Тылсымнан сұқбат (15.02.2019ж.)

Аян беріп тылсымнан,

Құдіретімен Алланың,

Сыр сұхбатты бастайын,

Жол көрсетіп қарағым!

Алдамшы ғой бұл жалған,

Алданды талай пендесі,

Құлағандар қыр жардан,

Іздер күннің сәулесін!

Аз қалды уақыт сұралар,

Халық пен билік теңесер,

Қиналғандар қудалап,

Бастарын қосып бірлесер.

 

Дем салынды керуенге,

Көрдің халық алғысын,

Бал бұл жайнап жүздері,

Алланың бағы дарысын!

 

Көктемнің алғаш жұлдызы,

Арыстан бабтың қақпасын,

Ашып аттап бастарсың,

Оң қадаммен ісіңді!

 

Аманаттар ақталсын,

Бабаларың жар салсын!

Қансыз майдан басталсын,

Бұл жалғанда бес күндік!

 

Құдіреті шексіз Алланың,

Рахымына қазағым,

Бөленсін деп тілегін,

Қыл қаламмен жаз қамын.

 

Наурыз айы келеді,

Тылсым күшке енеді,

Жазғанымен тағдырдың,

Жанған от та сөнеді.

 

Алатаудың төріне,

Жеткен ұрпақ кезіңде,

Гүл шоғымен еліңе,

Өзгерісің енеді.

 

Əй қарағым, қарағым,

Сұрағы бар ғой жалғанның,

Қабірдің татар азабын,

Жылатқандар халықты!

 

Қабір азап сұрақтан,

Асқан жалын тозақ бар,

Мəңгі жанар тозақта,

Алланың алған қарғысын.

 

Əй қарағым, қарағым,

Жар болып алла сақтасын,

Жаңа өмір басталсын,

Даласында қазақтың!

 

Қарны тойған байларың,

Батпаққа батар лайланып,

Əділдік келер жайланып,

Əділдік шешім Аллаһтан!

 

Сүйіндік сұңқар, Астана қаласы

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.