Түс аян əркімге əртүрлі кедергімен түс аян келеді, əртүрлі болады, кейбір адамдар бастырылып тұншығып қалады. Кейбір адамдар арпалыс түс көреді, кейбір адамдарға өлген адамдар кіреді, ондайда қорықпау керек, бірдеме айтады, айта алмайды сондайда кейбір адамдар қорқады, ал кейбіреулер жеті шелпек пісіріп жібереді де арты жақсылық болады. Кейбір адамдар соғыс көреді, кейбіреулер сүт.б.көреді əрине қандай түс көрсе де жақсылыққа жорыған дұрыс болар нақты аян нақты келеді ол сирек кездеседі таймен таңба басқандай түсті дұрыс жоритын адамға , топқа салған дұрыс болар. Әрбір түсті мейлі қандай болса да садақамен бекітіп отырғаны дұрыс.
Жатар алдында дəретімен, намазымен тілегімен жақсылық тілеп жатқаны дұрыс. Көбіне бала шаға қорқынышты кино көріп жатады, ол да адамға қорқыныш жүйке жүйесіне зиян түс көріп, шаршап немесе шошып оянатындары аз емес. Бұрынғы уақытта адамдар түсті дұрыс адамға жорытып отырған делінеді. Пенденің өзі ашық шашық жүрсе де түсі дұрыс болмайды, түсте өлі аруақтар мен аталар кірссе ескерту жасап кіреді, ондайдан қорықпау керек, батырлықпен төтеп беру керек, өмірде де адам өкінбей, күмəнданбай тек алға қарай ұмтылу керек.
Күдік күмəн жол байлау деген болады, əр нəрсені бабына жеткізбей шешпеу керек ойланып ақылмен реттеп отыру керек. Ата жолдықтарға тақуалық қажет, түсінбей əлі де қалай болса солай жүргендер бар арамызда. Тақуалық ұстанған адамның бойында имандылық күшейеді, адамға ақыл керек ақылмен бəрін жеңе білу керек. (25 қараша 2018 жыл ақшам намазынан кейін.)
**** ****
Жаз, жаз аруақ үн тастаса қалдырма, жарыққа шығар, халық əлі де көзін аша алмай, тура жолға түсе алмай, Аллаға бет бұра алмай жатыр. Оның ішіннде əйелдерімізге көп тəрбие керек, тəлім тəрбие жетіспейді қазіргі заманда əйел заты шалбардан басқаны кимейді, еркегі қайсысы, əйелі қайсысы танып білмессің. Бұрын əжелеріміз ұзын мəсімен, қос білезік, ұзын етек тобықтан ұзын жең киген кимешекпен, солай өмірден өткен. Қазірде ондай əжелер жоқ шалбарлы сарыала шаштары, тырнақтары қызылды жасылды. Қазаққа тəрбие жетіспейді, ұзын етек киіп басын жапса болар еді, орамал тартқандарға үрке қарайды əр нəрсені ақылмен шешіп ақылмен толтыру керек. Ақылы бар пендесі тәнін жамандықтан сұқтанудан, көз, тілден түрлі истерді өзіне қосып алмаудан сақтанады. Адам баласы ғана жалаңаш келіп кебінмен өмірден өтеді.
Жүрген жерімізде ақылды меңгеруде, ұяттан бастауды қаншама айтып жүрсек те əлі қазақ бола алмай келеміз, арсыздық, надандығымыз басым болып тұр. Ұзын етек- сүзгі қуық жолын, жатырды дене мүшені қорғап тұрады. Білезік астың тазалығын сақтайды, бастағы орамал ішкен асыңа шаш түспейТін арамданбауын сақтайды, баста орамал болса періштелер қорғап тұрады, жалаңбас əйелге жаман нəрсе үйір болады. Қазірде қайда барсаң да ашық- шашық үлкен жастағы əйелдер қарнын көрсетіп жүреді, тура ашыған қамыр секілді, қолтық ашық төс ортасына дейін ашық арсыздықпен осылай сəн қуып жүреді де ал мыңның бірі ғана қазақы киініп жүргені (26 қараша 2018 жыл ақшамнан кейін.)
***** ****
Батырлығымен ел таныған Наурызбай бабаларымыздың есімі ел есінде. Қабанбай, Бөгенбай, Исатай, Махамбеттей бабаларымыздың шумақтап өткен өлеңдері де əр сыныпта жатталып келеді, əр ата бабамыз қасиетті ғой. Төлеби, Қазыбекби, Əйтеке билердің елде тілдің шешендігіменен көзге түсіп отырған төрелігін тілмен жеткізіп қаншама дау дамайды шешіп басып отырған. Мөңке бидей бабамыз жүз жылдығын болжап кеткен, əр уақытта ақылдылығымен, даналылығымен аттың үстінде тұрып та əндетіп, ақылмен тебірентіп, айта беретін болған. Әр қазақтың даналылығын жеткізу, ата баба өсиетін жеткізу парыз əр қазаққа. Одан дарынды үрпақ шығары сөзсіз, ұмытылмауы тиіс, ел үшін жер жүріп, шайқаста қаза тауып, жанын беріп кеткен ата бабаларымызды еске түсіріп, үмытпай келешек ұрпаққа жеткізе беру керекпіз.
Аруақтардың аянменен ақ жетелеп жатқанда, қаншама халық түс аянды жори алмай, өмірден өтіп кеткендері де қаншама, əр нəрсені ақылмен шешкені дұрыс. Бауыржандай батыр атамыз, батырлығымен, қаталдығымен елді алға тартып, жауға төтеп берген. Жамбылдай бабамыздың тоқсан тоғыз жыл өмір сүріп, шет елдерде де болған Ресей жерінде өлеңімен жырымен көзге түскен. Сондай ақ Өзбек, Қытай Қырғыз елдерін де аралап қайтқан. Әр қазақты ақылдығымен, байсалдылығымен мəнерлеп түсіндіріп өткен Түктібай бабамыз да он үш жасынан қасиет дарып, қобыз тартып елдің көзіне түскен бақсылығымен елді тəнті қылған.
Сүйінбай атамыз ақылдылығымен, тілдің шешендігімен ешкімге беріспей ақ, домбырамен күйкілжіте алдыға шығып отырған. Сарыбайдай бабамыз сабырлылығымен асықпай бес уақыт намазын қалдырмай, құрмадан тəпсі істеп жауға қарсы шығып, жеңіп отырған. Сонда да ештеңеден қалыспай отырған Қайназар атамыз қайсарлығымен батылдығымен көзге түсіп отырған, Сарыбай атаның көмекшісі оң қолы болған деседі. Әр ата бабаларымыздың өзіндік қасиеті бар, мəн мағынасы бар, құран оқып, жеті шелпек пісіріп, садақа беріп, құрбан шалып отырған дұрыс.
Садақа жамандықтың пəтін қайтарады, имандылыққа бет бұрып көзімізді ашып, басымызды жауып, етек жеңімізді ұзартып, ғұсыл алып толық дəретпен жүріп, білезік тағып, мойын тамақ жабуды ұмытпай, əйелдеріміз ерінен екі елі төмен болуы тиіс. Әйелзатына бала өсіріп отырғаннан кейін, еркекпен жағаласып, тіресіп отырған дұрыс емес. Кей кездері əйелзаты еразаматтарға қалай болса солай сөйлеп жатады, берен ауыздылықпен лас сөздер айтып жатады, əйелдер өйткені үйде шаңырақта өсіп келе жатқан балағада солай сөйлейтін болып тұр ғой, əйел адамдар ер адамнан екі елі төмен болуы керек, əйелді еркекке сəжде қылып жаратқасын əйел адам орындарын білуі тиіс . (Желтоқсан 2018 жыл таң намазынан кейін).
***** *****
Жаз, қиналма, жазған сайын тереңдейсің, ашыласың, ақпарат керек халыққа. Уағыз тəрбие керек. Қаншама ұрпақтарымыз адасып, шатасып теңін таба алмай жүргендер бар. А,дасып шатасып, ем шипа таба алмай қыспақта жүргендер бар. Қалай айтсақта жүрекке иман жетіспейді, иманы болуы үшін адам өзі өзі тəрбиелеу керек. Ол үшін ақыл керек, тəрбие ақылмен сөйлеу біреуге артық кетпеу, тіл тигізбеу, не болса соны айтып, мəнсіз, мағынасыз өз ойын біреуге ысыру дұрыс емес. Адам əуелі өзін өзі тəрбиелеу керек, ер адамдарға қарағанда əйел адамдардың басым көпшілігі өтірікті қосып айтып жатады. Сол үшін басқа да адамдар іренжіп қалып жатады.
Он нəрсенің тоғызы тілден, деп бекер айтылмаған, бірді бірге қайрап салу да əйелдерден келеді. Сол үшін əйел адамдарға; екі елі ауызға төрт елі қақпақ, деп соны айтқан өзінен аузы бұрын жүріп сөйлейді. Әйелдердің адамның киген киімі, сөйлеген сөзі, жүріс тұрысы, өзіне сай болу керек. Қазірде əйелдеріміз аузын керіп, аспанға қарап сөйледі. Ұлық болсаң кішік бол, дейді иіліп кішірейген сайын аруақ көтереді, ал аспанға қарап құдайды аруақты айтып, ауызды керіп сөйлейтін əйелдерге сабырлық керек. Қазіргі заманда əйел адамдардың пендешілігі басым болып кетті.
Тəрбие берер, ақыл берер үлкендеріміз ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүреді. Алпыс жетпіс сексенге таяған үлкен апайлар əжелерге де жан тəтті болып кеткен. Намазға барса сүйекке кіруге қорқып тұрады, суға ендіруге қоқып тұрады, мүлде кірмей қояды. Отыздың үстіндегі жас келіншектерді кіргізіп жатады, ол жастар нені білсін? Дəретті де білмейді, тырнақтары аюдай, көк ала қызыл ала, ашық- шашық іш дəретін де алдырып жатады, ақыл берер үлкендеріміз тізіліп дастархан басында отырады. Садақа намаздарда өлімнен қорқады, үй иелері шырылдап суға ендіретін адам таба алмай жүреді.
Осындай үлкендерді немерелеріндей жастар жуындырып жатқанда не айтуға болады? Бұрынғы уақытта жастар бармайтын, ал қазірде ашық шашық, тырқ- тырқ күлкі, жалаңбас трико, гамажбен əйелдер жағы ас ішіп мəз. Тілі орысшаға күрмеліп, я дəрет жоқ, я құран білмейді, заман өзгерді, дейді заман қалпында адам өзгерді (12 желтоқсан 2018 жыл ақшам намазынан кейін.)
**** ****
Ақылмен шешіп, ойланып, əр нəрсенің орнымен жүрген дұрыс, деп ойлаймын. Адамның кімнің қандай екені, сөйлеген сөзінен көрініп тұрады. Қалай болса сөйлеу, өз қадірін түсіру, бүгінгі таңда əйел адамдарда белең алып барады. Бұрын өткен заманда Айт пен Бұжыр бір атым насыбайдан көңілі қалған деседі. Сарбаздарға, аққу сұңқарларымызға тəрбие жетіспей жатады, ақыл сана-сезім жетіспейді, сөйлеу сөз мəнері, мағынасы жетпей жатады. Сол сөйлеген сөзінен сүрініп жатады, əлде ішке арам ас кіргеннен ба? Ата əжелеріміз; ол мінез пиғыл өзгермейді, сүйекпен кетеді, мінез солай қалыптасқан. деп жататын.
Сондықтан аққу, сұңқарлар, сарбаздар жүрекке адалдық керек, жүрекке иман керек, иман əлсіз жетіспей жатады, ақылмен сөйлеу, жан жақты көріп білу, ақылыңа мінезің сай болу, шаңыраққа яғни ордаға келгендерге сабырмен түсіндіру, аруақтан асып кетпеу, иба сақтау, аққуларға сарбаздарға əдеппен түсіндіру парыз. Арамызда дүниеге кетіп қалғандар да бар, ақылға келейік, халықты қалай жетелейміз, бір бірімізді түсінбесек, бата сұрап сынаққа салғысы келетіндер де бар. Ал бата алып бермесе, тілмен түйреп, көкіректіктен бата шығырып бермеді, деп қалайда сындырғысы келетіндер бар. Пендешілікке түспеу керек, өйткені ол бата емтиханнан өтіп, тазарып барып, қай уақытта түседі, сол уақытта ғана ұлықсатымен басшыға бағынып отыру керек, уəдеде тұру керек. (16 желтоқсан 2018 жыл таң намазынан кейін.)
***** ****
Құрбандық қиындықтан арылтады, бəленің басын қайтарады, жол ашылып, тұрмыс ретке келе бастайды. Әркім шамасына қарай, табысына қарай, садақа беріп тұру керек. Садақаны шын көңілмен берген абзал. Жеті мүшесі сау адамдарда бір қолы бір аяғын жасырып, базар айналасында садақа сұрап отырады, көпшілік түсінбей оларға садақа беріп жатады. Сау аяқты сау қолды жоққа шығарып, оңай жолмен ақша табамын, деп ішімдікке жұмсайтындар да кездесіп жатады. Жап жас балалардарда оңай жолмен күн көріс жолын біліп алған, ал шынымен мүгедек болса, онда сауап болар, садақа беру дегенді көпшілік түсінбей жатады. Біреулер дəрігерден ем шипа таба алмай, аталардың басына түнеп, құдайдан сұрап, тілек тілеп, садақа беріп, балалы болып жатқандар да бар.
Сондайды айта кетейін; үш мəрте түсік тастап, құдайдан сұрап, қайта қайта Есет атаға түнеп, садақа беріп, қызды болды, ұлды болды. Жылда Есет атаның басына барып садақа беретін балаларының туған күнінде. Енді міне сондай-ақ Ата жолында да құрбандық шалынып жатыр. Алла қабыл етсін, енді демек Ата жолдықтардың жолы ашылып, аруақтардың қолдауымен қиындықтан арылып, кедергілерден арылып, жол ашылып келеді. Аруақтар қорған салып, ауызбіршілік молынан болсын! Ата жолы қанатын кеңінен жайып, халықтың көзі ашылар деген үміттеміз. Әліде түсінбей жүрген пенделерімізге жүректеріне иман кіріп, аруақтары жетелер, деген үміттеміз.
Ата- ана, əке, шеше, тума- туыс жекжаттарды алып келер. Халықтың басым көпшілігі қазіргі таңда ой санасы сан сараңға кетіп, əр шаңырақта сынақтар жүріп жатыр. Басым көпшілігі қазан айынан басталғандай, табысы мықты деген азаматтар ақ телпектен шипа таба алмай, несібесін төгіп шашып, Ата жолға келері айдан анық. Ақпан айынан бастап елдің басым көпшілігі имандылыққа бет бет бұрып, Ата жолының бейне таспаларын тыңдауға асығатын түрі бар. Енді қадам басып жатқандардың да саналары ашылар, деген үміттеміз. Әрине əркім өзінің шаңырағын түзеуге міндетті.
Түсінбей жүрген пенделер, халықтар Ата жолының бейне таспаларын зікірлерін тыңдаса, уағыздарын тыңдаса да, ем түседі, толық дəретпен етегін жауып, орамал тартып, тамағын жеңін жауып жүрсе болар еді. Әліде қаншама аққуларымыздың тамағы, төсі ашық, шолақ жең, шолақ кигендер бар арада. Өзімізді өзіміз қадірлейік, бағалайық, ашық шашық жүрмейік, отбасында да келіндер жалаң аяқ, жалаң бас жүрмейік. Кейбір шаңырақта құран оқылып жатса да, қыздар келіндер жалаңбас жүре береді, ер адамдар да тақия кию керек, бұрынғы уақытта əжелерімізден кимешек басынан, қолынан білезік түскен жоқ, ұзын етек болды. Әжелеріміз сол ұзын етекпен, кимешекпен жүріп ақ ши тоқыды, алаша тоқыды, кір сабын жасайтын, қойдың жүнінен байпақ басатын, киіз басатын. Келі келсап дегендер болды, балаға тары жарма бидай бөктіріп беретін, еш нəрсені ысырап қылмайтын, ірімшік, сарысу, қаймақ май шайқайтын, құрт жасайтын, жүннен иіріп қолғап, шұлық, белдеме кеудеше т.б. жасайтын. Сол салт дəстүрлеріміз ұмытылып бара жатыр, түйе сүтін сусын дайындайтын, бұрын сауат болмаса да таза тамақ ішкен. Қазірде сауаттылық болса да, таза тамақ ішілмей жатады ойланайық ағайын. 17 желтоқсан 2018 жыл таң намазынан кейін.
***** *****