2019 жылғы 20-22 маусым аралығында Қабанбай батыр зиратын іздеуге шыққан топ, 22 маусымда кештетіп қол жеткізді. Қабанбай батыр зираты табылды. 10-13 қазан аралығында арнайы керуенмен шығып, Қабанбай батыр ауылында қара малдан құрбандық шалынып, ас беріліп, басына белгі қойылды.
Сонымен қатар, Бабамыздың айналасында (Қабанбай батыр қорымында) жерленген 32 сарбаздың деректері белгілі болды.
Қабанбай батыр бабамыздың зиратының дер кезінде табылуы еліміздегі билік транформациясының оңтайлы өтуіне қолдауын тигізді. Баба аруағының соңына ерген жауынгерлер аруақтары сапқа тұрып, халықтың толқуын басып, арам пиғылдылардың әрекетіне тосқауыл болды, қолдауын салды.
Төменде бейнежазбаларда сапар барысы жайында толық баяндалған.
Қабанбай батыр қорымындағы аруақтар дерегі:
1. Ықтасын-Қара Керей. Палуан;
2. Қарғажан-Қаңлы. Бес қару өнер иесі;
3. Зейнел-Арғын. Асқан ақыл иесі. Құс тілін меңгерген;
4. Төбе (Шірікбай)-Арғын. Зіл қара жүк көтеруші. Бес таңба кітабын меңгерген шежіреші;
5. Қалижан-Қоңырат. Тектұрмас атамен туысқан. Білекті батыр;
6. Қырмызы-Адай қызы. Ат бегілік қасиет пен ою-өрнек шебері, инесі қолынан түспеген;
7. Өкіл-Арғын Бәсетин. Таңбаны оқушы. Жаурыншы көріпкел, сынықшы. Қара күш жындарды байлаған бақсы;
8. Торғайбек-Найман. Үкілі Ыбыраймен туысқан, домбырашы. Сөзге шешен, ділмар;
9. Сарқыт-Ескелді бимен туысқан. Мерген ат үстінен түспеген;
10.Өсержан-Қара Керей. Қабанбай батырмен аталас. Қылыш, найза, шоқпардың шебері;
11.Бейімбет-Кіші жүз Байұлы. Көз қырағылы шолғыншы, із кесуші, жеңінен кездігін тастамаған;
12.Пірназар-Дулат. Дәлет иесі. Қызыр қонған. Жаурыны жерге тимеген палуан;
13.Шілік-Сунақ. Апайтөс, бір түйені көтеріп кететін күш иесі;
14.Тоқтасын-Найман, Қара Керей. Әскери соғыс өнерінің шебері, айла тәсілі мол. Қырағы көз. Оң жұдырғы үлкен, зілді жұдырықты;
15.Құрал-Қырғыз руынан. Жүніс пайғамбарлық қасиетті. Тылсымнан хабар, шындық келтіруші;
16.Дәмежан-Қыпшақтың батыр қызы. Күш қайраты еркектерден кем түспеген жігіттерді алып соққан палуан;
17.Жаңбыршы-Найман, Қара Керей. Аттарды емдеген шипагер. Жара таңып тез сауықтыра білген;
18.Тілеген-Арғын. Киесі киік әулиелігі болған. Домбырашы;
19.Арқауат-Тобықты. Соғыс өнернің шебері. Арқасының түгі болған;
20.Бөде-Найман. Суырып салма ақын, Құмай тазыларды баптаған. Тау тастан жол тапқан ізкесуші;
21.Шынқуат-Қыпшақ.Оң-солды қаруды пайдаланауды жетік меңгерген. Бір көзінде ағы, тебілі болған;
22.Шаймерден-Арғын.Көкжал қасқыр киесі. Айтқаны дәл келетін, дуалы ауыз қасиеті бар. Құпия сырларды танушы;
23.Үкібай-Ақтөбелік Дербісалы әулиемен туыстас. Білекті батыр, Жас бозбала 15 жаста;
24.Таскескен-Арғын Атығай.Сөзге шебер шешен. Қылыштасу өнерін жетік меңгерген;
25.Дүрия-Жалайыр. Үкілі қыз. Түс жорушы. Ат үстінде қаруды жетік меңгерген;
26.Ерназар-Шапырашты.Жас жігіт. Палуан қару өнерінің шебері. Қылыштасуды жетік меңгерген;
27.Жәпек-Кіші жүз батыры (Күнгей) Жаурыны қақпақтай. Жұдырғы тигенді оңдырмаған;
28.Бибіжар-Найман. Жез таңдай әнші. Добырашы. Садақшы болған;
29.Себелек-Уақ. Соғыс өнерімен айла тәсілдерін жетік меңгерген;
30.Тұмар-Арғын. Садақшы. Бұғалық тастаудың шебері. Жауын арттан келіп аттан түсіріп отырған;
31.Марғұлан-Арғын.Қылыштасу, найзаласу шебері;
32.Тоқсаба батыр- Қабанбай батыр ұрпағы Қызай тегінен кейіннен жерленген.
Ресейде аристократтар, ақсүйектер арасында жақсы дамыған Родология ғылымымен қызыққаныма бірер жыл болды. Бұл ілімнің Қазақстан шекарасына еніп, белгілі бір әуесқойлық танытушыларға тпныстырыла бастағанына көп болған жоқ. Оның үстіне Ресейден бізге жеткізуші ұстаздар негізінен орыстілді қазақтар екен. Кеше-бүгін қалай кіргенім есімде қалмады, сіздердің видеоларыңызды тыңдадым. Керемет ақпараттар алдым. Белгілі родолог-тектанушы ғалым Докучаев мырза көзі тірісінде қазақ жеріне бірнеше рет келіп, шежірені зерттеп, «ғажап» деп тамсанумен кететінін естігем. Кеше-бүгін Тоқгелді атаның ілімін тыңдап, түйсік деңгейіндегі бағытымның дұрыс екеніне қуанып отырмын. Тек бір алаңдайтын тұсым — «аққу-сұңқар» деген топқа ілесіп, дүдамалдау күйге түсіп, күні бүгінге дейін не ойын, не өмірін жинақтай алмаған бірқатар жақын таныстарым бар. Сіздерді тыңдап отырып ұққаным — олар о бастан-ақ өздерінің негізгі миссиясын түсінбеген сияқты. Қабанбай батыр аруағынан келген аянда айтылғандай — бұл жолға екіжүзділіктен, менмендіктен мейлінше тазарып барып келуі керек сияқты. Алла разы болсын сіздерге! Бабалар аруағы қолдасын!