Киіз үй атаулары.
№ |
Атауы |
Түсінік |
1. |
Абылайша |
Керегесіз, уықтан тігілген шағын киіз үй. |
2. |
Ақ шаңқан үй |
Сүттей ақ, аппақ киіз үй. |
3. |
Ақтағыр |
Екі қанатты, екі үзікпен жабылатын шағын киіз үй. |
4. |
Жаппа |
Керегесіз, киізбен жабылған баспана. |
5. |
Жолым үй |
Уыққа киіз жауып, уақытша тігілген шошақ үй. |
6. |
Қара құрым үй |
Киізінің тозығы жеткен, ескі үй. |
7. |
Қара үй |
Киіз үйді кейбір жерде қара үй деп атайды. |
8. |
Қараша үй |
Қоңыр түсті, жыртық, тесік, ескі үй. |
9. |
Орда |
Еңселі, салтанатты киіз үй. |
10. |
Отау |
Ұлға енші беріп, бөлек шығарған киіз үй. |
11. |
Тоңқайма |
Бірнеше уықпен ғана көтерген киіз үй. |
12. |
Ұраңқай |
Уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген киіз үй. |
Киіз үйдің сүйегі.
№ |
Сүйегінің бөліктері |
Құрамдас бөлшектерінің атауы |
1. |
Шаңырақ |
1.Бақалақ. 2.Күлдіреуіш. 3.Қаламдық. 4.Табақ. 5.Тарам. 6.Тоғын. |
2. |
Уық |
1.Қалам. 2.Қары. 3.Иін. 4.Уық бау. |
3. |
Кереге |
1.Балашық. 2.Ерісі. 3.Желі. 4.Көк. 5.Қанат. 6.Сағанақ. |
Киіз үй жиһаздары
№ |
Атауы |
Түсінік |
1 |
Абажа |
Ас,тағам салуға арналып жасалған сандықтың (кебеженің)үлкен түрі |
2 |
Абдыра |
Киім-кешек,әр түрлі бұйымдар салатын үлкен сандық.. |
3 |
Ағаш төсек |
Жату үшін пайдаланатын үй жйхазы. |
4 |
Адалбақан |
Киім және т.б. үй мүліктерін ілуге арналған жиһазы. |
5 |
Асадал |
Тамақ пен ыдыс-аяқ сақтауға арналған үй жиһазы |
6 |
Бөгіре |
Кішкене қол сандық(шай жабдықтары үшін) |
7 |
Жағылан |
Былғарыдан істелген сандық. |
8 |
Жоза |
Жерге отырып,тамақ ішуге арналған аласа үстел. |
9 |
Жүк аяқ |
Жүк астына қоятын төрт аяқты бұйым. |
10 |
Кебеже |
Ас, тағам салуға арналып, ағаштан жасалған үлкен сандық. |
11 |
Сандық |
Әр-түрлі бұйым салуға арналып,ағаштан не металдан жасалатын үй жиһазы. |
Киіз үй жабдықтары
№ |
Атауы |
Түсінік |
1 |
Аяқбау |
Көшер кезде уықтардың аяқ жағын буып байлайтын жіп. |
2 |
Бақан |
Киіз үй тікенде, шаңырақ көтеруге,үзіктер мен түндіктерді көтеріп жабуға керекті ашалы ағаш. |
3 |
Бас арқан |
Киіз үйді желден,дауылдан сақтауүшін,туырлықты бастыра,қазыққа байлайтын арқан. |
4 |
Басар |
Қатты жел тұрғанда,киіз үйдің үстіне бастыра,қазықтарға байлайтын ұзын екі арқан. |
5 |
Басқұр |
Керегелердің бастарын тартып,үйді айналдыра байлайтын жалпақ бау. |
6 |
Белбау |
Киіз үйдің туырлығын керегеге бастыра тартатын ұзын арқан. |
7 |
Белдеу |
Туырлықты айналдыра буатын арқан. |
8 |
Дөдеге |
Сән үшін үзіктің шетіне айналдыра бастыратын өрнектелген киіз. |
9 |
Жел арқан |
Киіз үйдің жел жағына байлайтын арқан. |
10 |
Желбау |
Дауылды жел болғанда,шаңырақты тартып байлайтын бау. |
11 |
Құр |
Киіз үйдің керегелері менуықтарын және үзіктің ішкі жағын байлайтын ені 2-3 елідей, тоқып немесе есіп жасалған жалпақтау бау. |
12 |
Тегеріш |
Киіз үй керегесі, уығының сыртынан қысып,айналдыра ұстайтын әрі сәндік қызметін атқаратын жалпақ бау. |
13 |
Туырлық |
Уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз. |
14 |
Түндік |
Киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз. |
15 |
Уыққап |
Көшкенде, сынбас үшін,уықтардың екі басына кигізілетін киіз. |
16 |
Үзік |
Уықтың үстіне жабылатын киіз. |