Жаз əлі де болса, тəлім тəрбие əр қазаққа жетіспей жатады, дəстүрімізді ұстай алмай, дінімізді сақтай алмай, имандылыққа бет бұра алмай, қалай киініп жүру мəнісін түсіне алмай, ашық шашық, бала шағаның ортасында үлкен жастағы əйелдер де қолтықтары ашық, мойындары ойық, іш киімдері көрініп тұрады. Қысқа етек, сөйлесе қалсаң денсаулық жоқ, деп қарап тұрады. Құранға тіл келмейді, онан да барып емшектерін кестіріп тастай салған жеңіл секілді. Бүйрек те ақауы бар, қуатсыз оны түзеуге дəрігерге қаражатын тауысып күнде жүгірген ыңғайлы көреді.
Ал бүйрекке қуат жинауға, Құдайға жақындауға, намаздарын орындап, оқуға біз дайын емеспіз, деп бүкіл қаражатын дəрігерге құртып, қандағы шайтаны жанбай керсінше шекерім көтеріліп кетеді, деп жүргендер арамызда баршылық. Басты мəселе; ақыл-ой, сана, құранның үнінен қуатануға; намазға, тақуалыққа келуге де ұғымдылық керек. Ал тілдері күрмеліп жартылай орысша, я қазақ емес, я орыс емес, дəрімен екпемен жүргендер аз емес. Ал ана болу, орамал тарту, етекті жеңді ұзарту, тамақты жабу, білезік тағып, мəсі киіп, аналық қадір қасиетін ұстау, шаңырақта жарының алдында ұрпақтарының алдында жақсы тəрбие көрсетіп, ақылға келіп, өзін ұстау, деген ол жетістік. Ондай шаруа кез келген адамның қолынан келе бермейтін іс.
Соңғы кездері тақырыптар, жазбалар осындай болып кетті; аруақтар осылай жаздырып отырған шығар кім біледі? Өйткені қазіргі таңда ер адам емес, əйел затына көп нəрсе байланысты, əйел адамдар ерінен екі елі төмен болуы керек. Әрине тақырып осылай болып тұрса жазуға тура келеді. Əр шаңырақта ауыз біршіліктің болуы ұйытқыға байланысты, əйел заты ауызбіршілік тілеп отырса, ағайынды айыратын да қосатын да əйел дейді ғой. Кешірімді болып, ақылмен сабырмен келіндер иба сақтаса, жүректерінде иман болса, барлығы ретке келер деп ойлаймын. Осы Ата жолында жүрген аққу сұңқар сарбаздарымызға əлі де тəрбие жетіспей жатады.
Әрине бəрі бірдей емес, сабақ болсын деген ниетпен жазып отырмын, жетелену керек, амал қылу керек, орта жолдан тастап кетпеу керек, өмірің қалай ұзарса, сенде солай жетелене көтеріле беру, биіктей беру керексің. Соңғы кездері əсіресе оншақты жылдай одан да əріде; ер адамдарымыз майдаланып кетті, тірілу керек, ет пен сүйектен жаралған ер азаматтарымыз еңсені көтеріп атына заты сай болуы тиіс, нықталу керек, елімізге жігерлі қайсарлы батыр ер тұлғалы ер азаматтарымыз қажет, ал əйел заты ибалы болуы тиіс, бұқпаланбай аққу сұңқарлар да ояну керек, деген жолдаумен тылсымнан аруақтар сөйлеп жол көрсетіле бастағанмен не пайда? Мұны ұғынан ел билері, білімді қауымдықтар мұндай аманатың салмағын сезіне алмаса? (11 қараша 2018 жыл таң намазынан кейінгі.)
**** ****
Жамбыл атаның қолдауымен үн таспалар шығып жатыр. Ата жолын көтеретін аққу сұңқарлар келешекте көбейіп, халықтың барлығы Ата жолға келетін түрі бар. Ал қашып- пысып жүргендер, өз бетімен кеткендер, бұғып жатқандар, тоқсан күннің шамасында қамшыға келуі тиіс, жетеленер сəті бар. Ал тазалық, тақуалықты меңгере алмай өзіне сынақты сатып алғандар осы кезде күйзеліс үстінде. Ақ батаның қадір, қасиетін түсінбей енді сол батаға зар болып жүргендер де бар. Түсіне білген пендеге Ата жолдың қадір, қасиеті терең. Қазіргі таңда кезінде сынақ салынғандар от басы, өздері күйзеліп адасуда, бойларында күнәнің мен-мендігімен өздерін үлкендікке байлап, бастатырндағы шарлары да қаралықпен үлкейтіп алып, енді онан кішірейткісі келмеген надандық бар.
Ал Ата жолында халықтың елдің көзін ашуда ниетілердің əлі де арамызда жүргендерге тіл байлығымыз жетіспейді, тақуалық деген жоқ, бой өріс сырт пішін ішкі дүниеміз тар. Қаншама кемшіліктер қақсап айтылып жатса да, əлі түсінбеушілік бар, толық бет бұра алмай келеміз; мойын жабу, ұзын етек, ішкен асты дəретпен жасау, төртінші бесінші күндері ораза тұту, сөз мəнерін салмағын түсіну, ақылмен сөйлеу, зікір тыңдау, аластанып отыру, садақа беріп тұру, шаңырақтан құрбан шалып тұру, құран оқып отыру, ниет бұру, Ата жолдың қағидасын түсініп отыру, аруақтардың басын көтеруге ат салысу дегендей. Мұны ата жолы сарбаздар сапында болып, оқырмандарға айту парыз әрі сын. Өмірдің өзі сынақ, сынақсыз пенде жоқ алға тарту ауыз біршілік нығайту, ортаға салу, бойдағы қасиетті меңгере білу парыз, нықталу, жетекке алу, аруақтың үнін жеткізу, жетелену, сырқат белгісін алу үшінде ата дәстүрімен сопылық тұрғыдағы тақуалық керек .(17 қараша 2018 жыл таң намазынан кейінгі.)
*** *****
Түктібай атаның бақсылық қасиеті; он үш жасынан қобыз тартып, қасиет дарыған, елге танымал болған. Әр атаның өзіндік қасиеті бар, тереңге үңілсек; онбірінші, онекінші ғасырда өткен Айша анамыз мен Қарахан атамыздың тарихы ерекше. Талай əулиелер өмірден өтсе де, тарих əлі күнге дейін жазылып, естіліп келеді, қағиданы қатты ұстап сөзіне істеген ісіне берік болған, қаншама ата бабаларымыз өмірден өткен. Қабанбай батыр да бес уақыт намазын тастамаған, елге қадір қасиеті дарыған аталарымыздан тараған ұрпақпыз ғой.
Домалақтай анамыздың да Бегім анамыздың да Дина Нұрпейісовадай анамыздың да ерекше тарихы бар. Роза Бағланова апамыз да соғыс уақытында елдің көңілін көтеріп, əн айтқан. Қандай қиын-қыстау замандарда, соғыс уақытында да дінді берік ұстанған аналарымыз бабаларымыз ұзын жең ұзын етек мəсі кимешек етік киіп жүрген, ши тоқыған, жүн сабап, киіз басқан, мал асырап малдың терісінен ішік, тымақ тігіп, қой жүнінен байпақ басып, киіз басып, аң аулап күнін көрген. Егін егіп, бидай түйіп, келі келсап ұстап, тары жармамен бала шағасын асырап отырған, күлге шоққа тапаға нан көмген, мал асыраған қазақпыз ғой, ескі үрдісті ұмытпай жарыққа шығарып, ұрпақтарымызға жеткізіп отырайық, бұрын ата баба қандай болғанын. Қазіргі таңда қол еңбегі азайып, саусақтар қимылдамағасын жан да өсуін тоқтақнанын біле жүрейік. (17 қараша 2018 жыл ақшамнан соң)
**** *****
Барға қанағат, жоққа сабыр, əр нəрсені ақылмен шеше білген, ол да бір өнеге пайдалы кезең іс. Жаз толықтай, əр адамға қанағат тұтып, шүкіршілік ету парыз, ақылмен əсерлі мағыналы сөйлеу, тілмен ойын жеткізе білу, ол да рухани байлық. Әр адамның түсінігі əр басқа, құран кітап оқып іздену керек, тіл байлық болмаса да, құран кітапты аударып қайта қайта оқу керек. Құранды ана тілінде түсініп оқумен ғана адамның ой өрісі көңілі оянады, сана оянады, ми ашылады. Кейбір адамдар ойындағысын жеткізе алмай жатады, қарсы пікірге жауап таппай құранның үнін жеткізе алмай жатады. Ол үшіде көп уағыз тыңдау керек, сұқпаттасудан жазылған өлеңдерді қайта қайта оқып, бейне таспаларды да қайта -қайта көру керек. Және намаз да үзілмеу керек, көптің ортасында сөйлей білу керек, алдыға талпыну керек, сұқпаттасуда, сөз майданында қарсы пікір ұнамаса, шығып кетіп жатады, ол дұрыс емес.
Адамдықты меңгеру жолында көру керек, білу керек, ал алма піс, аузыма түс демей, әрбір пенде өзі ұмтылу керек. Меңгерген білімге сай жатығып, ойын толықтырып сөйлеуге бейімделу керек, алдыға жылжу керек, білмегенді сұрау керек, ұялмау керек. Осындай сұқтастық топтарда жүрген бойдақтар теңін тауып, ұзатылған жөн. Кəрі қыздарымыз, жесір əйелдеріміз қаншама өмірге ұрпақ əкелу керек, қан айналу керек, жалғыздық Аллаға ғана жарасқан дейді ғой. Оның ұяты жоқ, тұрмыс құру керек, соңғы кездері əйел адамдардың төсіне, қуығына ота жасау көбейіп кетті. Қан айналмай əлсіреп, немесе аумалы төкпелі асау ат секілді ауырудан шыға алмай, суйретіліп шаққа жүреді.
Бұрынғы уақытта шешелеріміз байы жоқ əйелдер ашулы келеді, сабыр қылыңдар дейтін, абайлап сөйле, тұрмыс құрмай отырып қалған қыздар ызақор, ашушаң дейтін. Сол кезде түсінбейтінбіз бұл сөздердің астарын. Сол сияқты оң жақта отырып қалған қыздарымыз 54 жас аралықтағы 46 жасшамасындағы 35 жастағылар да жетерлік одан жасын айтпағанда, отырып қалған əйелдеріміз де жетіп артылады. Бұл қалай, деп сұрасаң қыздарға; Төлеген керек, ал жігіттерімізге: қыз жібек керек екен. Талпынса, талаптанса бəрінің де реті келер, құдайдан сұрау керек, əйел болсын, еркек болсын, намазда тілеу керек. Жүректе иман болса, бəрі де ретке келер, жалғыз жүрген əйел ауырушаң келеді, ал керісінше күйеуі бар əйелдердің денсаулығы мықты болып келеді. Тұмауға да онша алдыра қоймайды, осы топтағыларға сабақ болсын деген үміттемін. (25 қараша 2018 жыл таң намазынан кейінгі).
**** ****
Жүректің тазалығы, ардың тазалығы, ештеңе де оңайлықпен келмес, қиыншылықпен келеді. Қиындық яғни сынақ түссе арты жақсы, ақ пен қара қатар жүреді, сынақсыз пенде жоқ. Сынақтың алдын алу, жеті шелпек пісіріп отыру керек, құран оқылып, және міндетті түрде садақа беріліп отыруы тиіс. Садақа бəленің бетін қайтарады, жүрекке иман қажет, иманы əлсіз болса, көп нəрседен қалыс қалады, иманы мықты пенде барлығын түсінеді, барлығын шешеді, мидың жұиыс жасау қабілеті де соған келіп тіреледі. Жүректегі күдік, күмəн ой, жолды байлайды, талпыныс керек, алдыға ұмтылу керек, құдайдан тілеу керек!
Аллаға бет бұрғаннан ешкім де кеміп қалмайды, тақуалық, имандылық, етек, жеңін, басын жабу, ибалық ақылмен сөйлеу. Адамда бір кейде бір ызақорлық болып, іштегіні сыртқа шыға алмай тұрады. Сондайда сыртқа шығару керек, кейбір адамдар қалай сөйлеу жолдарын білмейді, кейбір адамдар бір нəрсені дұрыс айтпай қоямын ба, деп ойын да ашық жеткізе алмайды, сөйлеу ретін де білмейді, сөз тауып айта алмайды, ондайда бейне жазбаларды, дыбыс жазбаларды, зікірлерді, құран кітаптарды аударып, төңкеріп қайта қайта оқу керек. Уағыздарды тыңдау керек, ой тазарады, бой тазарады, сана сезім оянады, көз ашылады, төртінші күн бесінші күндері ораза тұтып отыру керек, асқазан ішкі құрылыс тазарады, қасиетті жұмада жеті шелпек пісіріп, құран оқылып отырған дұрыс.
Жұмыс- жұмыс, деп ұмытылып кетіп жатады, өзімізді өзіміз тазартып отыру керекпіз, ай сайын табыстан садақа беріп тұру абзал. Садақа түрлі қиындықтан қорғайды, топтың арасында сөйлей білген өнер, пікір таласқа қатысып отыру керек, білгенді ортаға салып отырғанда дұрыс, ақылмен сөйлеудің де тəрбиелік мəні бар. Әйел адамдарға көп ескерту; бастарын жауып, ұзын етек, ұзын жең, жарасымды басында орамалы бар əйел сыйлы болады. Қай жерде жүрсе де, ал жалаңбас, жалаңаяқ жүрген əйелдеріміз іздену керек, жан жағына қарап, есін жинау керек, Ата жолға бірігу керек, көзін ашу керек, қазақ еліне келген бақты бағалай білу керек.
Оқу керек, көру керек, сонда ғана ой сана көз ашыла бастайды, бой өріс ой өріс тазарады, сана оянады, есін жинайды, жан кіреді, тəн тазарады. Тақуалыққа ену, ол деген өзін өзі тазартып отырады, Алланы еске алу, жол ашылу, береке кіру, денсаулықтың күшейуі, жан жақты елді де жетекке алған сауап болар . (25 қараша 2018 жыл таң намазынан кейінгі.)