Үстіміздегі жылы, яғни 2019 жылдың 17 тамызында Абылай хан бабмыздың зиратының табылғаны тұралы халыққа сүйіншілеген болатынбыз. Және тиісті орындарға хабарлама беріп, олардан арнайы мемлекеттік деңгейде тиісті тарихи, ғылыми зерттеулер жүргізуге де шақырғанбыз.
Бұл жөнінде Еліміздің Президенті – Қ. Тоқаев мырзаға да және оның айналасындағыларға хабарлағанбыз. Олардың құлағына жеткеніне сенейік…
Денгенмен, мемлекет тарапынан ресми түрде хабарлама болмады.
Сонымен қатар, ерекше атап өтер болсақ, ол – Абылай хан қорымындағы 17 сарбаздың, қашық емес жерде жатқан 7 әулиенің бізге белгілі болуы. Толық мән-жайды астындағы бейнежазбалардан таныса аласыздар.


Атақты Шыңғыс ханның 27-інші ұрпағы, Абылай ханның немересі, қазақ халқының соңғы ханы – Кенесары Қасымұлы 1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келіп, 1847 жылы Қырғызстанның Жетіжал жотасының оңтүстік алабындағы Кекілік – Сеңгір аңғарында шәйіт болды. XIX ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалысы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» кейінгі бабаларымыздың елі мен жерінің біртұтастығын қорғап қалудағы қатты наразылығы, қазақ мемлекеттігінің тарихындағы ұлы оқиға болды.