Бұл мәселеге Ата жолы жазбаларында талданып, тылсымнан Раббымыздың үйретуімен аруақтар арқылы хабарлар келтіріп жазылғанмен оған қазіргі таңда мән беріп, оқып жатқан қазақ білімді қауымы әзірге көрініп жатқаны аз. Мұның басты себебі қазақтың сөз ұғымдарын ата-бабамыздан қалған аманат, мирас ар білімін түсіну үшін де сол деңгейлік рухани тазалық тақуалық керек, дегенмен де оны қазіргі таңда нәсілдік азғындыққа түскен ел билеуші, оқымыстылар ұғына алар емес.
Енді ақпараттық билік басында жүрген даналарымыздың пікіріне назар салып көрсек; «Бүгінгі күні қазақ деген ұлтқа “номад” деген сөз тіркесіп айтылып жүр. Тіпті оны қазақтың қосымша атауына айналды десек де артық айтпаспыз. Белгілі ғалым-антрополог, тарих ғылымдарының докторы Оразақ Смағұлдың пайымдауынша, бұл сөздің мән-мағынасын дұрыс түсінбей, орынсыз пайдаланып жүрміз.» «…Ал оның әу баста еуропацентристер ойлап тапқан жалған ұғым екендігін, өздеріне бағынуға тиіс халықтардың этномәдениетін мансұқтаған Орталық Азия елдерін отарлаушы империялардың жымысқы амалдарының бірі болғандығын ұмытқан сияқтымыз.
“Еуропа өктемшілдерінің “номад” терминіне үлкен саяси мән беріп, оны шамасы келгенше ғылыми айналымда мығым бекемдеуге ұмтылғанын естен шығарғандаймыз…»
Қазіргі таңдағы қазақ ғылымының негізі әлемде қандай деректер кітапқа түсіп жазылса соны құндылық деп бірінің пікіріне екіншісін жалғап, қалайда ғалымдық атақты қорғауға дерек болып саналады да осындай пенделер қазақтың ақпараттық көшін басқарушы болып саналады. Сонымен; «Ғалым-антрополог тағы бір “Орыс тілінің түсіндірме сөздігін” жасаған Сергей Ожеговтың әйгілі еңбегінде “номад” атауының тіптен жоқ екенін айта келе, “кочевник” терминінің мағынасын “көшпелі өмір салтымен күн кешетін адам” (человек, который ведёт кочевой образ жизни) деп түсіндіргенін алға тартады.
Академиктің сөзіне сүйенсек, бұл күнде ресми “номад” тайпаларының қатарына негізінен тибеттер, бәдәуилер, мауори, химба, туарег, масай, пигмей, банджар жұрттары, австралия аборигендері және тағы басқалары жатады.».
Қазақтың рухани жағдайын осындай көш басшыларының көзімен қарасақ: «Академиктің айтуынша, қазақ халқының атауына “номад” деген сөзді қосу әділетсіздік, қазақ халқының этномәдени тарихын қорлау. “Номад деген сөздің мағынасын түсінбей, орынсыз пайдаланып жүрген адамдар бізді қайран қалдырады. Бабаларымыз да, өзіміз де номад тайпаларының өкіліне жатпаймыз. Бұл сөзден біздің тарихымыз да, халқымыз да аулақ болуы керек. Әлбетте, өз халқымыздың ұлттық тарихын қорлағымыз келсе пайдалануға болады». Сонымен адамдық тектілігіміз, яғни ғылымды болуымыз сөз ұғымдарын өз орнымен пайдалануға тәуелді екені де сөзсіз, акедемик мырзамен де бұл тұрғыда келісу керек, Құранда да мұны ашық ескерткені хақ.
Ал енді неге осы номад деген сөз ұғымы қазаққа ғана тән болып қалыптасты деген сауалға; «Осы мәселеге қатысты тарих ғылымдарының докторы, Еуразия ұлттық университетінің профессоры Алтайы Оразбаеваның пікірін сұрадық. Тарихшының айтуынша, “номад” деген бұл бөгде мәдениеттердің бізге қойған атауы…. Осы уақытқа дейін қазақ деген сөздің қай кезден бастау алатынын тарихи деректерден іздеп келеміз. Неге осы сөзді жиі кездестірмейміз? Өйткені бізді өзгелер басқаша атап, біз өзімізді қазақ деп келген болуымыз мүмкін”, — дейді тарихшы.
Сөйтіп, Алтайы Иранбекқызының тұжырымынша, өзгелердің бізді “номад” деп атауын түсінуге болады. Әрі шетелге шыққанда да тарихшыларға осы терминді пайдалануға тура келеді. Бірақ, профессордың пікірінше, қазақтардың өз-өзін “номад” деп атауы, шын мәнінде сауатсыздық.» деген қазақ ғұламаларының тұжырымы шығыпты.
Сонымен бұл қысқаша ғана қазақ ғалымдарының яғни бүгінгі күнгі ел биліктің жалпы қазақ ұлтының рухани айнасынан біздің Номадтығымыз – ұлттық сипатта надандығымыздың бейнесі болып шықты. Енді жалпы рухани тұрғыдағы біздің адамдықты сақтаумен ғылымды меңгерудегі суаттылығымыз (сауаттылық емес) қандай деген сауалға Раббымыздан түскен уақи, аяндармен аруақтардан келген хабарлармен жүйелеп көрсек. Жалпы нәсіл, тек ұғымдары құранда түскен бұл бір ғана ұлттың емес әлемдік тұрғыдағы ортақ рухани қуаттық жүйеге жатады. «Седерді тектеріңді тану үшін үш қараңғылықта жараттым» деген аятта.
Нәсіл — текті құраушы негізгі адамдықтың дәрежесі болып жалпы әлемде 4 тек, 4 нәсіл негізі болып; 4 аналық текпен бейнеленеді. 12 санының барлық уақыттық мезгілдің негізі болып саналуы да қазақтағы 12 санмен мүшел қайыру да осыған байлынысты. Әл-Фараби атамыз; «Ай астында төрт тек бар, Астыңа жайған төсектей, Аспанда жалғыз әсер бар, бір өзі көпке есептей» деген сөзін негізге алсақ, Адамдықтың осы бес сатылық дәрежесі ең жоғарғысы аспан денелермен байланыста тұру болып шығады.
Сонымен нәсіл адамзаттың жаралысының негізі болып, мұны әлемдік философияда «РАСА» деген ұғымға келетінін байқауға болады. Қандай ұлт болмасын осы 4 нәсілдік белгімен 4 қандық сипатпен белгілі бір ұлттық тектілікті қалыптастыруы шарт. Негізінде Раббымыздың ескертуі бойынша, қазақ ұлтында 3 қана қандық топ болып 4-қандық топтар кейіннен пайда болған. Неге десеңіз қазақ ұлты әлемдегі жанды көбейтуші, Адамдықтың ең жоғарғы сатысын қалыптастарушы ұлт болып саналамыз. Сондықтан жанның өркендеуінің 3 кезеңі болып, біздерге төртінші топпен білімді меңгеруге әлемге жалғануды көп замандарға Алла тағала тарапынан кешіктірілгені сөзсіз.
Енді нәсілге келсек; Көк нәсіл, Ақ нәсіл, Қара нәсіл, Көгілдір нәсіл болып төрт сипаттан тұрады. Немістердің «Голубая нация» деп өздерін атауында да осындай сыры бар. Бұл нәсілдік белгілердің қалай жүктелуімен оған белгілі бір ұлттардың қылық әдеттері де, көлеңкесі қоса жалғанатынын ата жолы жазбаларында баяндадық. Нәсілдердің тәрбиесін Ниса-Сипаттау сүресімен 176 санмен байланысты да құпия сыры бар. Ал енді тек ұғымына келсек ол жалпы адамзатта; Есту, Көру, Ойлау, Сөйлеумен яғни тілмен байланысты ұлттық сипатымыз пайда болады.
Бұл тақырыпты болашақта терең зерттеп әлемдік тұрғыдағы өлшемдерінде баяндай жатармыз, әзірге қазақтың нәсілі негізінде «Ақтан аят, Ақ сөйле» дегенмен Ақ нәсілді құрайды. Енді нәсілдік ақтығымызды толық меңгерумен ғана біздер номадтық сипатты болып саналмыз. Номад ақ нәсілдің бастауы болып, оның ең жоғарғы сатыларын; ақ арыс деп атап онан пайғамбарлар, елшілер, даналар пайда болып Адамдық тектің негізін құраушы болып бір текке айналады. Сол сияқты әр ұлттың ішінде адамдықтың деңгейі әр түрлі болып, ең төмені қара нәсілге де айналуы заңдылық.
Қазіргі таңда қазақ ұлтының ең жоғарғы адамдығы ғалымдар, ел билеушілердің басым бөлігі қара нәсілдік жүйемен байланған және соған қарай тартылу саясатын ұстануға; «Атыңды қазақшала, үш тілмен ғылымды болу, латын таңбасына ауысу» деген сияқты ұрандатушылар қара нәсілдік жүйеге жалғануға деген құштарлықтан туындап жатқаны да хақ. Сондықтанда «номад» деген ұғымның төменгі нәсілдік жүйеге жалғанғандарға қорқыныш болып, оны қалайда терістеуге, ібілістің теріс ойын тықпалалуға қазақтың білімді қоғамы, ел билеушілерінің қарсылықпен ата жолын, ата дәстүрін қалайда тұншықтырумен шұғылданып жатқаны да заңдылық.
Номадтық белгі нәсілден ақтан басталып, пайғамбарлық қасиеттермен Адам атаға тікелей жалғану, сөз ұғымдарын жоғарғы саналық деңгейде меңгерумен байланысты. Және мұны құранның жеті үнімен жалғанумен маңдай көздің ашылуымен номадтық тектілікке толық жалғанып, бірақ оны бекіту үшін өмірге номадтық ұрпақты яғни текті сақтаушы әкелу керек. Мұны ақ бақсылықты Ясауи бабамыздың қалдырған мирасын сәни дәптерді меңгерумен ғана нәтижесін береді. Оны енді жоғарыдағыдай акедемик, ғылым доқтыры, хазірет дәрежесін, әлемнің білімін жинап алып шенденгендер өздері рухани өлмей Құдайдың азабына ұшырамай жол бере ме? Оны жалпы қазақ қауымы қажет етпейді де бүгінгі таңда. Қысқаша Номад туралы аз ғана ұғымды осымен тәмәм қыла тұрамыз. Бірақ осы қауым ел билеушілер әлемде ендігі оншақты жылда мазаққа қалып, ұрпақтары менің әкем, шешем ғалым, ел билеуші немесе ақын жазушы болған деп мақтана алмасы да хақиқат!
(Шілде 2019 жыл)