АТА ЖОЛЫ ЕСКЕРТЕДІ!!!

  1. Діни уағыздарды тыңдай беруді тоқтату керек. Қазір не көп діннің атын жамылып уағыз айтқыштар, пәтуа айтқыш «діншілер» көбейіп кетті. Олар Құдайдан хабар алуды білмейді. Оның орнына өзіңді зертте, тануға әрекет жаса. Тегіңді таны, түбіңді ізде. Бабаларыңда қандай қасиет болған, ол қан, қасиет сенің бойыңда да бар. Тарих қойнауынан бүгінге жеткен бабалар дәстүріне мән бер, философиясын зертте, ізден. Өлім мен өмірдің қадыріне жет. Бабаларыңның Аруағына Алланың алдындағы тағзым ет. Олармен байланысудың, кітаптарына жалғануды меңгер, аянға жалған. Бұның бәрі бүгінгі күнге дейінгі жазылған Ата жолы жазбаларында айтылған. Құранның қазақшасын оқы… Кез келген ізгі амал тазалықтың жоғарғы дәрежесі Тақуалықтан бастау алады. Көрінгенге ілесіп әулие кезуді доғар, зиярат етудің талап –тәртібі сақталмаса ондай жерден жақсыны сұрап барып, жаманды ілім кетуің мүмкін.
  2. Ел билікке қарсы шығуды, оппазициялық бағытта ойлауды, сөз қылуды қысқарту керек. Олар да халықтың бір бөлшегі, халық ортасынан тірбиеленіп шыққан ұл мен қыз! Арандатушылардың сөзіне еріп, көшеге шығып (митинг) халықтың да берекесін алып, өзіңнің де берекеңді қашырудың қажеті шамалы екенін түсін. Оның есесіне Ата-баба аруағыңа бағыштап құрбандық шал, садақа бер. Олардың тылсымда бас көтеруі Ақ қуатқа айналып, елімізде жайлаған Қара қуатты ысыруға жәрдемі болады. Соның арқасында Ел билікте отырған арамза-жемқорларға (олардың отбасына, ұрпағына, өздеріне) сынақ түсіп, ұрлап тыққан дүниелерін халық жолында шашуға алып келеді.
  3. Соңғы кездері желілерде Елбасы – Н. Назарбаевқа ашықтан-ашық өлім тілеушілер көбейіп кетті. Ол өлгенімен қара жер тоя ма?! Басқан қадамың мен айтқан сөзің үшін жауап беретін уақыт бар, сол маңызды, осыны ойла… Өзгеге өлім тілегенше өзіңе өмір тіле, ұрпақ амандығын ойла…

Әлемде не болып жатқанын күнделікті жаңалықтардан көріп-біліп отырмыз. Әлемді қойып, өз елімізде де алапат табиғи апаттар, соғыс болмағанның өзінде, елімізде жас өлім көбейіп тұр. Ем қонбайтын аурулар, іштен туа мүгедек балалар дүниеге келуде. Құдайдың ескертуі қанша түскенімен бүгінде оны танитын теолог, философ-ғалымдар жоқ, болса да қара құлқынның қамынан аса алмауда.

Әрине ойлану керек. Іздену керек. Себебі неде?

Себебі, тектен ажыраудан, түбіңді жоғалтудан. Әруақтарыңнан ажыраудан, немесе олардың тозақтан шыға алмауынан.

Не істеу керек?

Барлығы да тәртіп пен тәрбиеден басталады. Батысқа еліктеп батқанды тиып, етек жеңді ұзартудан дәстүрге сай тәрбиені нығайтудан, арамнан тиылудан басталады. Өлілеріңді (әруақтарыңды) жиі еске алып, оларға арнап құрбандық шалуды, аптасына шелпек пісіріп, құран оқуды әдетке айналдыру керек. Тегіңді іздеп, ата-бабаларыңда кезінде қандай қасиет меңгерген соны байқап, мүмкін бар қиыншылық сол қасиеттің ұрпақтарының ескеруінсіз қалып, меңгерілмеуінен болмауына көз жеткізу керек.

Қазір Ата жолының мектебі қалыптасты, 11 атаудан тұратын 33 кітаптар жүйесі баспаға шығуға дайын. Кел, оқы, ізден! Өзіңді, ұрпағыңды құтқар!

#atazholy

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.