Қайтыс болған адамның жылы өтіп, асы берілгенсоң, оның жыл бойы қара жамылып қайғырған отбасы әдеттегі өмір тіршілігіне араласуға тиіс. Бұл «тұл аудару» салты арқылы жасалады. Қара жамылған соң, марқұмның киімдері оңына қаратылады. Ер – тұрманы ең жақын досына не болмаса мұраға беріледі. Әйелі, қыздары бүркейін алып, жақсы киімдерін киюге рұқсат етіледі. «Тұл аудару» салтына марқұмның ет жақындары, балалары, сыйлас – бастас адамдары қатысып, дұға оқылады, бата жасалады. Ақсақалдар үй — ішіндегі адамдарға, әйеліне, балаларына ақыл айтып, жақсы тілек білдіреді. Сол күннен бастап, отбасы адамдары «өлгненнің соңынан өлмек жоқ» деп қызықты өмір тіршілігіне кірісіп кетеді.