Топырақ салу (дәстүр).
Сен қалған отыз ұлдан едің Зәуреш,
Бір уыс бұйырмады топырағың. (Зәуреш)
Қайтыс болған адамды жерлеу кезінде топырақ салу мән – мағанасы зор ғұрып. Егер жақын адамдары қайтыс болғанда топырақ сала алмаса, ол үлкен арманда қалдым деп өкінетін болған. Дер кезінде болып марқұмға топырақ салуы — әр адамның көңілінің жақындығы, туған жерінен топырақ бұйырса» деп тілек тілеп отырады. Топырақ салушылар марқұмға « топырағың торқа болсын» дейді. «Бөжейдей жұрт жоқтаған жанға топырақ салмай қалған жалғыз Құнанбай айналасы болды» (М.Әуезов).