Жақсы мінез – ешкімге қиыншылық тудырмау және басына келген қиыншылықтарына төзе алу деген сөз.
Жақсы мінезді адам баршылықта да жоқшылықта да риза қыла алатын адам.
Жақсы мінездің ең төмен дәрежесі қиыншылықтарын білдіртпеу, жасаған игіліктерінен еш қарсылық күтпеу, барлық адамдар алдында мейірімді болу дегенді білдіреді.
Жақсы мінез – халалды іздеу мен харамнан қашу, басқа адамдарға жақсы әрекетте болғандай, жеке отбасында да игі болып қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады.
Жақсы мінезге жаратқан Алланы мен онын жаратқандарын қош көріп, олардан келген қиындықтарға сабыр етуді айтамыз
Жақсы мінезділік – Алла Тағаладан разы болу деген сөз.
(Жақсылықпен жаманшылықты тек Алладан деп білу, берген нығметтеріне шүкіршілік етіп, қиыншылық түскенде сабыр ету – Аллаға разы болу дегенді білдіреді).
Бір мұсылманға қабағын шыту – харам болады. Жылы жүзді болмау да мүміннің сипатына жатпайды. Сондықтан да барлығына жылы жүзді болу керек. Хадис шәрифте: «Аллаға қиямет күніне иман келтірген адам, келген қонағы мен көршісіне қонақжайлылық танытсын және қайырлы сөз сөйлесін немесе үндемесін» — деп бұйырылған. (Бұхари)
Басқаның жаман мінезіне шағымданған адам өзінің жаман мінезді екенін білдіреді. Ал біреудің жаман қылықтарын әңгімелеуіміз, бұл өзіміздің жаман екндігіміздің белгісі. Көркем мінез деп қиындықтарға төзе білуді айтамыз. Көркем мінездің белгілері мыналар:
Ынсапты болу, досының қатесін көрмеу, жақсы көз қараста болу, ол жайында жаман ойда болмау, айналасынан келетін қиындықтарға төзе білу, олардан шағымданушы болмау, әрқашан өзінің кемшіліктерін жоюға тырысу, өзін-өзі айыптау, жылы жүзді болып барлығымен жақсы қарым – қатынаста болу.
Жақсы мінезді адам: аз сөйлеседі, ешкімді ғайбат етпейді, Алла үшін жақсы көріп, Алла үшін дұшпандық етеді, аманатқа қиянат жасамайды, көршісімен айналасындағыларға қамқор болады.