу керек; тақуалық керек, ішкі жəне сыртқы пішінін дұрыстау, тілге тиек салу, ораза намазбен дəретпен жүру, басын, жеңін етегін жаб,у ақылмен сөйлеу, садақа беріп тұру, асты талғап ішу, сабыр сақтау, құран кітапты көбірек оқу, қамшыдан өту, істеген ісің жүріс тұрысың өзіңе сай болу, əрқашан аруақтарды ұмытпай жеті шелпек пісіріп отыру, əрдайым өзінің ісін тексеріп тұру, аянмен жүру дəріс алу дəретті ала білу, аруақ сөзін жеткізу, аманатын жеткізу, құраннан дерек алу, бата шығару т. б.əр аққуға берілетін аруақтың əр түрлі қасиеті бар шыдай білу керек. От басын жетекке алу, елді халықты жетекке алу, Ата жолы қазақ халқына келген бақ сынағы да болады. Сол сынақтан сүрінбей өту керек, əр нəрсені ойланып ақылмен шешкен дұрыс .(25қазан 2018 жыл ақшамнан соң.)

***** ****

Атасының немесе əжесінің аруағы жетелеп, аянменен көзін ашар адам өмірге келген соң Алланы ұмытпау керек. Құдай десең құр қалмайсың, деп бұрынғылар айтқандай қасиетті жұмада жеті шелпек пісіріліп, құран оқылған дұрыс болар. Сонымен бірге аруақтың ризашылығын алу, мұқтаж адамдарға садақа беру, адамның жолы ашылуына септігі тиеді. Садақа беру қиындықтан сақтайды, жол апаты су апаты т.б. зікірмен отырған да дұрыс болар. Ата тегі қасиет көзі ашылар, мұқият тыңдағандарға алға қадам басқан дұрыс болар. Қазіргі уақытта қаншама халық қыспақпен жүр десеңші? Аллаға мойынсұнып, бет бұрып сəждеге жығылған дұрыс болар, құран сөзін тыңдаған да көзі ашылып өмірге деген құлшыныс пайда болар. (27 қазан 2018 жыл таң намазынан кейін.)

**** ******

Қағидаға келіп, құраннан дерек алу ол үлкен жетістік. Ата жолы тазалыққа шақырады өсіп өнуге, көгеріп көктеуге ықпалын тигізбек. Ата жолына келген адамның көзі ашылады, сана сезімі оянады, өмірге деген талпыныс құлшыныс пайда болады жұптасады. Ата жолна адам қыспақпен келеді, ауырып жолы болмай, шаруасы жүрмей, қиналып келеді.Бұрынғы замандарда мұндай жағдай аз кезедесетін себебі аналарымыз кимешек киіп, әйелзатында бастарында орамал етек жеңі ұзын, мəсі, қолында білезік болды әжелерімізде. Ал қазіргі əжелердің бұттарында шалбар, жалаңбас, шаштары сары ала, жалаң аяқ, жалаң бас, ашық шашық, көшеде төсі қолтығы ашық, кіндіктері көрініп, ашыған қамыр құсап жүре береді. Жалпы халақтыңда жүректеріне иман жетпей жатыр.

Халықтың иманы əлсіз болғаныдықтан да бала көтеру жағы да əлсіз болып тұр. Өздігімен баланы босану да қиындап кетті, жастарымызда белсіздік белең алды, үлкендеріміз құран білмейді, шариғатпен істері де жоқ. Той тойлап, əндетіп жүрсе болды, ал енді одан шыққан жастарға не айтуға болады? Тақуалық ұстану, дəрет дегендерді түсіндіру қиын, той садақада əйелдер жалаң аяқ, жалаң бас жүреді. Отбасында ата ана уағыз айтып, құран оқып, дəретпен тамақ істеп, имандылық жайында көп тəрбие беріп отырса, бала шаға да соған бейім болады. Құдайдан сұрап, намаз оқып, ораза тұтып, отбасының бірлігін тілеп отыратын болса; үлкендеріміз аузынан жылы сөз шығы,п ұрпақтарымыз да өсіп өнер еді. Тəрбие тал бесіктен, дейді ғой бұрынғы уақытта əйел заты ерінің алдын кесіп өтпеген, жастарымыз үлкендердің алдын кесіп өтпеген еді.

Шаңырақта қасиетті жұмада жеті шелпек пісіріп аруақты еске алып отыру керек. Өлі жібімей, тірі байымасты көбісі ұмытып кетіп жатады. Садақа беріп тұру керек, құрбан шалып тұру керек, сол бүкіл қиындықтан құтқарады, түсінген адамға. Алыс жолға шығатын болса да жеті шелпекті құранды ұмытпаған абзал. Садақаны сау кезіңде бер, деп бекер айтпаған. (28 қазан 2018 жыл таң намазынан кейін.)

***** ******

Бақыт .Əр қазақ бақытты болғысы келеді. Қонаққа қолға су құйсаңда, бақытты бол дейді. Сəлем етіп, табақ алса да; бақытты бол, дейді. Келіндерге сəлем салса да; бақытты бол, дейді. Сəлем берсе де бақытты бол, дейді. Бақыт деген адамның өз қолында тұр, түсінген адамға; өмірге келгеннің өзі бақыт, мектепке барғаның, бір шаңырақтың астында бірігіп аман отырғаның бақыт . Денсаулықтың барлығы бақыт, оқуға түскен де бақыт, жұмысқа кіргенің де бақыт, шаңырақ көтерген ол да бақыт, күліп отырғаның көңілді жүргеніңнің өзі, ағайын туыспен дос жаранмен де бəрі бақыт, осы өмірде жүргеннің өзі бақыт.

Аллаға шүкіршілік ету керек, барға қанағат жоққа сабыр қылу керек, əр нəрсеге ашуланбай, оң нəрсеге теріс түсінбей, мұқият тыңдап ақылмен сөйлеп, ақылмен жүріп тұру керек. Келін түсіргенде бақыт, қыз ұзатқан да бақыт, қаншама ата бабамыз біз үшін жанын беріп соғыста қаза тапты, бізге теңдік алып берді, бейбітшілік заманда өмір сүріп келеміз одан асқан бақыт бар ма? Ата əжелеріміз талай қиыншылық заманда аштықта өмір сүрген, киерге киімі, ішерге асы болмаған, айлық табысы болмаған. Қазіргі таңда Аллаға шүкір, əр үйде не керектің бəрі бар, соған да шүкіршілік ету керек. Имандылыққа бет бұру керек, тақуалық ұстап, намаз, иман, зікір қамшыдан өту, құранға жалғану т.б. Əр қазақ бақытты болуға тиісті. (28 қазан 2018 жыл ақшам намазынан кейін.)

**** *****

Батырлар жыры, əр қауымның өзінің өзіндік сыры бар, оны айта аша білген адамға тірі жүріп дүниенің қадірін білмей, талтаңдап жүрген халқымыз қаншама? Ата баба аруақтары шырылдап жатса да ескермей, бүгінгісін ойлап жүргендерде ортамызда аз емес. Дербесəлі атаның батыс төрінде жатқан басына түнеп, қаралыққа малынып барған пендені тазартып жібереді, қасиеті мықты ата, ол атаның бақсылығы мықты болған басына жете алмай жүргендер қаншама? Сынықшы Сүлеймен атаның да кезінде атақты сынықшы болған екен. Қазіргі таңда біреудің бір жері сынса, Сүлеймен атаға аманат орамал беріп жібереді байлауға, сосын өз шаңырағында сиынып тілек тілеп жатады сынық орнына бітеді айығып кетеді.

Көтібар атаның баласы Есет Дəрібай аталарда мықты болған. Есет батыр болған, жауға қарсы тұрған Дəрібай ата əулиелігімен танымал болған. Есет Дəрібай аталардың тұсынан көлік тоқтамай өтпейді, тоқтап аталарға зиярат қылып орамал байлап, құран оқып өтеді. Ал тоқтамаса сол жерден өткен көлік аударылады міндетті түрде .Сасықпай əулие өлер шағында айтып кеткен екен; «мен өлгенде кешекте үстімнен темір арба өтер, бірақ сол темір арбаны өткізбеспін» деп. Сонымен темір жол салынып, бірінші өткен поезд тіркемлері аударылып, жолды қайта тегістіктеп, екінші жүрген поезд аударылып, ал үшінші рет теміржол үстінде келе жатқан паровоздың терезесінің алдынан шайқалтып қанатын жайған үлкен құс, беті адам секілді, сақалы бар шал ұшып столбаға қонғанғанда, паровоз жүргізушілер қатты қорыққан екен.

Сонан қайта қайта темір жолды тексеріп, вагондардың неге аударылғанын таба алмай артынан білген сол жерде Сасықпай əулиенің жатқанын. Артынан ұрпақтарыбасын қарайтып белгі қойды. Қазақ даласында қасиетті жерімізде түрлі түрлі болған оқиғалар жеткіліктіМұғалжар тауының етегінде Ақтікенді əулинің де зияраты бар. Ресейден көшіп келген шала қазақ бір аққу қызымыздың қолына тікен кіріп кетеді де, ол сол тікенді ала алмай əуре сарсаңға түседі, қиналады. Сөйтіп жүргенде Ақтікенді əулие, сол қызға аян береді, ағайынды екі тау қасында үлкен су бейіттер өзінің басының қарайтылмағаны жəне сол жерде жатқаны өзінен ұрпқ болмағанын көрсетеді.

Сонымен қатар қай жылы туылғаны, қай жылы өмірден өткені, көз алдынан өтеді басын қарайтуын сұрайды. Қолына тікен кірген аққу басына барып, Ақтікенді əулие кезінде көтерілген адамдарды қараған екен сонан қолына кірген орны жазылып кетеді. Мұғалжар халқын жинап айналасында жылқы сиыр қой бағып отырған қойшыларды жиып, ас беріп басын көтерді. Аталарымыздың құдіреті мықты болған бала күнімде маған тетелес ағам қатты ауырып, əке шешем дəрігерге апармақ болған сонда əжемізге əкесі аян берген; «дəрігерге апарма, сен басыма жете алмайсы,ң үйіңнен шығып бір шамалы қадам жүріп, жерге аунатып ал, өзімді айтып, баланы өзім ақ қолдап аламын», депті. Әжеміз соны істеп алты қадам жүріп аунатып алған, əкесін айтып еліріп жатқан бала жазылып кеткен, ертегі секілді бəрі болған оқиға осындай қасиетті жерімізде дінімізлі ата бабаларымызды бағалай білейік, тақуалықты сақтайық, есімізді жинайық, сол ата бабаларымызды ұмытпай, құранды үзбей бағыштап отырайық. (30 қазан 2018 жыл ақшамнан кейін.)

***** ******

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.