Оқымыстылардың пайымдауынша, Жер өзін мекендейтін бүкіл тіріжандылар, оның ішінде сіз бен біз сияқты, тіршілік етеді. Жер де кей-кейде тірі организм сияқты ауырсынып, күрсінеді, ашуланып, бұлқан-талқан болады.
Геологтар жазып алған тозақ үні
1980 жылдары бұрынғы Кеңес Одағында оқымысты-геологтар жерді 12 шақырым тереңдікке дейін бұрғылап, тозақтың тура үстінен түскені туралы естіп пе едіңіз? Естімесеңіз айтайық, кеңестік бұрғышылар скважинаға микрофон байлап түсіріп, тозақы болған миллиондаған адамдардың қорқынышты дауыстарын жазып алған. Жақында осы дыбысжазбаны біз де өз құлағымызбен естідік. Бұрғышылардың жеті қат жер астынан жазып алған даусынан шынымен де миллиондаған адамдардың қинала шыңғырып, шуласып жатқанын тап-таза естисіз. Еріксіз денеңіз түршігеді.