Бүкіл әлем — күрес алаңы

Тарих дегеніміз рухтың
қолтаңбасы, ел жанының
талпынысы.

(Гегель)
Ой әлеміне беріліп батпайынша
Хақиқаттың майданына кіріп болмас.

(Құл Кожа Ахмет, 66-хикмет)

Бұл кезде кез келген адамнан михраб не деп сүрай қалсаңыз, сөз жоқ ол мешітте имам тұратын алдыңғы орын деп жауап береді. Бұл солай екені де рас. Ал, сол сөздің сонау алғашқы, түпкі мәніне ой жүгіртсек, ол — күрес алаңы, соғысатын майдан деген мағына береді екен. Көкірегіңізге дін жолын, иман жолын түйіп, қүдайға құлшылық етуге тұрғанда сізді өрдайым шайтан азғырады, дүниәуи тіршіліктер етектен тартып, ойыңызды алаң етеді. Әлгі соғыстың мәнісі сол шайтанның азғыруына түспей, өзіңнің жан дүниеңді ізгілікке бағыттау. Ал, мұның өзі оңай бола қоймайды. Сол үшін үнемі тас түйін болып майданға шыққандай боп, соғыс алаңында жүргендей болып әрдайым жеңісті ғана ойлауға тырысу керек.

Толық оқу…

kelin-salemi

Келін сәлемінің сыры

kelin-salemi

…Мезгіл түске таяп қалған. Газ плитасына шай қойылып, қайнағанша бүгінгі газеттерді қарап отыр едім, есік сынып кетердей тарсылдады. Үйде жалғыз отырған соң әрі әдеттегіден тыс мына тарсылдың өзгешелігі шошытып жіберді. Тапа-тал түс болса да есікке келіп:
— Бұл кім? — дедім.
— Мен! Атаңмын! Бар, киін! — деді күн күркірегендей үн есіктің сыртынан. Алғашқы қорыққаным қорыққан ба, зәрем ұшты. «Бар, киін» деген сөздің байыбын бірден ұға алмай, үйде киіп жүретін халатымның түймесін бір салып, бір ағыттым. Киім салатын шкафқа жүгірдім. Сасқалақтап, киімдерімді жұлмалап, әлекке түстім де қалдым. Дегенмен өзіме-өзім «сабыр-сабырлап» үстіме жеңі ұзын көйлек, басыма орамал, аяғыма шұлық тауып кидім. Барып есік ашып, ата-бабамның салтымен иіліп сәлем салдым.
— Бақытты бол, балам! — деп қолын болар-болмас басыма тигізіп, бөлмеге кірді. Ата жалғыз емес, қасында бір кісі бар, өң-түсінің қандай екенін көргенім жоқ, бірден басымды көтеруге батылым жетпеді…»

(З.Ахметова. «Шуақты күндер»)

Толық оқу…