Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың замандасы, Қожа Ахмет Иассауидің ұстазы (пірі) саналады. Аңыз бойынша Арыстанбаб Мұхаммед пайғамбардың аманат қылып берген киелі құрмасын тілінің астына сақтап келіп, Қожа Ахмет Иассауи өзінің хиқметтерінде: «Саған келіп түнесін, маған келіп тілесін» деген өсиетінде кіші қажылыққа бет бұрғандар ең алдымен «ұстазға бас иіп, басына түнеп шығуы тиіс» – делінеді. Арыстан баб отыз үш дінді көріп-біліп, соның ішінен тек исламға ғана мойын ұсынған екен. Ғимараты Ақсақ темір әмірімен соғылған.