Құдайдың құдіреті күшті. Әйткенмен, алты ғасыр жер астында жатқан құмыра адамша сөйлеп кетеді дегенге сенесіз бе? Жоқ , ол Сүлеймен пайғамбардың жын қамаған сиқырлы көзесі емес. Кәдімгі , қарапайым қыш ыдыс. Бір қызығы, «тілін» тапсаң, сөйлемейтін нәрсе жоқ екен…»
Жаңа технологияның дамуымен бірге археология- тарих ғылым ерекше бағыт алып барады. Жақында Орал қаласында баспасөз мәслихатын өткізген археолог ғалымдар таңғажайып жаңалықты жария етті. Қазақстанда тұңғыш рет палеофонографиялық және стереофотограмметриялық технология әдісімен бұдан 670 жыл бұрын шыққан дауысты қайта есту мүмкін болған!
Еділ мен Жайық арасы — ортағасырлық Алтын Орда хандарының емін – еркін көшіп – қонған құтты қонысы. Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданы аумағында жатқан Мұқыр (қазір Айдархан) қонысы археологтардың көзіне ертеден -ақ түскен Алтын Орданың дәуірлеген заманында,Өзбек пен Жәнібек хандардың билеген кезінде (1320-1350 жж) пайда болған қорымды оралдық археолог ғалымдар Ғ. Кушаев пен В. Железчиков 1974-1975 жылдары бастап зерттеп, екі жыл ішінде 17 қорғанды қазған екен. Сол қорғанның бірінен табылған құмыра қазір Дариян ауылындағы Шолохов музейінде сақтаулы тұр.