Əйел заты ер адамнан кішірек болуы керек бетегеден биік, жусаннан аласа, деген сияқты қазақ халқында тəрбие жетіспей жатады. Қайырым қылу жоқ, жұқа адамға көмектесу сауап іс қандай жағдайда да имандылық қажет, намаз десе теріс түсінеді, намаз діннің тірегі иманның жүрегі əр қазаққа даналық сауапты іс. Ағайын туыс болсын көрші көлем болсын, құда жекжат болсын, əке шеше болсын, бірге туған бауыр болсын, қаймана қазақ болса да, көлікте, жұмыста, мекемеде, поезда, автобуста қайырым қылу керек.
Қайырымдылық көп жерде жетіспей жатады, тəрбие жетіспей жатады, көмектесіп жіберу, қайырым қылу, құлап жатса көтеріп жіберу, сөмкесін көтерісу, жетектеп жіберу, күйсіз жағдайы жоқ от басыларға көмек көрсету, садақа беру, ақшалай, тамақтай оқу құралы, киім кешек т.б.əлі келмей жатқандарға жəрдем беру, ақшасы жетпей тұрса көлікпен ала кету, қолғабыс тигізу. Әрине қандай болса да мұқтаж адамға көмектескеннен ешқандай зиян жоқ, қайырымдылық, мейірімділік, имандылық, сабырлық өте дұрыс нəрсе.
Қиналған адамның аузына су тамызу жүрекке иман керек, ораза ұстаған адам баймен кедейді ажырата біледі, жарлыны еске түсіреді Алланы еске алса. Құдайды еске алса ешкім кем болмас. Жетім жесір жалғызбасты əйелдеріміз бала шағасын асырап күн көріп отырған жоқ, жұқа оларға берсе өте сауап болар. Қазақта мақал бар ғой өзің тоқ отырып көршің аш қалмасын, деген садақа адамды қиындықтан сақтайды. (2 қараша 2018 жыл ақшамнан кейін.)
**** ****
Ашылмайтын есік таба алмай, жол таба алмай адасып, шатасып, ауырып шығынға батып, орамалға қол сілтеп, намаздан үркіп, жанын қоярға жер таба алмай ышқынып, жүрегі ауырып шапқылап жүргендер де баршылық. Сұрастырып қалсаң; «аян көремін» дейді, кілең өлген адамдар көремін, дейді. Үлкен аталары намаз оқыған, бақсылық қасиетті болған, ал енді соларға; құран бағышта, жеті шелпек пісір, десең құран білмеймін, тілім келмейді, құранды ер адам оқу керек дейді. Орамал тарту оларға күнə секілді, шаш қию, шаш бояу, бет боя,у шалбар кию, сұлулық салондарға бару, үстін алтындау, күнде көйлек сатып алу, ашық шашық, жастары быразға келсе де ұят жоқ, кафеге бару, ырымдап əр нəрсені жуу туған күн т.б.
Жастар былай тұрсын, елу сегіз жастағы алпыс жастағы алпыс бес жастағы жетпіске таяған кемпірлер осылай жүреді. Тырнақтарын аюдай, қызыл ала, көк ала осыдан енді жас ұрпаққа не тəрбие береміз? Кейбірінің аузында темекі, еркектен асып түседі, арақ ішетін мирамдарды құр жібермейді. Ауырдым, деп дəрігерден дəрігер қоймай қиналып жатса да, имандылыққа бет бұр, намаз оқы, десең; мен жұмыстамын, болмайды намазды тек үйде отырғандар ғана оқиды дейді. Ал кафеге, тойға бару, қыдыру, жүз грамм алып қою оларға оңай секілді. Шығынға батып, қаншама аянмен ескерту алып жатса да, балалары шығынға батып жатса да, сол үшін қан қысымы көтеріліп жатса да, сонда да орамалдан намаздан үркіп отырады.
Енді сол алпыс жасқа жеткендер, Құдаймен ісі жоқ, жұмыста условия жоқ, дайын емеспін, ондайда дəретпен жүру керек қой, деп тұрады. Ал шаруаның тез реттеліп тұрғанын қалайды, «сол шаңырақтың кілті сізде тұр ғой, түсінсеңш»і дегенді мүлде басқаша ойлап қалады. Оңайлықпен жеткізу қиын, ата баба еске алмаса, құран оқымаса, садақа бермесе, шыққан тегін ұмытса, аруақ солай сынаққа салып қояды. Соңынан ерген ұрпаққа қалай тəрбие береді, тақуалық дегеннен тіптен шошиды. Аллаға бет бұрмаса, осындай əйелдеріміз от басына келешек ұрпақты қалай жетелеп тəрбие бермекпіз? Бұрынғы уақытта «қартымыз қазына» дейтін қазірдегі үлкендер тура он сегіз жастағы қыздай көреді өздерін, кафе, той қыдыру оған уақыт жетеді. Ал енді түсініп көр? Жастарға қандай үлгі? Енді орамал, білезік, ұзын көйлек əйел затына сəн емес пе?
Көбіне ер азаматтарды кінəлап жатады, сол шаңырақтың ұйытқысы екенін білмейді, əйел адамдар қабағын шытпай жарқырап отырып асын берсе де тойып қалады. Кейбір əйелдер бар дастархан басында айқай шу көтеретін, бəрін ақылмен жеңген дұрыс болар, осы айтып отырғаным өмірде болып жатқан жағдайлар. Əсіресе аққулар ойланайық, тəубеге келейік, атымызға затымыз сай болсын, шолақ ақылмен ешқайда бармаспыз. Ақылға келейік, тазарайық, тақуалыққа келейік, қағиданы берік ұстайық, қамшыдан өтейік, ата бабаны еске алайық, аманатты орындайық, көзімізді ашайық.
Ата жолын көтерейік, аруақтардың басын көтерейік, жан жағымызды жетелейік, қайырымдылық жасайық, садақа берейік, киген киімдерімізге зер салайық, иба сақтайық! Біз кімнен кембіз, басқа ұлтқа еліктемейік, ер азаматтан екі екі елі төмен болайық, уақытты босқа өткізбейік, көзімізді ашып өмірге талпынайық, қай күні жазсам да əйелдерді көбірек жазып отырғаным, əйелдерге миына қайта қайта оқып құйылсын, бірін оқымаса, бірін оқыр, сабақ болар үлгі болар, деген ниетпен жазып отырмын. Осындай жазғандарды əйзаты көп оқыса, үлгі болар санасында қалар, деген ниетпен жазып отырмын. Өсіп жетілуіміз керек . ( 3 ҚАРАША 2018 ЖЫЛ ТАҢ НАМАЗЫНАН КЕЙІН.)
***** *****
Тəрбие тал бесіктен, деп айтып жатады, тəрбие қайырым өнеге, деп жүрекке иман кірсе бəрі де тəрбие болары анық. Иманның əлсіздігінен тəрбие де ақыл да жетіспей жатады, иманы күшті болса бəрі жеткілікті болады. Ақыл да сабыр да болады, киген киімі, жүріс, тырысы сөйлеген сөзі, де жарасымды болуы тиіс. Кейбір үлкен жастағы адамдар сөз мəнерін білмей жатады, көпшіліктің ортасында сөйлеп, пікір таластырып үйренген де дұрыс болар, ақылы тайыз адамдар құранды аударып қайта қайта оқығаны абзал. Сонда жүрекке иман кіреді, көзі ашылады, арасында ораза да ұстап тұрған дұрыс болар. Аштық пен тоқтықты көрсетіп, адамның сана-сезімі оянады, арасында зияраттап тұрса тіптен жақсы.
Осы арамызда жүрген аққу сұңқарларымызға сарбаздарымызға тəрбие жетіспей жатады. Ол өтірік емес, солардың көшеде жалаң аяқ, жалаң бас жүргендері де бар ау, «мұның қалай?» десек; «атам ұлықсат беріп қойды», деп қарап тұрады. Соңғы кездері қай жерде болмасын көрсең, аққуларымыз басында орамал, бұтында шалбар. Ал түсініп көр? Еркек пе, ұрғашы ма, ата баба аманаты қайда? Сонда мойны төске дейін ашық, қолтық көрініп тұрады, ал енді соларға аузыңды ашып көрші, қалай сайрайды, аузын керіп? Ақылға келейік аққулар, сұңқар, сарбаздар, сырт пішінімізді ішімізді дұрыстайық, əр жерден ас ішіп асқазанды уламайық, жан қуатымызды күшейтейік, жоғары көтерілейік, санамызды ашайық, алға талпынайық.
Атымызға затымыз сай болсын, мəңгүрттіктен құтылайық, өсек аяңды доғарайық, «сырт көз сыншыл» дейді. Сырт көз аққуларға сынмен қарайды, соны ескерейік, ақылға келейік, бес уақыт намазды бекітейік, шолақ ақылдан арылайық, адасқанға жол көрсетейік! Ата жолы бізге келген бақ, бағымызды бағалай білейік, қамшыдан өтіп бір бірімізді жетелейік! «Адасқанның айыбы жоқ, қайтіп үйірін тапқасын» дегендей аққу сұңқар сарбаздар бірігу керек, тəубеге келу керек. Ата жолын күшейтейік, өз өзімізді қолға алайық, жұмыс, шаруа бала шаға сылтауды тоқтатайық, ретімен жұмыс жасайық.
Аққулар, сұңқарлар сарбаздар талпыну керек, көзімізді ашайық, соңғы кездері ер азаматтарымыз езіліп майдаланып кетті. Оянайық, ерлеріміз ел қорғайтын еңсені биікке көтерейік, əйелдер бапкер болуға дайындалайық, уақыт өткінші жұптасайық, ұрпақ сүйейік, дүниеге ұрпақ əкеліп, қазақ санын көбейтейік. Әсірсе ойланайық жастар жағы. Осы жазып отырғаннан туынды шығарар деп ойлаймын, бір баламен, екі баламен шектеліп қалмай, дүниеге ұрпақ əкелу керек, əр бала өз несібесімен келеді; «бір қозы артық туса бір жусан артық шығар» (4 қараша 2018 жыл таң намазынан кейінгі.)
**** /*****
Қазақтың, қазақ болып қазақ сөзіне түсінбей, тілдері бұралып, арасында орыс сөздерін қосып жатады. Ол дұрыс емес, қазақ тілін, дінін өзгертпеу керек. Киген киімі де, сөйлеген сөзі де, мəнері де қазаққа сай болу керек. Қазақ қазақ болу керек, қазақша сөзді түсінбейтін, білмейтіндер баршылық. Басқа ұлттар тілін, дінін сатпайды, ал қазақтарымыз еліктеп жүр шала орыс болып, ата тегін ұмытып, басқа дінге өтіп кеткендер де аз емес. Бұрын ата тегіміз дінге мықты болған руын білген аналарымыз кимешек киген, білезік таққан, ұзын етекті, ұзын жеңді болған, аяққа мəсі киген.
Ал қазірде ондай аналар жоқтың қасы, бұттарында шалбар, трико, қырқылған шаш, бетте бояу, тырнақ аюдай, төс ашық ,қолтық ашық, тіл бұралып сөйлейді. Әуелі ата жолда жүргендер өзімізді дұрыстайық, тақуалықпен жүрейік, артымызда аруақтардың салған аманаты бар, соны ескерейік, халықтың көзін ашайық, тура жолға салайық. Елге қызмет қылу, аруақтардың сөзін жеткізу, жарыққа шығару, қамшыдан өту, дерек алу, бата шығару, маңдай көз ашылу, сырқат белгісін қою, оған дейін аруақтарға қызмет жасау, аруақтардың үнін жеткізу, құранға жалғану. Бұларды меңгеру үшінде алдымен адам өзін өзі тазартып тəрбиелеу, тақуалықты ұстан,у шаңырақты тазалау, əке шеше бауыр ұрпақтарды тазарту, жетекке алу керек. Енді жалпы бой өрісі тазарған адам дəм сезеді əр нəрсені ажырата біледі. (10 қараша 2018 жыл таң намазынан кейін.)